"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 362 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттiк қызмет «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңның 2 және 4-баптарына, «Халықтың көшi-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңның 9 және 49-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063қаулысымен бекітілген Халықты құжаттандыру қағидаларына сәйкес көрсетiледi.»:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттiк қызмет мерзiмдерi:
      1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған және өтiнiштiң қабылданғаны туралы талонды алған сәтiнен бастап – күнтiзбелiк 60 күн;
      2) Қазақстан Республикасына көшіп-қону квотасына сәйкес келген шетелдіктер қажеттi құжаттарды тапсырған және өтініштің қабылданғаны туралы талонды алған сәтінен бастап – күнтізбелік 10 күн;
      3) мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде тұтынушының кезек күтуiнiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      4) тiркеудi жүзеге асыру кезiнде алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 30 минут.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы:
      1) «тұрақты тұру үшiн» санатындағы визасы бар адамдар:
      Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелерi мен көшi-қон полициясы бөлiмшелерi беретiн «тұрақты тұру үшiн» санатындағы визасы бар жарамды паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын;
      өлшемi 35x45 мм екi фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген болуы тиiс әрi адамның бетi фотосуреттiң жалпы алаңының 75%-ға жуығын алуы тиiс);
      2) Қазақстан Республикасында өзге де заңды негiзде уақытша болатын адамдар:
      бланкiсiн көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi беретiн өтiнiш-сауалнаманы;
      келген елінде соттылығының бар болуын не жоқтығын растайтын құжатты;
      кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретiнде болуы мүмкiн шетелдiктiң азаматтығы мемлекетiнiң жазбаша келiсiмiн;
      жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын;
      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары беретiн медициналық куәландыру туралы ресми анықтаманы;
      Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде төлем қабiлеттiгiн растау туралы белгiленген үлгiдегi құжатты;
      өлшемi 35x45 мм екi фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген болуы тиiс әрi адамның бетi фотосуреттiң жалпы алаңының 75%-ға жуығын алуы тиiс) ұсынады.
      Көшіп-қону квотасына сәйкес Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мынадай құжаттарды:
      көшіп-қону квотасына қосылғанын растайтын құжатты;
      бланкiсiн көшi-кон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi беретiн өтiнiш-сауалнаманы;
      кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретiнде болуы мүмкiн шетелдiктiң азаматтығы мемлекетiнiң жазбаша келiсiмiн;
      жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын;
      өлшемi 35x45 мм екi фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген болуы тиiс әрi адамның бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиiс) ұсынады.
      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан және азаматтығы жоқ адамның мәртебесін немесе шет мемлекеттің азаматтығын алған азаматтар елден тыс жерге шықпай мынадай құжаттарды:
      бланкiсiн көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi беретiн өтiнiш-сауалнаманы;
      жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын;
      мекенжай анықтамасын;
      мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек;
      өлшемi 35x45 мм екi фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген болуы тиiс әрi адамның бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75 %-ға жуығын алуы тиiс) ұсынады.
      Ескертпе:
      Оралмандардан, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған отандастардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатып алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерiнен 2) тармақшаның жетiншi абзацында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi.
      Iшкi iстер органдары құжаттарды заңды және жеке делдал тұлғалардан қабылдауды жүзеге асырмайды.
      Тiркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы оң шешiм шығарылған жағдайда тұтынушы көшi-қон полициясы бөлiмшесiне:
      шетелдiктi не азаматтығы жоқ адамды тiркеуге келiсiм беретiн адамның азаматтарды тiркеу кiтабын;
      мемлекеттiк бажды төлегенi туралы құжатты;
      бланкiсi көшi-қон полициясының бөлiмшелерiнде берiлетiн толтырылған мекенжай келу парағын;
      бланкiсi көшi-қон полициясының белiмшелерiнде берiлетiн келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын көрсетедi.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Көшіп-қонушыларға:
      1) заңсыз келгендерге, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған адамдарға;
      2) сотталғанға дейiн тұрақты тұратын жерi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
      3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға;
      4) оралмандарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған отандастарымызды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатып алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде табыс етпеген адамдарға;
      5) шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзғандарға;
      6) ұлтаралық және дiни араздықты тұтандыратын адамдарға;
      7) әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;
      8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның бiрлiгi мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға;
      9) террористiк әрекетi, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар адамдарға;
      10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдау хатпен жүгінген кезде жалған құжаттар ұсынған не өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қажеттi құжаттарды дәлелсiз себептермен тапсырмаған адамдарға;
      11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу сәтінде Қазақстан Республикасынан бес жылдың ішінде шығарып жiберiлген адамдарға;
      12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
      13) Қазақстан Республикасынан уақытша шыққан және Қазақстан Республикасына қайып оралуға өтініш берілген мерзімнен алты ай өтіп кеткен соң оралмаған адамдарға;
      14) егер неке соттың заңды күшіне енген шешімімен заңсыз болып танылса, тұруға ыхтиярхатты алуға негіз болған Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеге отырған адамдарға;
      15) Қазақстан Республикасына кіру үшін қарсы көрсетілімі бар сырқаты бар адамдарға «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылады.
      Тұруға ыхтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы шағымды ҚКПК-ге мына мекенжай бойынша бередi:
      Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, телефон 71-42-62.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 9-00-ден бастап 18-30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, КҚПК; IIМ-нiң интернет-ресурсы: www.mvd.kz, «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, қабылдау бөлмесiнiң телефоны 8 (7172) 71-42-62, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес IIД-ден алуға болады».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады