«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізілді.
2012 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1531 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 460 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.
Аталған Қаулы «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.
Қаулы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 наурыздағы № 6-V «Қазақстан Республикасының «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына, сондай-ақ, 2012 жылғы 27 қаңтардағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес әзірленген.
Жалпы бұл қаулыны іске асыру 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет шеңберінде қарастырылған қаражат есебінен іске асырылады.
Қаулыны қабылдау енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Министрліктің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көрсетілген индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етпек.
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі