2012 жылғы 20 сәуірдегі № 504 «Жеке және (немесе) заңды
тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
баспасөз-релизі
Осы Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыш аппараттары транспондерлерін немесе транспондер сыйымдылықтарын жалға ұсыну тәртібін анықтайды.
Қағидаларды қабылдаудың мақсаты жеке және (немесе) заңды тұлғаларға әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыш аппараттары транспондерлерін немесе транспондер сыйымдылықтарын жалға ұсыну тәртібін нормативтік-құқықтық акті дәрежесінде регламенттеу болып табылады.
Жобаның қабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.
Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos. gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасы
ұлттық ғарыш агенттігі