Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 515 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Зырян орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 29,5 гектар және Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Үлкен нарым орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекемелер) жалпы алаңы 4,9 гектар жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен гидроэнергетика мақсаттары үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін «Eco Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсатта пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекемелердің теңгеріміне бере отырып, алаңдарды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 24 сәуірдегі
№ 515 қаулысына   
қосымша       

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын
орман қоры жерлерінің экспликациясы

Р/с №

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы, гектар


орманмен көмкерілген

орманмен көмкерілмеген

жайылымдар

шабындықтар

жолдар

басқа жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Зырян орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі

29,5

23,8

-

5,5

-

-

0,2

2

Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Үлкен нарым орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі

4,9

4,7

-

0,1

-

0,1

-


ЖИЫНЫ

34,4

28,5

-

5,6


0,1

0,2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады