Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 536 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 50 қаулысымен.

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
      2. "Білім беру мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 213 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 19-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 27 сәуірдегі
№ 536 қаулысымен  
бекітілген     

Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:
      1) білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
      2) ұлттық жинақ – әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша іріктелген негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын ақпараттық статистикалық жария құжат;
      3) ұлттық баяндама – мемлекеттік статистика мен әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша іріктелген индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын талдамалық жария құжат;
      4) білім беру сапасы – білім беру жүйесін сипаттайтын және нақты қол жеткізуге болатын білім беру нәтижелерінің, білім беру жүйесінің жұмыс істеу шарттарының нормативтік талаптарға, әлеуметтік және тұлғалық межелерге сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы;
      5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган).
      3. Білім беру мониторингі білім беру саясатын әзірлеу мен іске асыруды ақпараттық қолдау, білім беруді басқару органдарын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы туралы өзекті, толық, дұрыс және үнемі жаңартылып отыратын ақпаратпен қамтамасыз ету, білім берудің дамуын талдау және болжау үшін қажетті ақпараттық база қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

2. Білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібі

      4. Білім беру мониторингі ұлттық қауіпсіздік органдарының ведомстволық білім беру жүйесінен басқа білім беру жүйесінің сапасын сырттай және іштей бағалау үшін, оның ішінде халықаралық индикаторлармен (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ЮНЕСКО) салыстыру үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштері кешені негізінде жүзеге асырылады. Бағалау осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген индикаторларға сәйкес жүргізіледі.
      5. Білім беру мониторингін жүргізу:
      1) мемлекеттік статистика материалдарының және уәкілетті органның шешімімен бекітілген және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен келісілген әкімшілік деректер нысандары;
      2) мыналардың:
      білім беру ұйымдарын аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау;
      педагог және басшы кадрлардың біліктілігін арттыру және аттестаттау;
      білім беру ұйымдарын саралау;
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушыларға біліктілік беру;
      талдамалық және әлеуметтік зерттеулер барысында алынған құжаттар мен материалдардың негізінде ұдайы бақылау мен деректер жинақтауды ұйымдастыруды көздейді.
      6. Мониторингтің төрт деңгейлі сатылы құрылымы бар:
      бірінші деңгей:
      1) уәкілетті орган білім беру мониторингінің барлық рәсімдерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуін салалық үйлестіруді жүзеге асырады, барынша негізделген және жағдай талаптарына барабар басқарушылық шешімдер үшін білім беру мониторингінің негізгі бағыттары мен қорытындыларын жалпы талдауды айқындайды, оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу тәртібін бекітеді;
      2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректерін ұсынады;
      3) ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректер бойынша қажетті мәліметтерді ұсынады, өздерінің құзыретіне кіретін шешімдер қабылдау үшін зерттеулерге, білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға қатысады;
      екінші деңгейді облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ жоғары оқу орындары, республикалық орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жүргізеді. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары өз өңірінде мониторинг жүргізу туралы шешім қабылдайды;
      үшінші деңгейді аудандық (қалалық) білім бөлімдері жүзеге асырады;
      төртінші деңгей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік) және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының деңгейінде өткізіледі.
      7. Индикаторлар бойынша мәліметтер мен есептілікті уәкілетті органға жыл сайын:
      1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі – есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтарында, наурызында, сәуірінде, мамырында;
      2) облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, жоғары оқу орындары және республикалық білім беру ұйымдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандар мен мерзімдерге сәйкес ұсынады.
      8. Уәкілетті орган білім беру мониторингінің қорытындыларын шығаруды жыл сайын:
      1) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ұлттық жинақ түрінде;
      2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндама түрінде жүзеге асырады.
      9. Деңгейлердің мониторингілік жүйелерінің жұмыс істеуінің келісімді болуы үшін компьютерлік желі түрінде бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады, ақпаратты жинақтаудың, берудің және сақтаудың автоматтандырылған рәсімі енгізіледі.
      10. Бiлiм беру мониторингінің субъектілері бiлiм беру мониторингінің деректерiн қалыптастырып, қағаз жеткізгіште және электрондық форматта ұсынады.
      11. Білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға жұмыс берушілер, ата-аналар қауымдастығының өкілдері тартылады.

Білім беру мониторингін 
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша       

Білім беру мониторингі индикаторларының тізбесі

Индикаторлар

Мерзімі

Тақырыптық блоктар

1

2

3

4

5

1.

1

24-65 жастағы халықтың білім деңгейі, %

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтары

Білім беру контексі

2

Алған білімінің деңгейі бойынша жұмыс істеушілер үлесі (барлық еңбекке жарамды тұрғындарға шаққанда), %

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың наурызы

3

Экономикалық белсенді халықтың білім деңгейі, %

4

Соңғы 5 жылдағы халықтың туу динамикасы, адам

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың сәуірі

2.

5

Қазақстандағы 6-24 жастағы тұрғындарды біліммен қамтудың жиынтық үлесі, %

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың мамыры

Білімнің ауқымдылығы мен қолжетімділігі, қатысу және ілгерілеу

6

Республикадағы бастауыш біліммен қамтылған оқушылар саны (БЖХС 1), адам

Есепті жылдың қыркүйек-желтоқсаны

7

Республикадағы орта біліммен қамтылған оқушылар саны (БЖХС 2/3), адам

8

Республикадағы оқушылар санының серпіні (соңғы 5 жылда): бастауыш білім (БЖХС 1), адам

9

Республикадағы оқушылар санының серпіні (соңғы 5 жылда): негізгі орта, жалпы орта білім (БЖХС 2/3), адам

10

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (1 жастан 6 жасқа дейін, 3 жастан 6 жасқа дейін), %

11

Мектепалды даярлықпен қамту (5-6 жас), %

12

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың саны және жас ерекшелік құрамы, адам

13

Балабақшалардың жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесі, %

14

Мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың орташа толықтығы, адам

15

Сыныптардың орташа толықтығы: бастауыш білім (БЖХС 1), адам

16

Сыныптардың орташа толықтығы: негізгі орта білім (БЖХС 2), адам

17

10-11(12) сыныптардың орташа толықтығы: жалпы орта білім (БЖХС 3), адам

18

Бастауыш мектепті бітірген күндізгі жалпы білім беретін мектеп оқушылары, адам

19

Негізгі орта білім туралы куәлік алған күндізгі жалпы білім беретін мектеп оқушылары, адам

20

Жалпы орта білім туралы аттестат алған күндізгі жалпы білім беретін мектеп оқушылары, адам

21

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жалпы санынан қосымша біліммен қамтылған жалпы білім беретін мектеп оқушыларының үлесі, %

22

Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша мектептер базасында жұмыс істейтін үйірмелер саны, бірлік

23

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жалпы санынан спорттық секциялармен қамтылған жалпы білім беретін мектеп оқушыларының үлесі, %

24

Мектеп базасындағы спорттық секциялардың саны, %

25

Жалпы білім беретін мектептердегі даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың үлесі, %

26

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептер саны, бірлік

27

Мектептердің жалпы санынан авариялық жағдайдағы мектептердің үлесі, %

28

Оқушы орнының тапшылығы, орын

29

Үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесі, %

30

ТжКБ жүйесінде енгізілген оқушы орындарының саны, орын

31

Оқушылардың жалпы санынан оқулықпен қамтамасыз етілген оқушылардың үлесі, %

32

10 және одан көп күн дәлелді себепсіз мектепке бармай жүргендігі анықталған балалардың саны, адам

33

Тасымалдауға мұқтаж балалардың жалпы санынан мектебі жоқ елді мекендердегі жайлы тасымалдаумен қамтылған балалардың үлесі, %

34

Мектептердегі оқушылардың жалпы санынан ыстық тамақпен қамтылған балалардың үлесі, %

35

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың жалпы санынан тегін ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың үлесі, %

36

Кең жолақты Интернетке қосылған мектептер саны, бірлік

37

Компьютерлік техниканың оқушылар санына арақатынасы, бірлік

38

Оқушылардың жалпы санынан 12 жылдық оқыту бойынша білім беру бағдарламаларымен қамтылған оқушылар үлесі, %

39

ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың саны (БЖХС 3), адам

40

Типтік жастағы халықтың жалпы санынан 14-24 жастағы жастарды ТжКБ-мен қамту үлесі, %

41

ТжКБ ұйымдарына білім алушыларды қабылдау, адам

42

ТжКБ ұйымдарын білікті мамандардың бітіруі, адам

43

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған бітірушілердің жалпы санынан ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі, %

44

ТжКБ бітірушілерінің жалпы санынан жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі, %

45

ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың жынысы, жас ерекшелігі және оқу нысаны бойынша құрылымы, адам

46

Білім деңгейлері бойынша Қазақстандағы білім алушылар саны, адам

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтары

47

Республикадағы білім алушылар санының серпіні (соңғы 5 жылда): техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (БЖХС 3, 5/6), адам

48

Қазақстандағы студенттердің жалпы санындағы шетелдік студенттердің үлес салмағы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (БЖХС 5/6), %

49

ЖОО бітірушілерінің жалпы санынан мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО бітірушілерінің үлесі, %

50

ЖОО бітірушілерінің жалпы санынан жоғары оқу орындары бөлінісіндегі жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі, %

51

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған бітірушілердің жалпы санынан мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейін алғашқы жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындарын бітірушілердің үлесі, %

52

Жоғары оқу орындары студенттерінің құрамындағы әйелдердің саны, адам

53

Жоғары оқу орындары студенттерінің жынысы, жас ерекшелігі және оқу нысаны бойынша құрылымы, адам

54

Оқыту нысандары бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің саны, қабылдануы және мамандардың бітіруі, адам

55

Магистранттардың құрамындағы әйелдердің саны, адам

56

Магистранттардың жынысы және жас ерекшелік топтары бойынша құрылымы, адам

57

Магистранттардың саны, қабылдау және магистратураны бітіру, адам

58

Магистратураны бітірушілердің жалпы санынан магистратураны магистрлік жұмысты қорғаумен аяқтағандардың үлес салмағы, %

59

РhD докторанттарының құрамындағы әйелдер саны, адам

60

РhD докторанттарының жынысы және жас ерекшелік топтары бойынша құрылымы, адам

61

РhD докторантураны жалпы бітірушілерден РhD докторантураны диссертация қорғаумен аяқтағандардың үлес салмағы, %

62

Іске асырылып жатқан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламаларының саны, бірлік

63

Бір оқытушыға шаққандағы студенттер саны, адам

64

Бір оқытушыға шаққандағы магистранттар мен докторанттар саны, адам

65

Штаттық оқытушылар санынан ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылар үлесі, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың негізгі және бейіндік пәндері бойынша, %

3.

66

Ішкі жалпы өнімге пайызбен алғанда республикадағы білімге жұмсалатын шығыстар, %

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың ақпаны

Білімге инвестициялан-ған қаржы ресурстары

67

Республикадағы білімге жұмсалатын мемлекеттік шығыстар, млрд. теңге

68

Білім деңгейлері бойынша бір білім алушыға шаққандағы республикадағы білімге жұмсалатын шығыстар, мың теңге

69

Білім деңгейлері бойынша білімге жұмсалатын мемлекеттік шығыстар, млрд. теңге

70

Білім беру жүйесінің ақылы қызметтерінің көлемі, мың теңге

71

Білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын үй шаруашылықтарының шығыстары, теңге

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың сәуірі

72

Білім беруге жұмсалатын үй шаруашылықтарының шығыстары, теңге

73

Экономикалық қызмет түрлері бойынша білім қызметкерлерінің орташа айлық номиналды есептелген жалақысы, теңге

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың мамыры

4.

74

Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың нәтижелері
Жаратылыстану-математика циклінің пәндері бойынша тестік тапсырмалардың жалпы санынан 50%-дан жоғары нәтиже көрсеткен бастауыш мектеп оқушыларының үлесі, %

Есепті жылдың шілдесі

Білім беру сапасын бағалау және бақылау

75

Тестіленушілердің жалпы санынан барлық пәндер бойынша тестік тапсырмалардың 75% шектік деңгейінен өте алмаған негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлесі, %

76

Тестіленушілердің жалпы санынан барлық пәндер бойынша тестік тапсырмалардың 75% шектік деңгейінен өте алмаған студенттердің үлесі, %

77

Тестіленушілердің жалпы санынан қазақ тілі бойынша тестік тапсырмалардың 75% шектік деңгейінен өте алмаған білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлесі, %

78

Қатысушылардың жалпы санынан кәсіптік даярлық пен біліктілік беру деңгейін бағалаудан бірінші реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі, %

Есепті жылдың желтоқсаны

79

Қатысушылардың жалпы санынан жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан бірінші реттен өткен ЖОО бітірушілерінің үлесі, %

80

PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының нәтижелері

81

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері

Республика бойынша ҰБТ пәндері бойынша орташа балл, балл




82

ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санынан ҰБТ нәтижелері бойынша шектік деңгейден өтпеген бітірушілер үлесі, %

83

Үміткерлердің жалпы санынан ҰБТ нәтижелері бойынша "Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестатын растаған бітірушілер үлесі, %

84

Кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері
Тестіленушілердің жалпы санынан КТ бойынша шектік деңгейден төмен балл алған талапкерлер үлесі, %

85

Республикалық және халықаралық деңгейдегі интеллектуалдық жарыстарға қатысу қорытындылары

Халықаралық олимпиадаларда және ғылыми жарыстарда жүлделі орындарға ие болған жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың саны, адам

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтары

86

Қатысушылардың жалпы санынан халықаралық, республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған жүлдегерлердің үлесі, %

87

Кадрларды даярлау сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Өңірлер бойынша бастауыш білім сапасы (әлеуметтанушылық зерттеулер), өңірдің рейтингтегі орны

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтары

88

Математика мен жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасы (таңдамалы бақылау қимасындағы зерттеулер), өңірдің рейтингтегі орны

89

Өңірлер бойынша жалпы орта білім сапасы (әлеуметтанушылық зерттеулер), өңірдің рейтингтегі орны

90

Өңірлер бойынша ТжКБ сапасы (әлеуметтанушылық зерттеулер), өңірдің рейтингтегі орны

91

Жоғары білім сапасы (әлеуметтанушылық зерттеулер), рейтингтегі орны

92

Менеджмент/басқару мектептерінің сапасы (әлеуметтанушылық зерттеулер)

93

Білім беру саласындағы ақпаратқа халықтың қолжетімділігі (сайттар бойынша зерттеу), рейтингтегі орны

94

Мемлекеттік мектептердің жалпы санынан электрондық оқыту жүйесін (e-learning) енгізген мектептердің үлесі, %

95

ТжКБ ұйымдарының (мемлекеттік) жалпы санынан электрондық оқыту жүйесін енгізген ұйымдардың үлесі, %

96

ТжКБ-нің мемлекеттік оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақтандырылған ТжКБ-нің мемлекеттік оқу орындарының үлесі, %

97

ЖОО студенттерінің жалпы санынан жұмыс берушілер мен шетелдік инвесторлардың қаражаты есебінен техникалық мамандықтарда оқитын студенттердің үлесі, %

98

Жұмыс берушілермен кейіннен жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін өндірістік практика базаларымен қамтамасыз ету үшін шарт жасасқан ЖОО-лардың үлесі, %

99

Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде кадрлар даярлауды жүзеге асыратын ЖОО-лардың жалпы санынан қазіргі заманғы зертханалық жабдықтармен жарақтандырылған ЖОО-лардың үлесі, %

100

Баспанаға мұқтаж студенттердің жалпы санынан жатақханаларда үй- жайлармен қамтамасыз етілген студенттердің үлесі, %

101

Елдің жетекші ЖОО-ларына тартылған шетелдік ғалымдардың, оқытушылар мен консультанттардың саны, адам

102

Соңғы 5 жыл ішінде импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары бар ЖОО-ның профессор-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің үлесі, %

103

Білім беру ұйымдарының жалпы санынан қамқоршылық кеңестер құрған ұйымдардың үлесі, %


104

ЖОО-лардың жалпы санынан отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды кіріктіру арқылы инновациялық қызметті жүзеге асыратын ЖОО-лардың үлесі, %

105

Үлгерімді ағымдағы бақылау және білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері

Білім беру деңгейлері бойынша облыстар бөлінісінде ағымдағы үлгерім қорытындылары бойынша "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз" баға алған оқушылар саны, адам

Есепті жылдың қыркүйек-желтоқсаны

106

Жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің жалпы санынан жалпы орта білім туралы үздік аттестат алған жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің үлесі, %

107

ТжКБ ұйымдары бітірушілерінің жалпы санынан үздік диплом алған бітірушілердің үлесі, %

108

ЖОО бітірушілерінің жалпы санынан үздік диплом алған бітірушілердің үлесі, %

109

Білім беру ұйымдарын аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау нәтижелері

Соңғы 5 жылда мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдарының саны, бірлік

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың қаңтары

110

Аттестатталғандардың жалпы санынан мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдарының үлесі, %

111

ЖОО-дағы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген мамандықтар саны, бірлік

112

Колледждердің жалпы санынан ұлттық институционалдық аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі, %

113

Танымал шетелдік агенттіктерде халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО-лардың саны, бірлік

114

Аккредиттелген оқу орындарының саны, бірлік

115

Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының саны, бірлік

116

ЖОО-лардың жалпы санынан халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредиттеуден өткен ЖОО-лар үлесі, %

117

ЖОО-лардың жалпы санынан халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен ЖОО-лар үлесі, %

118

Педагог және басшы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау нәтижелері

Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мұғалімдердің жалпы санынан білім деңгейі, біліктілігі, стажы, жасы, жынысы, санаты бойынша мұғалімдердің үлесі, %

Есепті жылдың қыркүйек-желтоқсаны

119

Мұғалімдердің жалпы санынан соңғы 5 жылда біліктілігін арттырған мұғалімдердің үлесі, %

120

Педагогтердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі бойынша біліктілігін арттырған педагогтердің үлесі ("Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ-ның педагогикалық шеберлік орталықтары, "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы)

121

Білім беру ұйымдары басшыларының жалпы санынан менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен басшылардың үлесі, %

122

Шағын жинақты мектептердегі мұғалімдердің сапалық құрамы, адам

123

Жалпы білім беретін мектептердің (қалалық, ауылдық жерлердегі), ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің, ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерінің сапалық құрамы, адам

124

Облыстар, аудандар бойынша мамандықтар бөлінісіндегі республиканың мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептеріндегі педагог кадрларға деген қажеттілік туралы мәліметтер, адам

125

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің (қалалық және ауылдық мекендер) педагог қызметкерлерінің білім беру деңгейі, адам

126

1-4 сыныптардағы мұғалімдердің жалпы санынан орта және жоғары кәсіптік білімі бар олардың үлесі, %

127

Жаратылыстану-математика циклі мұғалімдерінің жалпы санынан орта және жоғары кәсіптік білімі бар олардың үлесі, %

128

ЖОО-лардың штаттық профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы санынан ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD докторлары) бар штаттық профессорлық-оқытушылық құрамның үлесі, %


129

ЖОО-лардың штаттық оқытушылық құрамының жалпы санынан академиялық дәрежесі бар (магистр, PhD докторы) штаттық оқытушылық құрамның үлесі, %

130

Білім беру жүйесіндегі педагог және басшы, ғылыми-педагог кадрлардың біліктілігін арттыруы туралы мәліметтер, адам

131

ТжКБ ұйымдарының инженер-педагог кадрларының жасы, стажы, білімі және санаты бойынша сандық және сапалық құрамы, адам

132

ТжКБ ұйымдарындағы педагог кадрларға деген қажеттілік туралы мәліметтер, адам

133

Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жас ерекшелік құрамы, адам

134

Білім беру ұйымдарында оқытушыларды жынысы мен жасына қарай бөлу, адам

135

Біліктілікті арттыру жүйесі мамандарының жалпы санынан академиялық және ғылыми дәрежелері бар мамандардың үлесі, %

136

Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүзеге асыратын педагогтер саны, адам

137

Инновациялық ғылыми-педагогикалық жобаларды енгізген (енгізілген немесе жалпы білім беретін мектептерде практикада сынақтан өткен) мектептер саны, бірлік

138

Білім беру ұйымдарын саралау нәтижелері
Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының рейтингісі

ЖОО-лардың жалпы санынан Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының ұлттық рейтингісіне қатысқан жоғары оқу орындарының үлесі, %

Есепті жылдың шілдесі

139

Әлемдік үздік университеттердің рейтингісінде белгіленген қазақстандық ЖОО-лардың саны, бірлік

140

Қазақстандық ғалымдар жарияланымдарының жалпы санынан әлемнің жетекші рейтингтік ғылыми журналдарындағы жарияланымдардың үлесі, %

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БЖХС         – білім беру жіктеуіштерінің халықаралық стандарты
      ТжКБ         – техникалық және кәсіптік білім
      ЖОО          – жоғары оқу орны

Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2012 года № 536. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 50

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.02.2015 № 50.

      В соответствии с подпунктом 14) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления образовательного мониторинга.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2005 года № 213 «Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга» (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 12, ст. 119).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 27 апреля 2012 года № 536

Правила
осуществления образовательного мониторинга

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления образовательного мониторинга (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 14) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» и определяют порядок осуществления образовательного мониторинга.
      2. В настоящих Правилах используются следующие термины:
      1) образовательный мониторинг - систематическое наблюдение, анализ, оценка и прогноз состояния и динамики изменений результатов и условий осуществления образовательных процессов, контингента обучающихся, сети, а также рейтинговых показателей достижений деятельности организаций образования;
      2) национальный сборник – информационный статистический публичный документ, характеризующий на основании отобранных основных индикаторов и показателей состояние и развитие системы образования по итогам предыдущего года по сведениям административных данных;
      3) национальный доклад - аналитический публичный документ, характеризующий на основании отобранных индикаторов и показателей состояние и развитие системы образования по итогам предыдущего года по данным государственной статистики и административных данных;
      4) качество образования – совокупность показателей, характеризующих систему образования и отражающих степень соответствия реальных достигаемых образовательных результатов, условий функционирования системы образования нормативным требованиям, социальным и личностным ожиданиям;
      5) уполномоченный орган в области образования – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области образования (далее – уполномоченный орган).
      3. Образовательный мониторинг проводится в целях информационной поддержки разработки и реализации образовательной политики, обеспечения органов управления образованием актуальной, полной, достоверной и регулярно обновляемой информацией о положении системы образования Республики Казахстан, формирования информационной базы, необходимой для анализа и прогноза развития образования.

2. Порядок осуществления образовательного мониторинга

      4. Образовательный мониторинг осуществляется на основе комплекса статистических и аналитических оценочных показателей для внешней и внутренней оценки качества системы образования, кроме ведомственной системы образования органов национальной безопасности, в том числе для сравнения с международными индикаторами (Организация экономического сотрудничества и развития (ОЭСР), ЮНЕСКО). Оценка проводится в соответствии с индикаторами, указанными в приложении к настоящим Правилам.
      5. Проведение образовательного мониторинга предполагает организацию постоянного отслеживания и накопления данных на основе:
      1) материалов государственной статистики и форм административных данных, утвержденных решением уполномоченного органа и согласованных с Агентством Республики Казахстан по статистике;
      2) документов и материалов, полученных в ходе:
      аттестации, аккредитации и лицензирования образовательных организаций;
      повышения квалификации и аттестации педагогических и руководящих кадров;
      ранжирования организаций образования;
      присвоения квалификации обучающимся технического и профессионального, послесреднего образования;
      аналитических и социологических исследований.
      6. Мониторинг имеет четырехуровневую иерархическую структуру:
      первый уровень:
      1) уполномоченный орган осуществляет отраслевую координацию организационно-методического и программно-технического обеспечения всех процедур образовательного мониторинга, определяет основные направления и общий анализ итогов образовательного мониторинга для максимально обоснованных и адекватных требованиям ситуации управленческих решений, утверждает порядок проведения внешней оценки учебных достижений;
      2) Агентство по статистике Республики Казахстан представляет данные общегосударственных статистических наблюдений;
      3) подведомственные организации представляют необходимые сведения по административным данным, участвуют в исследованиях, анализе результатов образовательного мониторинга для принятия решений, входящих в их компетенцию;
      второй уровень проводится областными, городов Астаны, Алматы управлениями образования, а также высшими учебными заведениями, республиканскими организациями среднего, технического и профессионального образования. Областные, городов Астаны, Алматы управления образования принимают решение о проведении мониторинга в своем регионе;
      третий уровень осуществляется районными (городскими) отделами образования;
      четвертый уровень проводится на уровне организаций дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего, среднего (общего среднего, технического и профессионального) и послесреднего образования.
      7. Сведения и отчетность по индикаторам представляются в уполномоченный орган, ежегодно:
      1) Агентством Республики Казахстан по статистике – в январе, марте, апреле, мае года, следующего за отчетным периодом;
      2) областными, городов Астаны, Алматы управлениями образования, высшими учебными заведениями, республиканскими организациями образования и подведомственными организациями в соответствии с формами и сроками, предназначенными для сбора административных данных.
      8. Подведение уполномоченным органом итогов образовательного мониторинга осуществляется ежегодно:
      1) в виде национального сборника до 1 марта года, следующего за отчетным периодом;
      2) в виде национального доклада о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан до 1 августа года, следующего за отчетным периодом.
      9. Для согласованности функционирования мониторинговых систем уровней создается единая информационная система в виде компьютерной сети, внедряется автоматизированная процедура сбора, передачи и хранения информации.
      10. Субъекты образовательного мониторинга формируют и представляют данные образовательного мониторинга на бумажных носителях и в электронном формате.
      11. К анализу результатов образовательного мониторинга привлекаются работодатели, представители родительской общественности.

Приложение          
к Правилам осуществления 
образовательного мониторинга

Перечень индикаторов образовательного мониторинга


Индикаторы

Сроки

Темати-
ческие
блоки

1

2

3

4

5

1.

1.

Уровень образования населения в
возрасте 24-65 лет, %

Январь года,
следующего за
отчетным годом

Контекст
образования

2.

Доля работающих (по отношению ко всему
трудоспособному населению) по уровню
полученного образования, %

Март года,
следующего за
отчетным годом

3.

Уровень образования экономически
активного населения, %

4.

Динамика рождаемости населения за
последние 5 лет, чел.

Апрель года,
следующего за
отчетным годом

2.

5.

Совокупная доля охвата образованием
населения в возрасте 6–24 лет в
Казахстане, %

Май года,
следующего за
отчетным годом

Масштаб и
доступность
образования,
участие и
продвижение
 
 
 
 







6.

Численность учащихся в республике,
охваченных начальным образованием (МСКО
1), человек

Сентябрь-декабрь
отчетного года
 
 
 
 



7.

Численность учащихся в республике,
охваченных средним образованием (МСКО
2/3), человек

8.

Динамика численности учащихся (за
последние 5 лет) в республике:
начальное образование (МСКО 1), человек

9.

Динамика численности учащихся в
республике (за последние 5 лет):
основное среднее, общее среднее
образование (МСКО 2/3), человек

10.

Охват дошкольным воспитанием и
обучением (от 1 года до 6 лет, от 3 до
6 лет), %

11.

Охват предшкольной подготовкой (5-6
лет), %

12.

Численность и возрастная структура
детей в дошкольных организациях
образования, человек

13.

Доля частных детских садов от общего
числа детских садов, %

14.

Средняя наполняемость групп в
дошкольных организациях, человек

15.

Средняя наполняемость классов:
начальное образование (МСКО 1), человек

16.

Средняя наполняемость классов: основное
среднее образование (МСКО 2), человек

17.

Средняя наполняемость 10–11 (12)
классов: общее среднее образование
(МСКО 3), человек

18.

Выпуск учащихся дневных
общеобразовательных школ, окончивших
начальную школу, человек

19.

Выпуск учащихся дневных
общеобразовательных школ, получивших
свидетельство об основном среднем
образовании, человек

20.

Выпуск учащихся дневных
общеобразовательных школ, получивших
аттестат об общем среднем образовании,
человек

21.

Доля учащихся общеобразовательных школ,
охваченных дополнительным образованием,
от общего количества учащихся
общеобразовательных школ, %

22.

Число кружков, функционирующих на базе
школ по программам дополнительного
образования, единица

23.

Доля учащихся общеобразовательных школ,
охваченных спортивными секциями, от
общего количества учащихся
общеобразовательных школ, %

24.

Число спортивных секций на базе школ,
единица

25.

Доля учащихся общеобразовательных школ,
охваченных инклюзивным образованием, от
общего количества учащихся
общеобразовательных школ с
ограниченными возможностями в развитии,
%

26.

Число школ, создавших условия для
инклюзивного образования, единица

27.

Доля аварийных школ от их общего
количества, %

28.

Дефицит ученических мест, место

29.

Доля школ, ведущих занятия в три смены,
%

30.

Количество введенных ученических мест в
системе ТиПО, место

31.

Доля учащихся, обеспеченных учебниками,
от общего числа учащихся, %

32.

Количество выявленных детей, не
посещающих школы 10 и более дней без
уважительной причины, человек

33.

Доля детей, охваченных комфортабельным
подвозом в населенных пунктах, где нет
школ, от общего числа нуждающихся в
подвозе, %

34.

Доля детей, охваченных горячим
питанием, от общего количества
обучающихся в школах, %

35.

Доля детей из малообеспеченных семей,
охваченных бесплатным горячим питанием,
от общего количества обучающихся из
малообеспеченных семей, %

36.

Число школ, подключенных к
широкополосному Интернету, единица

37.

Соотношение компьютерной техники к
количеству учащихся, единица

38.

Доля учащихся, охваченных
образовательными программами по
12-летнему обучению, от общего
количества учащихся, %

39.

Численность обучающихся организаций
ТиПО (МСКО 3), человек

40.

Доля охвата молодежи в возрасте 14-24
лет ТиПО от общего количества населения
типичного возраста, %

41.

Прием обучающихся в организации ТиПО,
человек

42.

Выпуск квалифицированных специалистов
организаций ТиПО, человек

43.

Доля занятых и трудоустроенных
выпускников учебных заведений ТиПО в
первый год после окончания обучения,
обучившихся по госзаказу, от общего
количества выпускников, обучившихся по
госзаказу, %

44.

Доля трудоустроенных выпускников ТиПО
от общего количества выпускников, %

45.

Структура обучающихся организаций ТиПО
по полу, возрасту и формам обучения

46.

Численность обучающихся в Казахстане по
уровням образования, человек

Январь года,
следующего за
отчетным годом





47.

Динамика численности обучающихся в
республике (за последние 5 лет):
техническое и профессиональное, высшее
и послевузовское образование (МСКО 2/3,
5/6), человек

48.

Удельный вес иностранных студентов в
общей численности студентов в
Казахстане: высшее и послевузовское
образование (МСКО 5/6), %

49.

Доля выпускников вузов, трудоустроенных
по специальности, от общего количества
выпускников вузов, %

50.

Доля трудоустроенных выпускников в
разрезе высших учебных заведений от
общего количества выпускников вузов, %

51.

Доля выпускников вузов, обучившихся по
госзаказу, трудоустроенных по
специальности в первый год после
окончания вуза, от общего количества
выпускников, обучившихся по госзаказу,
%

52.

Численность женщин в составе студентов
высших учебных заведений, человек

53.

Структура студентов высших учебных
заведений по полу, возрасту и формам
обучения, человек

54.

Численность, прием студентов и выпуск
специалистов высшими учебными
заведениями по формам обучения, человек

55.

Численность женщин в составе
магистрантов, человек

56.

Структура магистрантов по полу и
возрастным группам, человек

57.

Численность магистрантов, прием и
выпуск из магистратуры, человек

58.

Удельный вес лиц, окончивших
магистратуру с защитой магистерской
работы, в общем выпуске из
магистратуры, %

59.

Численность женщин в составе
докторантов РhD, человек

60.

Структура докторантов РhD по полу и
возрастным группам, человек

61.

Удельный вес лиц, окончивших
докторантуру РhD с защитой диссертации,
в общем выпуске из докторантуры РhD, %

62.

Количество реализуемых программ высшего
и послевузовского профессионального
образования, единица

63.

Контингент студентов в расчете на
одного преподавателя, человек

64.

Контингент магистров и докторантов на
одного преподавателя, человек

65.

Доля преподавателей с учеными степенями
и званиями от числа штатных
преподавателей, в том числе по базовым
и профильным дисциплинам
государственного общеобязательного
стандарта, %

3.

66.

Расходы на образование в республике в
процентах к валовому внутреннему
продукту, %

Февраль года,
следующего за
отчетным годом

Финансовые
ресурсы,
инвести-
рованные в
образование

67.

Государственные расходы на образование
в республике, млрд. тенге

68.

Расходы на образование в республике в
расчете на одного обучающегося по
уровням образования, тысячи тенге

69.

Государственные расходы на образование
по уровням образования, млрд. тенге

70.

Объем платных услуг системы
образования, тысячи тенге

71.

Расходы домашних хозяйств на оплату
услуг образования, тенге

Апрель года,
следующего за
отчетным годом

72.

Расходы домашних хозяйств на
образование, тенге

73.

Среднемесячная номинальная начисленная
заработная плата работников по виду
экономической деятельности образования,
тенге

Май года,
следующего за
отчетным годом

4.











74.

Результаты внешней оценки учебных
достижений

Доля обучающихся начального
образования, показавших результаты
свыше 50 %, от общего количества
тестовых заданий по предметам
естественно-математического цикла, %

Июль отчетного
года

Оценка и
контроль
качества
образования








75.

Доля обучающихся организаций основного
среднего образования, не преодолевших
пороговый уровень в 75 % тестовых
заданий по всем предметам, от общего
количества тестируемых, %

76.

Доля студентов, не преодолевших
пороговый уровень в 75 % тестовых
заданий по всем предметам, от общего
количества тестируемых, %

77.

Доля обучающихся организаций
образования, не преодолевших пороговый
уровень в 75 % тестовых заданий по
казахскому языку, от общего количества
тестируемых, %

78.

Доля выпускников ТиПО, прошедших оценку
уровня профессиональной
подготовленности и присвоения
квалификации с первого раза, от общего
числа принявших участие, %

Декабрь отчетного
года

79.

Доля выпускников вузов, прошедших
независимую оценку квалификации в
сообществе работодателей с первого
раза, от общего количества принявших
участие, %

80.

Результаты учащихся казахстанской
общеобразовательной школы в
международных сравнительных
исследованиях PISA, TIMSS, PIRLS

81.

Результаты единого национального
тестирования (ЕНТ)

Средний балл по предметам ЕНТ по
республике, балл

Июль отчетного
года

82.

Доля выпускников, не преодолевших
пороговый уровень по результатам ЕНТ,
от общего количества участвовавших в
ЕНТ, %

83.

Доля выпускников, подтвердивших
аттестат об общем среднем образовании
«Алтын белгі» по результатам ЕНТ, от
общего числа претендентов, %

84.

Результаты комплексного тестирования
(КТ)

Доля абитуриентов, получивших балл по
КТ ниже порогового уровня, от общего
числа тестируемых, %

85.

Итоги участия в интеллектуальных
соревнованиях республиканского и
международного уровней

Количество учащихся организаций
среднего общего образования, занявших
призовые места на международных
олимпиадах и научных соревнованиях,
человек

Январь года,
следующего за
отчетным годом

86.

Доля призеров, занявших призовые места
на международных, республиканских
предметных олимпиадах, от общего числа
принявших участие, %

87.

Повышение качества подготовки и
конкурентоспособности кадров

Качество начального образования по
регионам (социологические
исследования), место региона в рейтинге

Январь года,
следующего за
отчетным годом
 
 
 


88.

Качество образования по математике и
естественным наукам (исследования
методом выборочных контролируемых
срезов), место региона в рейтинге

89.

Качество общего среднего образования по
регионам (социологические
исследования), место региона в рейтинге

90.

Качество ТиПО по регионам
(социологические исследования), место
региона в рейтинге

91.

Качество высшего образования
(социологические исследования), место в
рейтинге

92.

Качество школ менеджмента/управления
(социологические исследования)

93.

Доступ населения к информации в области
образования (исследование по сайтам),
место в рейтинге

94.

Доля государственных школ, внедривших
систему электронного обучения
(е-learning), от их общего количества,
%

95.

Доля организаций ТиПО
(государственных), внедривших систему
электронного обучения, от их общего
количества, %

96.

Доля государственных учебных заведений
ТиПО, оснащенных современным обучающим
оборудованием, от общего количества
государственных учебных заведений ТиПО,
%

97.

Доля студентов вузов, обучающихся на
технических специальностях за счет
средств работодателей, иностранных
инвесторов, от их общего количества, %

98.

Доля вузов, заключивших договора с
работодателями на обеспечение базами
производственной практики с
возможностью последующего
трудоустройства, %

99.

Доля вузов, оснащенных современным
лабораторным оборудованием, от общего
количества вузов, осуществляющих
подготовку кадров в рамках
индустриально-инновационного развития,
%

100.

Доля студентов, обеспеченных жильем в
общежитиях, от общего количества
студентов, нуждающихся в жилье, %

101.

Количество привлеченных зарубежных
ученых, преподавателей и консультантов
в ведущие вузы страны, человек

102.

Доля профессорско-преподавательского
состава вузов и научных работников,
имеющих публикации в научных журналах с
импакт-фактором в течение последних 5
лет, %

103.

Доля организаций образования, создавших
попечительские советы, от их общего
числа, %

104.

Доля вузов, осуществляющих
инновационную деятельность путем
интеграции образования и науки на
основе внедрения результатов
отечественных научных исследований в
производство, от их общего количества,
%

105.

Результаты текущего контроля
успеваемости и итоговой аттестации
обучающихся

Численность учащихся, получивших по
итогам текущей успеваемости оценку
«отлично», «хорошо»,
«удовлетворительно»,
«неудовлетворительно» в разрезе
областей по уровням образования,
человек

Сентябрь-декабрь
отчетного года

106.

Доля выпускников общеобразовательных
школ, получивших аттестат об общем
среднем образовании с отличием, от
общего количества выпускников
общеобразовательных школ, %

107.

Доля выпускников организаций ТиПО,
получивших диплом с отличием, от их
общего количества, %

108.

Доля выпускников вузов, получивших
диплом с отличием, от их общего
количества, %

109.

Результаты аттестации, аккредитации и
лицензирования образовательных
организаций

Число организаций образования,
прошедших государственную аттестацию за
последние 5 лет, единица

Январь года,
следующего за
отчетным годом



110.

Доля организаций образования, не
прошедших государственную аттестацию,
от числа аттестуемых, %

111.

Количество специальностей в вузе, не
прошедших государственную аттестацию,
единица

112.

Доля колледжей, прошедших процедуру
национальной институциональной
аккредитации, от их общего количества,
%

113.

Число вузов, прошедших международную
аккредитацию в признанных зарубежных
агентствах, единица

114.

Число аккредитованных учебных
заведений, единица

115.

Число аккредитованных образовательных
программ, единица

116.

Доля вузов, прошедших независимую
национальную институциональную
аккредитацию по международным
стандартам, от их общего числа, %

117.

Доля вузов, прошедших независимую
национальную специализированную
аккредитацию по международным
стандартам, от их общего числа, %

118.

Результаты повышения квалификации и
аттестации педагогических и руководящих
кадров

Доля учителей в среднем общем
образовании по уровню образования,
квалификации, стажу, возрасту, полу,
категории от их общего количества, %

Сентябрь-декабрь
отчетного года
 



119.

Доля учителей, повышавших квалификацию
в последние 5 лет, от их общего
количества, %

120.

Доля педагогов, прошедших повышение
квалификации по новой системе повышения
квалификации педагогов, % (центры
педагогического мастерства АОО
«Назарбаев Интеллектуальные школы»,
Национальный центр повышения
квалификации «Өрлеу»)

121.

Доля руководителей организаций
образования, прошедших повышение
квалификации и переподготовку в области
менеджмента, от их общего, %

122.

Качественный состав учителей
малокомплектных школ, человек

123.

Качественный состав педагогических
работников общеобразовательных школ
(городская, сельская местность),
организаций ТиПО, мастеров
производственного обучения организаций
ТиПО, человек

124.

Сведения о потребности в педагогических
кадрах в государственных дневных
общеобразовательных школах республики в
разрезе специальностей по областям,
районам, человек

125.

Образовательный уровень педагогических
работников дошкольных организаций
образования и общеобразовательных школ
(городская и сельская местность),
человек

126

Доля учителей со средним и высшим
профессиональным образованием в 1-4
классах от их общего количества, %

127.

Доля учителей
естественно-математического цикла со
средним и высшим профессиональным
образованием от их общего количества, %

128.

Доля штатного
профессорско-преподавательского состава
вузов, имеющих ученые степени и ученые
звания (кандидаты наук, доктора наук,
доценты, профессора), от их общего
количества, %

129.

Доля штатного преподавательского
состава вузов, имеющих академические
степени (магистр, доктор PhD), от их
общего количества, %

130.

Сведения о повышении квалификации
педагогических и руководящих,
научно-педагогических кадров системы
образования, человек

131.

Количественный и качественный состав
инженерно-педагогических кадров
организаций ТиПО по возрасту, стажу,
образованию и категории, человек

132.

Сведения о потребности в педагогических
кадрах в организациях ТиПО, человек

134.

Возрастной состав
профессорско-преподавательского состава
высших учебных заведений, человек

134.

Распределение преподавателей по полу и
возрасту в организациях образования,
человек

135.

Доля специалистов системы повышения
квалификации с академическими и учеными
степенями от их общего количества, %

136.

Число педагогов, осуществляющих
опытно-экспериментальную работу,
человек

137.

Количество школ, внедряющих
инновационные научно-педагогические
проекты (внедренных или апробированных
на практике в общеобразовательных
школах), единица

138.

Результаты ранжирования организаций
образования

Рейтинг вузов Республики Казахстан

Доля высших учебных заведений,
участвовавших в национальном рейтинге
вузов Республики Казахстан, от их
общего количества, %

Июль отчетного года

139.

Количество казахстанских вузов,
отмеченных в рейтинге лучших мировых
университетов, единица

140.

Доля публикаций казахстанских ученых в
ведущих рейтинговых научных журналах
мира от их общего количества, %

Примечание: расшифровка аббревиатур:
      МСКО – международный стандарт классификаций образования
      ТиПО – техническое и профессиональное образование
      ВУЗ – высшее учебное заведение