Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 536 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жыл сайын 1 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне бiлiм беру мониторингiн жүргізу қорытындылары жөнiнде ақпарат ұсынсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2005 жылғы 5 наурыздағы
N 213 қаулысымен
бекiтiлген
Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру epeжесі
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы Бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру ережесiнде (бұдан әрi - Ереже) мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру мониторингі - бiлiм беру процестерiн жүзеге асырудың нәтижелерi мен шарттарының, бiлiм алушылар контингентiнiң, білім беру ұйымдары желiсiнiң жай-күйiн және өзгерiстер серпiнін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
2) Қазақстан Республикасындағы бiлiм берудiң жай-күйi туралы ұлттық баяндама - iрiктелген индикаторлар мен көрсеткiштердiң негiзiнде әрбiр оқу жылының қорытындылары бойынша республиканың бiлiм беру жүйесiнің жай-күйi мен дамуын сипаттайтын талдамалық есеп (құжат).
2. Жалпы ережелер
2. Ереже "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
3. Ереже бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның, жергіліктi бiлiм берудi басқару органдарының, бiлiм беру ұйымдарының олардың бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру бөлігіндегі қызметін ұйымдастыру тәртiбiн, бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер беру кезеңділігiн, өткізiлген бiлiм беру мониторингiнiң ағымдағы нәтижелерi бойынша жыл сайынғы қорытынды құжаттың мазмұнын айқындайды.
4. Бiлiм беру мониторингiнің деректерi мемлекеттiк статистика деректерiн қамтиды және барлық бiлiм беру ұйымдарын және барлық деңгейдегi білім берудi басқару органдарын қамтитын бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құрайды және әртүрлі санаттағы пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерiн толық қанағаттандыруға арналған.
Білім беру мониторингi шеңберiнде пайдаланылатын мемлекеттік статистика деректерi "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жиналады, өңделедi және таратылады.
5. Бiлiм беру мониторингiнiң мақсаты Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi туралы, ондағы сапалық және сандық өзгерiстер туралы тұтастай көзқарасты қалыптастыру, бiлiм беру жүйесiн дамыту үрдiстерiне талдау және болжау жүргiзу және саланы басқару тетігін жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды пысықтау үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
6. Бiлiм беру мониторингiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) бiлiм беру жүйесiнің жай-күйi туралы, ондағы сапалық және сандық өзгерiстер туралы тұтастай көзқарасты қамтамасыз ететін көрсеткiштер кешенiн әзiрлеу;
2) бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты зерделеу және жүйелеу, оның дамуындағы терiс және оң үрдiстердi айқындау және осының негізiнде басқару саласындағы жағымсыз үрдiстердi жою мен тәжiрибенi тарату жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) бiлiм беру жүйесiнде болып жатқан процестер туралы ақпаратты жыл сайын және көрнекi ұсынуды қамтамасыз ету;
4) бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi мен дамуын талдау және болжауды ақпараттық қамтамасыз ету, басқарушылық шешiмдер жобаларын әзiрлеу;
5) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу мақсатында бiлiм беру саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдау және оны қолданудың тиімдiлігiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдау;
6) бiлiм беру сапасының халықаралық салыстырмалы зерттеулерiнiң нәтижелерiн талдау болып табылады.
7. Бiлiм беру мониторингiнiң негізгі субъектісi бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган болып табылады.
Бiлiм беру мониторингінің субъектiлерi мынадай иерархиялық жүйенi құрайды:
1) бiлiм беру ұйымдары;
2) аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың бiлiм берудi басқару органдары;
3) облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бiлiм берудi басқару органдары;
4) бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган.
8. Білім беру мониторингінiң объектiсi нақты мониторингтік рәсiмдер бағытталған бiлiм беру жүйесi болады.
9. Бiлiм беру мониторингінің мәнi оқыту процестерiнiң жүзеге асырылу нәтижелерi мен шарттары өзгерiстерiнің, білім алушылар контингентiнiң, бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң жай-күйi мен серпiнi болады.
10. Бiлiм беру мониторингінің барлық рәсiмдерiн ұйымдық-әдiстемелiк және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етiлуiн салалық үйлестiрудi бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
11. Жергілікті деңгейде бiлiм беру мониторингінің функциялары жергілікті бiлiм берудi басқару органдарына жүктеледi.
3. Білім беру мониторингінiң құрылымы мен түрлерi
12. Бiлiм беру мониторингiнiң құрылымына статистикалық есептілік индикаторларының жиынтығы болып табылатын мониторингтік қызметтiң мынадай көрсеткiштерi мен нұсқаулықтарының кешенi кiредi:
мемлекеттік статистикалық есептілік;
бiлiм беру ұйымдарын лицензиялау, мемлекеттiк аттестаттау мен аккредиттеу рәсiмдерiнiң нәтижелерi;
бiлiм беру саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың бiлiм берудi басқару органдарының, бiлiм беру ұйымдарының қызметтерiн тексеру нәтижелерi;
бiлiм алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелерi;
жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарының жоғары сатысының бiлiм алушыларын ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерi;
талапкерлердi кешендi тестілеу нәтижелерi;
екiншi (үшiншi) курс студенттерiн, жалпы орта бiлiм берудiң бастауыш және негiзгi сатысының оқушыларын аралық мемлекеттік бақылау нәтижелерi;
педагогикалық және басшы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау туралы деректер;
инновациялық қызметті сараптау деректерi;
мемлекеттiк органдардың сұрауы бойынша жүзеге асырылатын зерттеулер есептерi;
халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелері;
жұмысшы кадрлар мен техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарының кәсiби даярлығын, біліктілігін растау және оны берудi бағалау нәтижелерi;
мониторингтік тексерулердің нәтижелерi;
социологиялық зерттеулердiң нәтижелерi.
13. Барлық жиналатын ақпараттар:
бiлiм беру ұйымдарының желiсiн;
жағдайларды (қаржылық, материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық, бағдарламалық-әдiстемелiк, кадрлық);
жалпы мәлiметтер: бiлiм алушылар мен тәрбиеленушілер контингентiн, олардың денсаулығы туралы деректердi, оқу жетiстіктерiнiң нәтижелерiн;
тәжiрибелiк-эксперименталдық және ғылыми-зерттеу қызметті;
әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдауды;
бiлiм беру ұйымдарының, бiлiм берудi басқару органдарының және тұтастай бiлiм беру жүйесiнiң қызметiн қоғамдық бағалауды сипаттауы тиiс.
14. Білім беру мониторингі бiлiм беру жүйесі туралы ақпаратты жинау, жүйелі есепке алу, өңдеу мен талдау, сондай-ақ сақтау, жаңарту, жинақтау және тарату жолымен бiлiм беру ұйымдарының қызметiн жүйелi байқау түрiнде жүзеге асырылады.
15. Бiлiм беру мониторингiнің көрсеткiштерi мен индикаторларының тiзбесiн, деректер беру нысандары мен форматтарын, оларды беру тәсiлдерiн, қорытындылау рәсiмдерiн бiлiм беру саласындағы Орталық атқарушы орган айқындайды.
16. Бiлiм беру ұйымдарының қызметі туралы бастапқы ақпаратты жинау, есеп берудi қалыптастыру және оны ықпалдастыру, талдау және оны бiлiм беру мониторингi субъектілерiнiң ағымдағы жылғы бiлiм беру мониторингіне орталық атқарушы органға беру есептi күнтiзбелiк жылдан кейiнгi 5 қаңтарда аяқталады.
17. Бiлiм беру мониторингi субъектілерiнiң бiлiм беру мониторингі деректерiн ұсынуы иерархия сақтала отырып тегiн жүзеге асырылады және мiндетті талап болып табылады.
18. Бiлiм беру мониторингінің қорытындыларын шығарудың кезеңділігi жылына 1 рет, 1 сәуiрге дейiн белгiленедi.
19. Бiлiм беру мониторингiнiң жыл сайынғы нәтижелерi қорытынды құжат - Республиканың бiлiм беру жүйесінің жай-күйі туралы ұлттық баяндамада ресiмделедi, ол фактiлердi айқындаудан, ұйғарымдардан, даму болжамы мен қажетіне қарай ұсыныстардан тұруы тиiс.
Қорытынды құжатқа статистикалық деректер, құрылған тәуелдiлiк пен заңдылық диаграммалары қоса берiледi.
Бiлiм алушылардың оқу жетістіктерiне әр жылға қойылатын белгiленген нақты талаптарға байланысты Ұлттық баяндаманың мазмұны өзгеруi мүмкін.