"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 548 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 442 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 285-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      "7. Бюджеттік бағдарламалар" деген бөлімде:
      "7.1. Бюджеттік бағдарламалар" деген кіші бөлімде:
      "001 Елдің экономикалық дамуына және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға көмектесетін жерді тиімді пайдалануға және қорғауға геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етуге жағдай жасау жөніндегі қызметтер" деген бюджеттік бағдарламада:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде "өңіраралық" деген сөз "аумақтық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "002 Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің күрделі шығыстары" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Сипаттама" деген жолда "өңіраралық" деген сөз "аумақтық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "003 Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қалыптастыру" деген бюджеттік бағдарламада:
      "2012 жыл" деген бағанда:
      "МЖК ААЖ серверлік жабдықтарына техникалық қызметтер көрсету", "МЖК ААЖ сүйемелдеу және пайдалану" және "Виртуалды қорғалған жүйені ұйымдастыру" деген жолдар "1" деген санмен толықтырылсын;
      "Бюджет шығыстарының көлемі" деген жолдағы "2 565 987" деген сандар "2 834 087" сандармен ауыстырылсын;
      "7.2. Бюджеттік шығыстардың жиынтығы" деген бөлімде:
      "2012 жыл" деген бағанда:
      "Бюджеттік шығыстардың БАРЛЫҒЫ:" және "Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар" деген жолдардағы "6 558 738" деген сандар "6 826 838" деген сандармен ауыстырылсын;
      "003 "Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қалыптастыру" деген жолдағы "2 565 987" деген сандар "2 834 087" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады