Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне бәсекелестiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне
бәсекелестiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар;№ 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26-құжат, 27; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар):
1) 196-бапта ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту. Осы баптағы iрi мөлшердегi табыс деп сомасы екi жүз мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс танылады.
Азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада келтiрiлген зиян, не ұйымға немесе мемлекетке қылмыс жасалған сәтке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен он мың есе асатын сомада келтiрiлген зиян iрi зиян деп танылады.».
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат: 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар):
1) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«147-бап. Монополистiк қызмет
1. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы заңнамалық актiсiнде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы заңнамалық актiсiнде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы заңнамалық актiсiнде тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) он пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы заңнамасымен тыйым салынған нарық субъектілерінің бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерінің кез келген нысанына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн жеке және заңды тұлғалардың үйлестіруі, -
жеке тұлғаға - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаға - үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Судья бәсекелестiкке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер түрiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған нарық субъектiсiн, жиынтығында мынадай:
1) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер туралы монополияға қарсы органға мәлiмдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге немесе келiсiлген iс-әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату жөнiнде жедел шаралар қабылдаған;
3) нарық субъектiсi мәлiмдеу кезiнен бастап бүкiл тергеу бойында бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттердiң фактiлерi туралы толық ақпаратты хабарлаған;
4) нарық субъектiсiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттердi жасау салдарынан тұтынушыларға келтiрiлген залалдарды ерiктi түрде өтеу шарттары сақталған кезде монополиялық табысын тәркiлеуден босатуы мүмкiн.»;
2) 147-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«147-2-бап. Экономикалық шоғырлану кезiнде нарық
субъектiлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерi
1. Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет болған жағдайда, нарық субъектiлерiн оның рұқсатын алмай, экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы, -
жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған жағдайда, мұндай хабарламаны монополияға қарсы органға бермеуі немесе уақтылы бермеуі, -
жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».
3. «Бәсекелестiк туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат, № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 4-бап мынадай мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Осы бапта көрсетілген қағидаттар барлық нарық субъектiлерiне осындай нарық субъектілерінің тең жағдайда ұйымдық-құқықтық нысандарына және тiркелген орнына қарамастан, бiркелкi түрде және бірдей шамада қолданылады.»;
2) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) әлеуетті бәсекелес:
бәсекелестің тауарына ұқсас не бірін-бірі өзара алмастыратын тауарларды шығару және (немесе) өткізу мүмкіндігі бар (жабдықтары, технологиялары бар), бірақ тиісті тауар нарығында оны шығармайтын және өткізбейтін нарық субъектісі»;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) бәсекелес – сәйкес тауар нарығында нарық субъектілері тауарларына ұқсас және (немесе) олармен өзара алмастырылатын тауарды өндіретін және өткізетін тауар нарығында басқа нарық субъектілерімен жарыспалылық қалпында болатын нарық субъектісі»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) нарық субъектiсi – өзіне табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы, шетелдiк заңды тұлға, олардың филиалдары мен уәкiлдiктерi»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) тікелей бақылау - жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бір немесе бірнеше іс-қимылдар арқылы заңды тұлға қабылдаған шешімдерді айқындау мүмкіндігі:
оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;
заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;
заңды тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталын құрайтын акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50-ден астам пайызына иелік ету»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) тергеу - монополияға қарсы органның осы Заңда көзделген тәртіпте Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын растайтын дәлелдемелерді жинауға бағытталған іс-шаралары»;
16-тармақшада «тізбесі.» сөзі «тізбесі;» сөзімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) жанама бақылау - олардың араларында тікелей бақылау болатын заңды тұлға немесе бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімді жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның айқындау мүмкіндігі.»;
3) 7-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (қатысу үлестерiнiң, пайлардың) тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) елу пайыздан астамына тұлғаның билiк етуге құқығы болса»;
4) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер
1. Бір тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілері арасындағы – бәсекелестерге:
1) бағаларды (тарифтерді), жеңілдіктерді, үстемеақыларды (қосымша ақыларды) үстеме бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға;
2) сауда-саттықтарда бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға;
3) тауар нарығының аумақтық қағидаты, тауарларды сату немесе сатып алу көлемі, өткізілетін тауарлар ассортименті не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге;
4) тауарлар өндірісін қысқартуға немес тоқтатуға;
5) белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушілермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкелуі мүмкін келісімдерге тыйым салынады.
2. Егер:
1) сатушы сатып алушы үшін тауарды қайта сатудың ең жоғары бағасын белгілейтін жағдайды қоспағанда, келісімдер тауарды қайта сату бағасын белгілеуге әкелетін немесе әкелуі мүмкін болса;
2) келісімде сатушының бәсекелесі болып табылатын нарық субъектісінің тауарын сатып алушының сатпау міндеттемесі көзделсе, нарық субъектілері арасындағы сатылы келісімдерге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауар белгісімен тауарларды сатуды ұйымдастыру туралы келісімдерге не сатушыны немесе өндірушіні жекелендірудің өзге құралдарына қолданылмайды.
3. Нарық субъектілерінің арасындағы кез келген нысанда қол жеткізілген, нәтижесінде бәсекелестікті шектеуге алып келетін немесе алып келуі мүмкін бәсекелестікке қарсы келісімдерге, оның ішінде:
1) басқа нарық субъектілерімен маңызы бірдей шарттарға кемсітетін талаптарды, оның ішінде тауарларды сатып алудың және (немесе) өткізудің келісілген талаптарын белгілеуге немесе ұстап тұруға;
2) сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын оларды өткізудің белгіленген тәртібін бұзу, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұзу нәтижесінде бұрмалауға;
3) тауарларды өткізуді негізсіз шектеуге немесе тоқтатуға;
4) нарықтың басқа субъектілерінің белгілі бір тауарларды сатушылар (өнім берушілер) немесе олардың сатып алушылары ретінде тауар нарығына кіруін шектеуге немесе оларды нарықтан ығыстырып шығаруға;
5) келісімшарт жасаушы агенттердің өзінің мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер (қаржы қаражатын және өзге де мүлікті, мүліктік немесе мүліктік емес құқықтарды беруді негізсіз талап ету) қабылдауы кезінде шарттар жасасуға қатысты бәсекелестікке қарсы келісімдерге тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен толығымен немесе ішінара жарамсыз деп танылады.
Осы тармақта белгіленген тыйымдар коммерциялық концессияның (франчайзингінің) шарттары болып табылатын не нарық субъектілерінің жиынтық үлесі тауар нарығында жиырма пайыздан аспаса, сатылы келісімге қолданылмайды.
4. Нарық субъектілерінің экономикалық қызметін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында санамаланған салдарға әкелетін немесе әкеле алатындай үйлестіруіне тыйым салынады.
5. Осы баптың ережелері, егер нарықтың осындай субъектілерінің бірі нарықтың басқа екінші субъектісіне қатысты тікелей немесе жанама бақылау белгілеген болса, сондай-ақ егер нарықтың мұндай субъектілері бір тұлғаның тікелей немесе жанама бақылауында болса, бір тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілері арасындағы келісімге қолданылмайды.
6. Осы баптың талаптары зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтарды және оларға теңестірілген заңды тұлғаның жекелендіру құралдарын, өнімдерді, жұмыстарды немесе қызметтерді жекелендіру құралдарын жүзеге асыру туралы келісімдерге қолданылмайды.
7. Осы бапта көзделген келісімдер осы баптың 2-тармағын қоспағанда, егер олар нарық субъектілеріне осы келісімдердің мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болып табылатын шектеулер қоймаса және тиісті тауар нарығында бәсекелестікті жою үшін мүмкіндік жасамаса және егер нарық субъектілері мұндай келісімдер өз нәтижесінде:
1) тауарлар өндіруді (өткізуді) жетілдіруге немесе техникалық (экономикалық) прогреске ынталандыруға не әлемдік тауар нарығында Тараптардың тауар өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жәрдемдесуі;
2) тұтынушылардың тиісті тұлғалардың мұндай іс-қимылдарды жасауынан иеленетін артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлігін алуына әкелетін немесе әкелуі мүмкін деп дәлелденсе жол беріледі деп танылуы мүмкін.»;
5) 11-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. нарық субъектiлерiнiң iс-қимылдары олардың әрқайсысына белгiлi болса»;
6) 12-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Нарық субъектісінің үстем жағдайы Еуразиялық экономикалық комиссиясы бекітетін Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне сәйкес мынадай мән-жайларды талдауды негізге ала отырып белгіленеді:
1) нарық субъектісінің үлесі және оның бәсекелестері мен сатып алушыларының үлестерімен арақатынасы;
2) нарық субъектісінің біржақты тәртіппен тауар бағасының деңгейін айқындауы және тиісті тауар нарығында тауар өткізудің жалпы жағдайына шешуші ықпал ету мүмкіндігі;
3) тауар нарығына кіру үшін экономикалық, технологиялық, әкімшілік немесе өзге де шектеулердің болуы;
4) жұмыс істеу кезеңінде нарық субъектісінің тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайына шешуші ықпал ету мүмкіндігі.»;
7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдалану
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болдырмауға, шектеуге және жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерiне қысым жасайтын әрекеттерiне немесе әрекетсiздiктерiне, оның iшiнде:
1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеуге, ұстап тұруға;
2) нарық субъектiлерiмен жасалған маңызы бiрдей келiсiмдерге әділетті айқындалған себептерсіз әртүрлi бағалар қолдану не әртүрлi талаптар қоюға;
3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу талаптары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеуге;
4) нарық субъектiсiне өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдердiң мәніне қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату жолымен келiсiмдер жасасу үшін шарт қоюға не оны күштеп таңуға;
5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi бола тұрып жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту немесе не осындай шарт жасасуға бiр айдан асатын мерзiмде жауап бермеуден білінетін жалтаруға;
6) тауарлар жеткізуде бәсекелестер өндiретiн не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулерді қабылдау арқылы шарт қоюға;
7) тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру немесе жеткізу мүмкiндiгi бола тұрып, өндiру және (немесе) жеткізу көлемiн негiзсiз қысқарту немесе өндiру мен (немесе) жеткізуді тоқтатуға;
8) егер тауарды алып қоюдың нәтижесi тауардың бағасын көтеру болып табылса, айналымнан тауарды алып қоюға;
9) контрагентке ол үшiн пайдасы жоқ немесе шарттың мәніне жатпайтын шарттың экономикалық немесе технологиялық негiзделмеген шарттардың талаптарын күштеп таңуға;
10) басқа нарық субъектiлерінiң тауар нарығына кiруiне немесе тауар нарығынан шығуына кедергiлер жасау сияқты iс-әрекеттерiне тыйым салынады.»;
8) 31-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Монополияға қарсы орган мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру болжанатын тауар нарықтарын тексеруге, аталған тауар нарықтарында бәсекелестіктің даму деңгейі туралы, оның ішінде аталған тауар нарығында мемлекеттің мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық жүргізу серіктестігі, акционерлік қоғам тұлғасында қатысу мерзімі туралы қорытынды дайындауға және өтінішхат берген тұлғаға дәйекті шешімді өтiнiшхат келiп түскен кезден бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде жiберуге мiндеттi.»
9) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы
іс-әрекеттері және келісімдері
1. Мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкелетін немесе әкелуі мүмкін актілер не шешімдер қабылдаудан көрінетін бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттеріне, мұндай іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тыйым салынады және олар толықтай немесе ішінара жарамсыз деп танылады.
2. Мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, өзге де олардың функцияларын жүзеге асыратын органдар немесе ұйымдар немесе олардың арасындағы және шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы келісімге, егер мұндай келісім халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, бәсекелестікті болдырмауға, шектеуге немесе жоюға әкелетін немесе әкелуі мүмкін келісімдерге тыйым салынады.»;
10) 34, 35, 36-баптар алып тасталсын;
11) 39-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады»;
9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектілерін тізілімге енгізу және одан алып тастаудың тәртібін әзірлеу»;
27-тармақшада «асырады.» сөзі «асырады;» сөзімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) жүргізетін бәсекелестік саясаттың ақпараттық ашықтығын, сонымен қоса монополияға қарсы органның қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және монополияға қарсы органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.»;
12) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
«40-1-бап. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу
1. Тізілімді бекіту және оған өзгерістер енгізу Монополияға қарсы орган басқармасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2. Тізілім Монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша бекітіледі.
3. Монополияға қарсы органның басқармасы нарық субъектілерін тізілімге енгізу (алып тастау) туралы шешім қабылдаған жағдайда, аталған нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне Монополияға қарсы орган басқармасы нарық субъектілерін тізілімге енгізу (алып тастау) туралы шешімді қабылдаған сәттен бастап, он жұмыс күні ішінде тізілімнен көшірме жібереді.
4. Тұлғалар тобы тізілімге бір нарық субъектісі ретінде енгізіледі және бұл ретте тұлғалар тобына кіретін, тиісті тауар нарығында қызмет көрсететін барлық заңды тұлғалар көрсетіледі.
5. Үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектілерін тізілімге енгізу және одан алып тастау Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тәртіпте жүзеге асырылады.
13) 41-баптың 1-тармағы 7) тармақшасы алып тасталсын;
14) 7-тараудың аты мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Монополияға қарсы органның реттеуші, құқық қорғау органдармен және басқа мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимылы»;
15) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:
«44-1-бап. Монополияға қарсы органдардың басқа мемлекеттердің
монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимылы
1. Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде Кеден одағы елдерінің монополияға қарсы органдары мәліметтерді жіберу туралы сұрату, кеңестер жүргізу, тергеулер жөнінде хабарлау туралы өзара iс-қимылдарын, сонымен қатар хабарламаларды жіберу жолымен жүзеге асырады.
2. Егер Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы өзге де халықаралық ұйымдарға мүше болып табылса, онда монополияға қарсы орган ұйымдарға қатысу шеңберінде сұрау салуларды жіберуге және өзге де мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының сұрау салулары бойынша ақпарат беруге құқылы.»;
16) Заңның 49, 50 және 51-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Экономикалық шоғырландыруға мемлекеттік бақылау
1. Үстем не монополиялық жағдайдың пайда болуын немесе күшеюін және (немесе) бәсекелестікті шектеуді болғызбау мақсатында монополияға қарсы орган осы Заңның 50-бабының 1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмілелерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыруға монополияға қарсы органның алдын алу( келісімі түрінде немесе оның осы Заңның 50-бабының 1-тармағы 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер туралы хабарлауы көрінетін экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды іске асырады.
2. Экономикалық шоғырлануды жасаған не жасауға ниеттенген нарық субъектілері экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатпен монополияға қарсы органға жүгінеді немесе осы заңда көзделген тәртіппен жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органды хабардар етеді.
3. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсімдерді (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолдана отырып жүргізілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтінішхат конкурс рәсімі басталғанға дейін де, одан кейін де, бірақ жеңімпаз жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірілмей берілуі мүмкін.
4. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тіркеуші орган нарық субъектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады.
5. Монополияға қарсы органның келісімінсіз жасалып, нарық субъектісінің немесе тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекелестікті шектеуге әкелген экономикалық шоғырлануды сот монополияға қарсы органның талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
Осы бапты бұза отырып жүзеге асырылған нарық субъектісін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен заңсыз деп танылуы мүмкін және олардың күші жойылады.»;
50-бап. Экономикалық шоғырлану
1. Мыналар:
1) нарық субъектiсiн бiрiгу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларды (қатысу үлестерiн, пайларды) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (қатысу үлестерiне, пайларына) билiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (қатысу үлестерiнiң, пайлардың) жиырма бес немесе одан да аз пайызына билiк етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (қатысу үлестерiнiң, пайлардың) жиырма бес пайыздан астамына билiк етуге құқық алады;
3) егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) мәні болып табылатын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе басқаға беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтерiнің баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құрал-жабдықтарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiнен меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы;
4) нарық субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметтi басқа нарық субъектiсi жүргiзген кезде олардың орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтар алуы;
5) бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңесiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалар көрсеткен аталған субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын анықтау жағдайында қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.
2. Мыналар:
1) нарық субъектiсiнiң акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) қаржылық ұйымдардың сатып алуы, егер бұл сатып алу, оларды кейiннен қайта сату мақсатында аталған ұйымның нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беруге қатыспауы шартымен жүзеге асырылатын болса;
2) оңалтушы немесе конкурстық басқарушыны, уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмшiнi) тағайындау;
3) осы баптың 1-тармағында аталған мәмiлелердi жүзеге асыру, егер мұндай мәмiле бiр тұлғалар тобының iшiнде жасалса, экономикалық шоғырлану болып танылмайды.
3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығындағы акциялары (қатысу үлестерi, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтiнiшхат берiлген күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асып кеткен немесе мәмiлеге қатысушы тұлғалардың бiрi тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайларда осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған мәмiлелердi жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келiсiмi не оның осы Заңның 1-тармағының 4), 5) тармақшаларында аталған мәмілелер туралы хабарламасы талап етiледi.
Егер қаржылық ұйым активтерiнiң құны не өз капиталының шамасы монополияға қарсы органның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерлерiнен асып кетсе, қаржылық ұйымдардың қатысуымен экономикалық шоғырлануға келiсiм беру жүзеге асырылады.
4. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарын талдау негiзiнде аталған нарықтар үшiн осы бапта көрсетiлген мәмiлелердi жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келiсiмi қажет болатын активтер құнының жоғары мөлшері мен тауарлар өткiзу көлемiнiң неғұрлым жоғары мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
5. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы баптың 3-тармағына сәйкес экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiшхат берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды өткiзуден түскен табыс (ақшалай түсiм) сомасы ретiнде қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады.
Нарық субъектiсi қызметті бiр жылдан кем мерзімде жүзеге асырған жағдайда тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсi жұмыс iстеген кезең үшiн айқындалады.
6. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәмілелер жүзеге асырылған жағдайда монополияға қарсы органның алдын ала келісімі талап етіледі.
Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмілелер жүзеге асырылған жағдайда монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлану мәміле жасалған мерзімнен кейін қырық бес күннен кешіктірілмей хабардар етілуі тиіс.»;
51-бап. Экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы
өтінішхат беретін тұлғалар
1. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органға өтiнiшхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық субъектiлерiнiң құрылтайшылары бередi.
2. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы өтiнiшхатты монополияға қарсы органға акцияларды (қатысу үлестерiн, пайларды), негiзгi өндiрiс құрал-жабдықтарын, материалдық емес активтердi немесе тиiстi құқықтарды иелетін тұлға бередi.
3. Егер осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған мәмiленiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда өтiнiшхатты мәмiлеге қалған қатысушылардың атынан олардың бiреуi беруi мүмкiн. Өтiнiшхатта экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн монополияға қарсы органда бiлдiруге уәкiлеттi тұлға көрсетiледi.»;
17) Заңның 53, 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар
1. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты табыс ету үшiн қажеттi құжаттама:
1) тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы;
2) қызмет түрлерiндегi немесе олардың iскерлiк операцияларының ауқымындағы жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;
3) құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шартын немесе олардың жобалары;
4) құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiктердi беру мәлiметтерi мен шарттарының тiзбесi;
5) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша:
атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, заңды және нақты мекен-жайы, қатысу нысаны;
жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
жеке тұлға бойынша - жеке басын куәландырушы құжат деректерi, азаматтығы жөнінде мағлұматтар, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы;
6) басқа да нарық субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) мүшелерi болып табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) лауазымы көрсетiлген мүшелерiнiң тiзiмi;
7) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың Қазақстан Республикасындағы экспорт және импорт көлемi;
8) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына импорты және экспортының көлемi;
9) белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасау нәтижесiнде өндiру және өткiзу болжамы қамтылады.
2. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты беру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердiң тiзбесi:
1) шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша:
атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды және нақты мекен-жайы, қатысу нысаны;
жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландырушы құжат деректерi, азаматтығы туралы мағлұматтар, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы;
өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына тиісті экспорты пен импортының көлемi;
3) басқа да нарық субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) мүшелерi болып табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) лауазымы көрсетiлген мүшелерiнiң тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-қимылдар жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың Қазақстан Республикасына тиісті экспорты пен импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына тиісті экспорты пен импортының көлемi;
6) мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде:
сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн билiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акцияларының (қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санынан пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
сатып алушының нарық субъектiсiне және оның тұлғалар тобына қатысты алатын құқықтарының тiзбесi;
7) белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасау нәтижесiндегi өндiру және өткiзу болжамы қамтылады.
3. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiшхат беру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) шарт немесе шарттың жобасы;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша:
атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды және нақты мекенжайы, қатысу нысаны;
жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландырушы құжат деректерi, азаматтығы туралы мағлұматтар, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы;
сатып алынатын мүлiктi пайдалану арқылы өндiрiлетiн белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына тиісті экспорты пен импортының көлемi;
4) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтері;
5) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдалану арқылы тауарлар өндiру мен өткiзудiң болжамы;
6) белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасау нәтижесiндегi өндiрiлу және өткiзiлу болжамы қамтылады.
4. Шетелдiк заңды тұлғалар осы бапқа сәйкес берiлетiн ақпараттан басқа қосымша:
1) өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес оның заңды мәртебесiн растайтын шыққан елдiң сауда тiзiлiмiнен немесе өзге балама құжаттан нотариалдық расталған үзiндi көшiрмесін табыс етеді;
2) егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтер және филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн табыс етедi;
3) егер сатып алушының - шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетел қатысатын нарық субъектiсiнiң Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзiп көрсетiледi.
5. Егер қосымша мәлiметтердiң немесе құжаттардың болмауы өтiнiшхатты қарауға кедергi келтiретiн болса, монополияға қарсы орган өтiнiш берушiден немесе басқа тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан оларды сұратуға құқылы.
Монополияға қарсы орган ақпаратты немесе құжаттарды беру үшiн белгiлейтiн мерзiм он күнтiзбелiк күннен кем болмауы тиiс.»;
54-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау мерзімдері
1. Монополияға қарсы орган өтiнiшхатты алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде табыс етiлген материалдардың толықтығын тексеруге және өтiнiшхат берушi тұлғаны өтiнiшхатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
2. Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты қарау мерзiмi өтiнiшхат қарауға қабылданған кезден бастап елу күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
3. Өтiнiшхатты қарау мерзiмi монополияға қарсы орган немесе сот аталған өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, монополияға қарсы орган бұл туралы өтінішхатты қарауды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхатты берген тұлғаны хабардар етуге міндетті.
4. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарау барысында шешім қабылдау үшін нарық субъектісінен және (немесе) мемлекеттік органнан қажетті қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
5. Қосымша ақпарат беру кезеңінде өтінішхатты қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, монополияға қарсы орган бұл туралы өтінішхат берген тұлғаны жазбаша хабардар етуге міндетті.
6. Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты қарауды тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғаннан кейiн қарауды қайта бастайды. Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты қарау мерзiмiнiң өтуi қарау қайта басталған күннен бастап жалғасады.
7. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарауды тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтiнiшхат берушiнi өтiнiшхатты қарауды қайта бастау туралы жазбаша түрде хабардар етуі тиiс.»;
18) мынадай мазмұндағы 54-1, 54-2 тармақшалармен толықтырылсын:
54-1-бап. Іске асырылған экономикалық шоғырлану туралы
монополияға қарсы органды хабардар ету тәртібі
Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жасауға ниеттенген нарық субъектілері экономикалық шоғырландыруды жүзеге асырғаннан кейін қырық бес күннен кешіктірмей монополияға қарсы органды хабардар етеді.
Іске асырылған экономикалық шоғырлану туралы жазбаша хабарлама тікелей монополияға қарсы органға да, сондай-ақ байланыс мекемесі арқылы да берілуі мүмкін.
Мыналар:
1) өздері кәсіпкерлік қызметті жүргізген кезде басқа нарық субъектісінің орындауына міндетті нұсқаулар беруге немесе оның атқарушы органының функциясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін (оның ішінде сенімгерлік басқару туралы шарт, бірлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негізінде) құқықтарға ие болатын нарық субъектісі;
2) екі және одан да көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңесіне, байқаушы кеңестеріне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектілердің кәсіпкерлік қызметін жүргізу шартын айқындау жағдайында қатысатын белгілі бір жеке тұлға монополияға қарсы органды хабардар етуі тиіс.
54-2-бап. Монополияға қарсы органға жасалған экономикалық
шоғырлану туралы хабарламаға қоса берілетін құжаттама
1. Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген монополияға қарсы органға осы жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны беру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізілімі:
1) заңды тұлғамен расталған шарт көшірмесі немесе мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша:
атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды және нақты мекен-жайы, қатысу нысаны;
жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландырушы құжат деректерi, азаматтығы туралы мағлұматтар, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы;
өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына тиісті экспорты пен импортының көлемi;
3) басқа да нарық субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) мүшелерi болып табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) лауазымы көрсетiлген мүшелерiнiң тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың Қазақстан Республикасына тиісті экспорты пен импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына тиісті экспорты пен импортының көлемi;
6) мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде:
сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн билiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акцияларының (қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санынан пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
сатып алушының нарық субъектiсiне және оның тұлғалар тобына қатысты алатын құқықтар тiзімі;
7) белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасау нәтижесiндегi өндiрiлу және өткiзiлу болжамы қамтылады.
2. Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген монополияға қарсы органға осы экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiшхат беру үшiн қажеттi құжаттар тiзімі:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңесiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетiн жеке тұлға туралы мәлiмет:
жеке басын куәландыратын құжат деректерi, азаматтығы туралы мәлiметтер, жұмыс орны, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн өкiлеттiктерiн көрсете отырып, атқаратын лауазымы;
өкiлеттiктерiн көрсете отырып, оларда өтiнiшхат берушi тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын заңды тұлғалардың тiзбесi;
2) өтiнiшхат берушi тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
3) атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына өтiнiшхат берушi тұлғаның кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
4) атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына өтiнiшхат берушi тұлғаның кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтардың тiзбесi;
5) өтiнiшхат берушi тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын әрбiр нарық субъектiсi бойынша және тұлғалар тобында:
нарық субъектiсiнiң атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды және нақты мекен-жайлары;
тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына тиісті экспорты мен импортының көлемi көрсетiледi;
6) өтiнiшхат берушi тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi бойынша, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша:
нарық субъектiсiнiң атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды және нақты мекенжайлары;
өздерiнде өтiнiшхат берушi тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн немесе өткiзетiн белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына тиісті экспорты мен импортының көлемi көрсетіледі.»;
19) Заңның 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«55-бап. Экономикалық шоғырлануға тыйым салу
Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестiктi шектеуге алып келетiн болса, оған тыйым салынады.»;
20) мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:
«56-1-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық
шоғырлану туралы хабарламаны қарау нәтижелері
бойынша шешім қабылдауы
1. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама монополияға қарсы органға келіп түскеннен кейін қырық бес күнтізбелік күн өткеннен соң монополияға қарсы орган хабарлама жіберген тұлғаға мәміленің күшін жою қажеттігі туралы жазбаша жауап жібермесе, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылған болып саналады.
2. Егер монополияға қарсы орган іске асырылған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезінде оны жасау, оның ішінде үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюі жолымен бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелетін немесе әкелуі мүмкін екендігі белгіленетін болса, монополияға қарсы орган күнтізбелік отыз күн ішінде орындалуы тиіс нұсқама шығарады.
3. Нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган нарық субъектісін монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.»;
21) 58-баптың 2-тармағы:
4) тармақшада «табылады» сөзі «табылады;» сөзімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
«5) бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылған ақпарат.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тергеудің басталуы туралы бұйрықтың көшірмесі қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірілмей өтініш беруші мен тергеу объектісіне жіберіледі.»;
22) Заңның 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«59-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала
қарау
1. Монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәлiметтердi келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешіктірмей алдын ала қарауды жүргiзедi. Монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгiлерiнiң болуы туралы немесе болмауы туралы шешiм шығаруға мүмкiндiк беретiн нақты деректер жеткiлiксiз болған жағдайда, монополияға қарсы орган қосымша нақты деректердi жинау және талдау үшiн алдын ала қарау мерзiмiн бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Монополияға қарсы орган өтiнiш берушiнi өтiнiштi немесе материалдарды алдын ала қарау мерзiмiн ұзарту туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.
2. Монополияға қарсы орган заң бұзушылық туралы мәлiметтердi алдын ала қарау барысында жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан ақпарат пен құжаттарды жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқылы.
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар сұратылған ақпарат пен құжаттарды беруге мiндеттi.
3. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәлiметтердi қарау тапсырылған монополияға қарсы органның лауазымды адамы алдын ала қарау нәтижелерi негiзiнде қарау қорытындылары бойынша:
1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдарының бұзылуын тексеру туралы;
2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдарының бұзылуын тексеруден бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдау туралы қорытынды дайындайды.
4. Заң бұзушылық туралы мәлiметтердi алдын ала қарау қорытындыларын монополияға қарсы орган басшысы бұйрықпен бекiтедi. Бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күннен бастап үш күн iшiнде өтiнiш берушiге жiберiледi, ал тергеу жүргiзу туралы шешiм қабылданған жағдайда тергеу объектiсiне де жiберiледi.
5. Өзінің өтінішінің негізінде заң бұзушылық туралы мәліметтерді алдын ала қарау басталған тұлға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізуден бас тарту туралы бұйрық бойынша бiр айдың ішінде монополияға қарсы органның бiрiншi басшысына немесе Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында белгіленген тәртiппен сотқа шағым жасай алады.»;
23) 63-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басқа нарық субъектілерінің құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы бар материалдарын қоспағанда, iс материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жасауға және көшiрмелерiн алуға»;
24) 64-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Нарық субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызған жағдайда монополияға қарсы органға мәліметтерді берген кезде нарық субъектісі белгі қою арқылы оның сипатының құпиялылығын көрсетуге міндетті.»;
25) 67-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелерi бойынша монополияға қарсы органның лауазымды адамы қол қойған қорытындыны тергеу объектісі мен монополияға қарсы органның басқармасына жіберген күн тергеудiң аяқталуы болып есептеледi.».
2-бап. Осы Заң Еуразиялық экономикалық комиссиясы тиісті шешім қабылдаған сәттен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 6) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті