Еркін қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін тауарларды, еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 587 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 225-бабының 17) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдері Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекiтiлген Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ереженiң 37-тармағына сәйкес:
      1) еркін қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін;
      2) еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін тауарлар үшін белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады