Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын ("Мемсараптама" РМК) қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 591 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «Мемсараптама» РМК) оған «Мемсараптама» РМК-ның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 8 мамырдағы
№ 591 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің «Жобаларды мемлекеттік
ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосылатын еншілес
мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Ақтөбе аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Ақтөбемемсараптама» ЕМК).
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Атырау аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Атыраумемсараптама» ЕМК).
      3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Шығыс Қазақстан аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Шығысмемсараптама» ЕМК).
      4. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Жамбыл аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Жамбылмемсараптама» ЕМК).
      5. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы   республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Батыс Қазақстан аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Батысмемсараптама» ЕМК).
      6. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Қарағанды аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Қарағандымемсараптама» ЕМК).
      7. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Көкшетау аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Көкшетаумемсараптама» ЕМК).
      8. Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Қостанай аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Қостанаймемсараптама» ЕМК).
      9. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Қызылорда аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Қызылордамемсараптама» ЕМК).
      10. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы   республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Маңғыстау аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Маңғыстаумемсараптама» ЕМК).
      11. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Павлодар аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Павлодармемсараптама» ЕМК).
      12. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Солтүстік Қазақстан аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Солтүстікмемсараптама» ЕМК).
      13. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Талдықорған аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Талдықорғанмемсараптама» ЕМК).
      14. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Оңтүстік Қазақстан аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны («Оңтүстікмемсараптама» ЕМК).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады