"2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 638 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан -
Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы

      Астанада 2011 жылғы 27 шілдеде жасалған 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан -
Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әpi «Тараптар» деп аталатындар),
      2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әpi «Келісім» деп аталатын) 16-бабы негізінде,
      Бірінші учаскенің үшінші желісін салу жобасын уақтылы және ойдағыдай іске асыру мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) кіріспеде:
      үшінші абзацта «түрікмендік» деген сөзден кейін «, өзбек» деген сөзбен толықтырылсын;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қытай тарабының Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен газ сатып алу туралы келісімдер жасасатынын және оны Қазақстан Республикасының (бұдан әpi - ҚР) аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына (бұдан әpi - ҚХР) транзиттік тасымалдауды көздейтінін ескере отырып,»;
      2) 1-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бірінші учаске - газ құбырының Өзбекстан Республикасы мен ҚР шекарасынан Шымкент (ҚР) арқылы ҚР және ҚХР шекарасына, ҚХР аумағындағы Қорғас пунктінің ауданына дейінгі жиынтық өткізу қуаты жылына 40 (қырық) млрд. м3 «А» және «В» желілерінен, өткізу қуаты жылына 25 (жиырма бес) млрд. м3 «С» желісінен, сондай-ақ, бірыңғай көлік дәлізіндегі) басқа да желілерден тұратын учаскесі (бұдан әpi - Бірінші учаске);
      3) 2-баптың бipiншi бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан тарабынан - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әpi - ҚМГ) және/немесе ол тағайындаған аффилиирленген компаниялар(лар),
      Қытай тарабынан — Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпарациясы (бұдан әpi - ҚҰМҚ) және/немесе ол тағайындаған аффилиирленген компаниялар(лар).»;
      4) 4-бапта:
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Газ құбырын сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар Газ құбырындағы төтенше жағдайлар кезінде ic-қимылды үйлестірудің екі жақты немесе көп жақты тетігін жасайды.»;
      бесінші бөлікте:
      екінші абзацта «транзитке мемлекеттік алым» деген сөздер «газ транзиті үшін мемлекеттік алым немесе бюджетке өзге де міндетті төлем» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «ҚР аумағы арқылы тасымалдау кезінде транзиттік газдың сақталуын қамтамасыз етуді (төтенше және алдын алу мүмкін емес мән-жайларды қоспағанда (дүлей құбылыстар, әскери ic-қимылдар,  авариялар және т.б.), ҚР оңтүстік облыстарында Екінші учаске бойынша келіп түсетін газдың жетіспеуіне әкеп соққан, ол болған жағдайда Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы Уәкілетті ұйымдармен келісілген жоспарға сәйкес Бірінші учаскенің «С» желісі бойынша тасымалданатын транзиттік газды, ал ол жетіспеген кезде — Бірінші учаскенің «А» және «В» желілері бойынша тасымалданатын транзиттік газды жедел алып қоюды жүзеге асыруға құқылы);
      жоғарыда көpceтілген жағдайда жедел іріктеуге жататын газды газ жөнелтушіге газды тасымалдауға жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, газдың коммерциялық бағасы негізінде есептелген газдың құнын да, барлық келтірілген залалдарды да жабатын төлемді дереу төлеуді қамтамасыз ету;»;
      бесінші абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      алтыншы бөлікте:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚХР-дың құзыретті ұйымдары Қытай тарабының Уәкілетті ұйымына газ шығарылатын елдегі газдың экспорттық бағасын негізге ала отырып, бәсекелес баға шартымен Газ құбырының соңғы пунктінде Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымынан экспорттық қазақстандық газды сатып алуды тапсырады;»;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «Тараптар келіскен тәртіппен ҚР мен ҚХР шекарасына жақын ҚХР аумағында Бірінші учаскенің газ өлшеу станцияларына ҚР мемлекеттік ұйымдарының лауазымды тұлғаларының кедергісіз кіруін қамтамасыз  ету.»;
      5) 5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тараптар Уәкілетті ұйымдарға Бірінші учаскенің «А» желісін  салуды 2009 жылдың соңына дейін аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырады. Тараптар Бірінші учаскенің «С» желісін салу қажеттігімен келіседі және Уәкілетті ұйымдарға оны салуды 2011 жылдың соңына дейін бастауды қамтамасыз етуді тапсырады.»;
      6-баптың үшінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      7-бапта:
      екінші бөліктегі «қытайлық Уәкілетті ұйымның» деген сөздер «Қытай тарабының Уәкілетті ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      8) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «                        8-бап

      Уәкілетті ұйымдар мен олардың аффилиирленген компанияларының Бірінші учаскенің қуатына Бірінші учаскенің меншік иесі болып табылатын ұйымдағы қатысу үлесіне барабар қол жеткізу құқықтары болады.
      Бірінші учаскенің «А» және «В» желілерінің қуаты осы Келісімнің қолданылу кезеңінде төмендегідей бөлінеді:
      Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін жылына 30 (отыз) млрд. м3;
      Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін жылына 10 (он) млрд. м3.
      Бірінші учаскенің «С» желісінің қуаты осы Келісімнің қолданылу кезеңінде былайша бөлінеді:
      Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін жылына 20 (жиырма) млрд. м3;
      Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін жылына 5 (бес) млрд. м3.
      Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы немесе оның аффилиирленген компаниялары жеткізетін Қазақстаннан шығатын газ Бірінші учаскенің Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін бөлінген қуаты есебінен Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары үшін көзделген басымдыққа сәйкес тасымалданады.
      Егер Бірінші учаскенің қолданыстағы қуаты газдың мәлімделген көлемін тасымалдауды қамтамасыз етпеген жағдайда, Уәкілетті ұйымдар оның қуатын ұлғайту мақсатында Бірінші учаскеге тиісті техникалық қайта жаңғартуды жүргізу туралы мәселені немесе бірыңғай көлік дәлізінде жаңа газ құбырын салу мүмкіндігін қарайды.
      Бірінші учаскенің қуатын ұлғайтуды Тараптар немесе Тараптардың біpi жүзеге асырады. Бірінші учаскенің қуатын ұлғайту туралы шешімдер қабылдау Уәкілетті ұйымдар бірлесіп әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде жүзеге асырылады.
      Тараптардың бipiнен Бірінші учаскенің қуатын осылай ұлғайтуға келісім алынбаған жағдайда, Бірінші учаскенің қолданыстағы қуаты Бірінші учаскенің меншік иeci болып табылатын ұйымдағы қатысу үлесіне барабар қайта бөлінетін болады.
      Бірінші учаскенің қуатын жоғарыда көрсетілген бөлуге сәйкес Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары  Бірінші учаскенің қуатын мынадай басымдықта:
      1) Бірінші учаскенің технологиялық мұқтаждықтарына қажетті газ  тасымалдау үшін;
      2) транзиттік және экспорттық газдың көлемін тасымалдау үшін;
      3) ҚР-ның ішкі нарығына газ жеткізу үшін;
      4) Уәкілетті ұйымдар газды сатып алу-сатудың коммерциялық шарттары бойынша ұзақ мерзімді негізде сатып алатын газды жеткізу үшін пайдаланады.
      Бірінші учаскенің қуатын жоғарыда көрсетілген бөлуге сәйкес Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және оның аффилиирленген компаниялары Бірінші учаскенің қуатын мынадай басымдықта:
      1) Бірінші учаскенің технологиялық мұқтаждықтарына қажетті газ тасымалдау үшін;
      2) ҚР-ның ішкі нарығына газ жеткізу үшін;
      3) экспорттық және транзиттік газдың көлемін тасымалдау үшін:
      4) Уәкілетті ұйымдар газды сатып алу-сатудың коммерциялық шарттары бойынша ұзақ мерзімді негізде сатып алатын газды жеткізу үшін пайдаланады.
      Біp Тараптың Уәкілетті ұйымы және осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниялары ic жүзінде пайдаланбаған Бірінші учаскенің қуаты болған кезде, екінші Тараптың Уәкілетті ұйымы және осы екінші Тараптың Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниялары осы  екінші Тараптың Уәкілетті ұйымы және осы екінші Тараптың Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниялары үшін айқындалған жоғарыда көрсетілген басымдыққа сәйкес Бірінші учаскенің осындай қуатын пайдаланудың басым құқығына ие болады.
      Уәкілетті ұйымдар мен олардың аффилиирленген компаниялары Екінші учаскенің жобасын icкe асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйымдағы қатысу үлесіне барабар Екінші учаскенің қуатына қол жеткізу құқығына ие болады. Бұл ретте Екінші учаскенің қуатына қол жеткізудің осындай бөлуіне қарамастан, қол жеткізудің басым құқығына ҚP ішкі нарығына газ жеткізетін Уәкілетті ұйым немесе Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясы (аффилиирленген компаниялары) ие болады.
      Екінші учаскенің қуаты мынадай басымдықта:
      1) Екінші учаскенің технологиялық мұқтаждықтарына қажетті газды тасымалдау үшін;
      2) ҚР ішкі тұтынуына газ жеткізу үшін;
      3) ҚХР-ға экспорттық газды тасымалдау үшін;
      4) ҚХР-ға транзиттік газды тасымалдау үшін пайдаланылады.
      Осы Kелісімде көрсетілген «тасымалда немесе төле» («ship or pay») қағидаты бойынша Екінші учаске арқылы газ тасымалдау туралы келісімді (келісімдерді) орындау шеңберінде Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниялары ic жүзінде пайдаланбаған Екінші учаскенің қуаты болған кезде осындай қуатты пайдаланудың басым құқығы Қытай тарабының Уәкілетті ұйымына және осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компанияларына тиесілі болады. Бұл ретте, осы басым құқықты пайдалануда Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниялары Екінші учаске арқылы ic жүзінде тасымалданатын газдың көлемі және үшінші тұлғаның (үшінші тұлғалардың) Екінші учаске арқылы ic жүзінде тасымалдайтын газының
көлемі, осы Келісімде көрсетілген жылына 5 (бес) млрд. м3 газ беру жөніндегі Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясы (компаниялары) қабылдаған міндеттемелерді орындаудағы тасымалданатын газдың көлемі ретінде ескерілетін болады.»;
      9) 9-бап мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Түрікменстаннан және (немесе) Өзбекстаннан шығатын газ ҚР оңтүстік облыстарында ішкі тұтыну үшін Бірінші учаскенің «С» желісі арқылы мынадай шарттардың, барлығы сақталған кезде жеткізілуі мүмкін:
      1) ҚР оңтүстік облыстарында газ жетіспеу мүмкіндігі болған жағдайда, Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы Қытай тарабының Уәкілетті ұйымына ҚР оңтүстік облыстарының тұтынуы үшін Түрікменстаннан және (немесе) Өзбекстаннан шығатын газды мүмкін болатын жеткізу күніне дейін алты айдан кешіктірмей жеткізуді ұйымдастыруға жәрдемдесу туралы сұрау салуымен өтініш жасайды;
      2) Уәкілетті ұйымдар немесе Уәкілетті ұйымдардың аффилиирленген компаниялары осындай жеткізудің коммерциялық шарттары туралы келіссөздер жүргізеді;
      3) осындай жеткізудің коммерциялық шарттары туралы келісімге қол жеткізілген жағдайда, Уәкілетті ұйымдар және (немесе) Уәкілетті ұйымдардың аффилиирленген компаниялары осындай жеткізу туралы тиісті шарт (шарттар) жасасады және оны ұйымдастырады;
      4) кез келген осындай жеткізу Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымына және оның аффилиирленген компаниялары үшін бөлінген Бірінші учаскенің «С» желісінің қуаты есебінен жүзеге асырылады.
      Екінші учаске бойынша келетін газдың ҚР оңтүстік облыстарында жетіспеушілігіне әкеп соғатын төтенше және алдын алу мүмкін емес мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери ic-қимылдар, авариялар және т.б.) туындаған жағдайда Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы Уәкілетті ұйымдармен келісілген жоспарға сәйкес Бірінші учаскенің «С» желісі бойынша тасымалданатын транзиттік газды, ал ол жетіспеген жағдайда - Бірінші учаскенің «А» және «В» желілері бойынша тасымалданатын транзиттік газды жедел іріктеуді жүзеге асыруға құқылы.
      «А», «В» және «С» желілерінен басқа, қосымша желілер салу кезінде газ өлшеу станцияларының құрылысы ҚP мен ҚХР арасындағы шекараға жақын ҚР аумағында жүзеге асырылатын болады:»;
      10) 10-бапта «Бұл ретте,» деген сөздер «Бұл ретте» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 11-баптың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      12) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «                        12-бап
      Осы Келісім ережелерінің орындалуын үйлестіру мен бақылауды мынадай мемлекеттік басқару ұйымдары:
      Қазақстан тарабынан - ҚР Мұнай және газ министрлігі,
      Қытай тарабынан - ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті,
      бұдан әpi жеке алғанда — «Құзыретті ұйым»,
      және бірлесіп - «Құзыретті ұйымдар» жүзеге асырады.
      Құзыретті ұйым ауысқан жағдайда Тараптар дереу бұл туралы дипломатиялық, арналар арқылы біp-біpін хабардар етеді»;
      13) 13-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тараптар ҚР заңнамасына белгіленген тәртіппен ҚР аумағында қолдану үшін қабылданған халықаралық стандарттардың, егер олар ҚР-да қолданылатын талаптарға, нормалар мен стардарттарға қайшы келмесе және олардан төмен болмаған жағдайда қолдануға болатыны туралы келіседі.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Бірінші учаскенің жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйым Бірінші учаскенің меншік иесі және операторы болып табылады және бұдан басқа, Бірінші учаскені пайдалануды, Бірінші учаске арқылы газ тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету қызметін, Бірінші учаскенің жұмыс режимі (пайдаланудың технологиялық, режимі) дербес және жеке-дара жедел-диспетчерлік басқаруды (Бірінші учаскені диспетчерлендіруді), сондай-ақ Бірінші учаскеге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыруы тиіс. Бұл ретте Бірінші учаскенің жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйым қажет болған жағдайда Бірінші учаскеге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге үшінші тұлғаларды шарттық негізде тартуға құқылы.
      Бірінші учаскені сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, Бірінші учаскенің жобасын іске асыру мақсаты үшін ҚР аумағында құрылған ұйым Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы белгілейтін компаниямен диспетчерлік басқару мен технологиялық және өзге де аппарат және ҚР ішкі нарығына газ жеткізуді басқару деректерімен алмасу жөніндегі мәселелер бойынша өзара ic-қимыл туралы  келісім жасайды.»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      14) 15-баптың екінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады.

2-бап

      Осы 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (бұдан әрі - Хаттама) Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптар мемлекеттерінің заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
      Осы Хаттама дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың ратификацияланғаны немесе ратификациялаумен тең, оның күшіне eнуі үшін қажетті басқа мемлекетішілік рәсімнің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін күшіне енеді.

3-бап

      2011 жылғы 27 шілдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде, бірдей күші бар eкі данада жасалды.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

         Қазақстан                       Қытай Халық
      Республикасының                  Республикасының
       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады