Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ноталар алмасу нысанындағы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 мамырдағы № 644 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ноталар алмасу нысанындағы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Хозеұлы Қазыхановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ноталар алмасу нысанындағы хаттамаға қол қойсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 19 мамырдағы
№ 644 қаулысымен    
мақұлданған       

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты
Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында
Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК)
операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу
нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ноталар алмасу нысанындағы хаттама

      Жоғары Мәртебелі,
      2009 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласында және 2010 жылғы 25 қаңтарда Брюссель қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімнің 17-тармағына сәйкес,
      Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО арасындағы төмендегі өзара түсіністікті растауды құрмет тұтамын:
      1. Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      «Жүк жөнелтуші» анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««Жүк жөнелтуші» НАТО-ның осындай жүкті жөнелту мақсаттарын растаған кезде осы Келісімнің ережелеріне сәйкес НАТО-ны, НАТО-ға мүше мемлекеттерді немесе жүкті жөнелтетін және/немесе жүктерді жөнелту олардың атынан жүзеге асырылатын, НАТО-ға кірмейтін, ХҚЖК операциясына үлес қосатын мемлекеттерді білдіреді;»;
      «ХҚЖК жүктері» анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««ХҚЖК жүктері» 1-қосымшада көрсетілген жүктерді қоспағанда, НАТО, НАТО-ға мүше мемлекеттер немесе НАТО-ға кірмейтін, ХҚЖК операциясына үлес қосатын мемлекеттер айқындайтын осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Тараптардың экспедициялық компанияларының қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық транзитпен өтетін НАТО-ның осындай жүктерді жөнелту мақсаттарын растауы бар коммерциялық жүктерді білдіреді;»;
      «өткізу пункті» анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««өткізу пункті» ХҚЖК жүктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін және халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын түсіру және тиеу (ауыстырып тиеу), сондай-ақ ауыстыру, ХҚЖК жүгі бар темір жол құрамының шекаралық және кедендік, техникалық тексеруді, ал қажет кезде бақылаудың өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін аялдауына рұқсат етілетін орынды білдіреді;»;
      «Транзит» анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Транзит» ХҚЖК операцияларын қолдауға ХҚЖК жүктерін Қазақстан Республикасы аумағы арқылы темiр жол-су қатынасымен коммерциялық тасымалдауды білдіреді;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. ХҚЖК жүктерiнiң транзитi Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттарға сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қайшы келмесе, темiр жол-су қатынасымен жүзеге асырылады;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. ХҚЖК жүктерi транзитiнiң іс жүзіндегі аспектiлерiн жеңiлдету және аумақ арқылы жедел транзитті кепілдендіру мақсатында Тараптар осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын 2-қосымшада (бұдан әрi - 2-қосымша) көрсетiлген техникалық байланыстарды айқындады.»
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Аумақ арқылы ХҚЖК жүктерiнiң транзитi бойынша көрсетiлетiн темiр жол қызметтерiнiң құны фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдауға арналған Қазақстан темiр жолының тарифтiк саясатының ставкалары бойынша белгiленедi, ол Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер темiр жолдарының фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдауға арналған тарифтiк саясатына сәйкес әзiрленедi.
      Ақтау портында жүктерді ауыстырып тиеу үшін қызметтер құны табиғи монополиялар және реттелетін нарық салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ставкалар бойынша белгіленген;»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Тасымалдау және жүк жөнелтушiлер олардың уәкiлеттiк берілген экспедициялық компаниялары арқылы талап ететiн басқа да қызметтер үшiн ақы төлеу шарттардың негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін өзге тәртіппен жүзеге асырылады.»,
      16-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «НАТО осындай дау бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне өтініш жасаған жағдайда соңғысы Қазақстан Республикасының құзыретті органдарын олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қадамдар қабылдау үшін ХҚЖК мекенжайына баратын ХҚЖК жүктерінің аумақ арқылы жер үсті транзитін жедел жүзеге асыру мақсатында хабардар етеді.».
      2. 2-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. ХҚЖК жүктерiн тасымалдау жүк жөнелтушiнiң экспедициялық агенттiгi мен Қазақстан Республикасының тиiстi экспедиторлық компаниялары арасында жасалатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық темiр жол компаниясымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттар негізінде жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес бұл шарттар тиiстi сұрау салу болған кезде ХҚЖК жүктерiн алып жүру және/немесе күзету туралы ережелердi қамтуы мүмкiн. Темiр жол тасымалына ақы төлейтiн экспедициялық агенттiктiң немесе экспедиторлық компаниялардың өтiнiшi бойынша Қазақстанның темiр жолдары бойынша транзитпен өтетiн жүктi қадағалау жүргiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді ауыстырып тиеу және темір жол тасымалдары бойынша порт қызметтері үшін ақы төлеу осы Келiсiмнiң 9 және 10-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «- Қазақстаннан /Қазақстанға: Ақтау порты;»
      5-тармақтағы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі деректемелері «E-mail «mtc@mtc.gov.kz» деген сөздермен толықтырылсын;
      3. Егер жоғарыда баяндалғандар НАТО үшін тиімді болса, осы хат пен Сіздің жауабыңыз 2009 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласында және 2010 жылғы 25 қаңтарда Брюссель қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ноталармен алмасу нысанындағы хаттаманы құрайтын болады, ол Қазақстан Республикасының Үкiметi Сiздiң жауабыңызды алған күнiнен бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтiн бөлiгiнде уақытша қолданылады және НАТО Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Хаттаманы ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Әрқайсысы екі данада қазақ, ағылшын, француз және орыс тілдерінде жасалды, барлық мәтіндердің бірдей заң күші бар.

Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 19 мамырдағы
№ 644 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты
Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында
Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК)
операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу
нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ноталар алмасу нысанындағы хаттама

      Жоғары Мәртебелі,
      ..... Сізден мынадай мазмұндағы хат алғанымды растауымды құрмет тұтамын,
      «2009 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласында және 2010 жылғы 25 қаңтарда Брюссель қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімнің 17-тармағына сәйкес,
      Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен НАТО арасындағы төмендегі өзара түсіністікті растауды құрмет тұтамын:
      1. Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      «Жүк жөнелтуші» анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««Жүк жөнелтуші» НАТО-ның осындай жүкті жөнелту мақсаттарын растаған кезде осы Келісімнің ережелеріне сәйкес НАТО-ны, НАТО-ға мүше мемлекеттерді немесе жүкті жөнелтетін және/немесе жүктерді жөнелту олардың атынан жүзеге асырылатын, НАТО-ға кірмейтін, ХҚЖК операциясына үлес қосатын мемлекеттерді білдіреді;»;
      «ХҚЖК жүктері» анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««ХҚЖК жүктері» 1-қосымшада көрсетілген жүктерді қоспағанда, НАТО, НАТО-ға мүше мемлекеттер немесе НАТО-ға кірмейтін, ХҚЖК операциясына үлес қосатын мемлекеттер айқындайтын осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Тараптардың экспедициялық компанияларының қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық транзитпен өтетін НАТО-ның осындай жүктерді жөнелту мақсаттарын растауы бар коммерциялық жүктерді білдіреді;»;
      «өткізу пункті» анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««өткізу пункті» ХҚЖК жүктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін және халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын түсіру және тиеу (ауыстырып тиеу), сондай-ақ ауыстыру, ХҚЖК жүгі бар темір жол құрамының шекаралық және кедендік, техникалық тексеруді, ал қажет кезде бақылаудың өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін аялдауына рұқсат етілетін орынды білдіреді;»;
      «Транзит» анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      ««Транзит» ХҚЖК операцияларын қолдауға ХҚЖК жүктерін Қазақстан Республикасы аумағы арқылы темiр жол-су қатынасымен коммерциялық тасымалдауды білдіреді;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. ХҚЖК жүктерiнiң транзитi Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттарға сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қайшы келмесе, темiр жол-су қатынасымен жүзеге асырылады;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. ХҚЖК жүктерi транзитiнiң іс жүзіндегі аспектiлерiн жеңiлдету және аумақ арқылы жедел транзитті кепілдендіру мақсатында Тараптар осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын 2-қосымшада (бұдан әрi - 2-қосымша) көрсетiлген техникалық байланыстарды айқындады.»
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Аумақ арқылы ХҚЖК жүктерiнiң транзитi бойынша көрсетiлетiн темiр жол қызметтерiнiң құны фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдауға арналған Қазақстан темiр жолының тарифтiк саясатының ставкалары бойынша белгiленедi, ол Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер темiр жолдарының фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктердi тасымалдауға арналған тарифтiк саясатына сәйкес әзiрленедi.
      Ақтау портында жүктерді ауыстырып тиеу үшін қызметтер құны табиғи монополиялар және реттелетін нарық салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ставкалар бойынша белгіленген;»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Тасымалдау және жүк жөнелтушiлер олардың уәкiлеттiк берілген экспедициялық компаниялары арқылы талап ететiн басқа да қызметтер үшiн ақы төлеу шарттардың негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін өзге тәртіппен жүзеге асырылады.»,
      16-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «НАТО осындай дау бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне өтініш жасаған жағдайда соңғысы Қазақстан Республикасының құзыретті органдарын олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қадамдар қабылдау үшін ХҚЖК мекенжайына баратын ХҚЖК жүктерінің аумақ арқылы жер үсті транзитін жедел жүзеге асыру мақсатында хабардар етеді.».
      2. 2-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. ХҚЖК жүктерiн тасымалдау жүк жөнелтушiнiң экспедициялық агенттiгi мен Қазақстан Республикасының тиiстi экспедиторлық компаниялары арасында жасалатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық темiр жол компаниясымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттар негізінде жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес бұл шарттар тиiстi сұрау салу болған кезде ХҚЖК жүктерiн алып жүру және/немесе күзету туралы ережелердi қамтуы мүмкiн. Темiр жол тасымалына ақы төлейтiн экспедициялық агенттiктiң немесе экспедиторлық компаниялардың өтiнiшi бойынша Қазақстанның темiр жолдары бойынша транзитпен өтетiн жүктi қадағалау жүргiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді ауыстырып тиеу және темір жол тасымалдары бойынша порт қызметтері үшін ақы төлеу осы Келiсiмнiң 9 және 10-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «- Қазақстаннан /Қазақстанға: Ақтау порты;»
      5-тармақтағы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі деректемелері «E-mail «mtc@mtc.gov.kz» деген сөздермен толықтырылсын;
      3. Егер жоғарыда баяндалғандар НАТО үшін тиімді болса, осы хат пен Сіздің жауабыңыз 2009 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласында және 2010 жылғы 25 қаңтарда Брюссель қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ноталармен алмасу нысанындағы хаттаманы құрайтын болады, ол Қазақстан Республикасының Үкiметi Сiздiң жауабыңызды алған күнiнен бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтiн бөлiгiнде уақытша қолданылады және НАТО Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Хаттаманы ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Әрқайсысы екі данада қазақ, ағылшын, француз және орыс тілдерінде жасалды, барлық мәтіндердің бірдей заң күші бар.»
      Бұл хат НАТО үшін тиімді екендігін және осы хат және осы жауап 2009 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласында және 2010 жылғы 25 қаңтарда Брюссель қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ноталар алмасу нысанындағы хаттаманы құрайтынын, ол Қазақстан Республикасының Үкiметi осы жауапты алған күнiнен бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтiн бөлiгiнде уақытша қолданылатынын және НАТО Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Хаттаманы ратификациялау туралы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енетінін хабарлауды құрмет тұтамын.

Жоғары Мәртебелі
Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымының (НАТО)
Бас хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады