Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 666 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/41 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларының 4-тармағының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 666 қаулысымен  
бекітілген      

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) мемлекеттік тіркеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты (бұдан әрі – Шарт) міндетті мемлекеттік тіркелуге жатады.
      3. Шартты мемлекеттік тіркеуді ұзақ мерзімді орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскелері орналасқан жердегі аумақтық бөлімше жүргізеді.
      4. Тіркелуге ұзақ мерзімді орман пайдаланудың мынадай түрлеріне жасалған шарттар жатады:
      1) сүрек дайындау;
      2) шайырағаш шырындарын дайындау;
      3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер) дайындау;
      4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал өсіру, аң өсіру, омарталар мен ара ұяларын орналастыру, көкөніс өсіру, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану;
      6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
      7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
      8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының ағаш отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану.

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу үшін берілетін құжаттар

      5. Шартты мемлекеттік тіркеу үшін орман пайдаланушы аумақтық бөлімшеге:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шартты мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлік комиссия хаттамасының көшірмесін;
      3) 3 данада шартты береді.

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі
ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу

      6. Шарт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі.
      7. Өтініш беруші осы Қағидаларының 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін бермеген жағдайда тіркеу жүргізілмейді. Тіркеуден бас тарту туралы шешім өтініш берушіге өтініш берілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетіліп, жазбаша түрде хабарланады.
      Тіркеуші органның шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      8. Журнал жіппен байланады, нөмірленеді, жауапты тұлға қол қояды, мөр басылады. Журнал беттерінің нөмірленуі толассыз. Қарындашпен жазуға, жөндеуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді. Журналда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жазба жазылады.
      9. Шарт бұзылған жағдайда орман пайдаланушы 10 жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге жазбаша ақпарат береді.

4. Мемлекеттік тіркеуді жүргізу мерзімі

      10. Өтініш берушінің құқықтарын тіркеу осы Қағидалардың 5-тармағында аталған құжаттар берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      11. Шарттың мемлекеттік тіркеуден өткізілуі шарттарға қойылатын тіркеу жазбасының мөртабанымен куәландырылады. Шарттағы тіркеу жазбасының мөртабанындағы жазба мөрмен куәландырылады және оған аумақтық бөлімшенің басшысы қол қояды.
      12. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда орман пайдаланушылар күнтізбелік 30 күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса беріп, шартты қайта тіркеу туралы өтініш береді.
      13. Шарттың мемлекеттік тіркелуі үшін қабылданған құжаттар мен Журнал аумақтық бөлімшелерде сақталады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
ұзақ мерзімді орман пайдалану    
шартын аумақтық бөлімшелерде     
мемлекеттік тіркеу қағидаларына   
1-қосымша              

_______________________________________________________бастығы
_______________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________________________________________
  (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері)
______________________________________________________________
          (заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері)
_______________________________________________________________
телефон: ______________________

Өтініш

Мен (біз) ___________________________________________________________
                (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
                    (заңды тұлға үшін - атауы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы және банк деректемелері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

жасалған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеуді сұраймын (сұраймыз).

Өтінішке қоса берілді 1. ___________________________________________
                      2. ___________________________________________
                      3. __________________________________________

20 жылғы « »                         ___________________________
                                      (өтініш берушінің қолы)

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын
аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік 
тіркеу қағидаларына      
2-қосымша             

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді
орман пайдалану шартын тіркеу журналы

Р/с

Тіркеу нөмірі және күні

Ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының нөмірі және күні

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы

Орман пайдалану түрі

Орман пайдалану орналасқан жер (орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі және орманшылық)

Тіркелген шартты алған күн (қолы)

Шартты қайта тіркеудің негізі және күні

Шарттың қолданысын тоқтатудың негізі және күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын
аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік 
тіркеу қағидаларына       
3-қосымша              

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді
орман пайдалану шартын тіркеу нөмірі

Облыстар мен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері бойынша мынадай кодтар беріледі:

Ақмола облысы

А

Батыс Қазақстан облысы

Д

«Ақкөл»

01

Ақжайық

01

«Барап»

02

Бөрлі

02

Үлкен түкті

03

Тайпақ

03

«Бұқпа»

04

Орал

04

Ерейментау

05

Орда

05

Кеңес

06

Чапаев

06

Краснобор

07

Шыңғырлау

07

Куйбышев

08

Қарағанды облысы

Е

Кіші түкті

09

Ақтоғай

01

Маралды

10

Жаңаарқа

02

Отрадное

11

Қарағанды

03

Степногор

12

Қу

04

Ұрымқай

13

Теміртау

05

Ақтөбе облысы

Ә

Ұлытау

06

Үлкен борсық

01

Қостанай облысы

Ж

Қарабұтақ

02

Арақарағай

01

Мәртөк

03

Басаман

02

Темір

04

Боровской

03

Ойыл

05

Камышин

04

Қобда

06

Михайлов

05

Алматы облысы

Б

Пригородное

06

Алакөл

01

Семиозер

07

Бақанас

02

Таранов

08

Бөрлітөбе

03

Ұзынкөл

09

Жаркент

04

Урицкое

10

Жоңғар

05

Усаков

11

Қаскелең

06

Қызылорда облысы

З

Кеген

07

Арал

01

Күрті

08

Жалағаш

02

Лепсі

09

Жаңақорған

03

Нарынқол

10

Қазалы

04

Сарқант

11

Қармақшы

05

Талдықорған

12

Қызылорда

06

Үйгентас

13

Сырдария

07

Ұйғыр

14

Шиелі

08

Үштөбе

15

Маңғыстау облысы

И

Шелек

16

Бейнеу

01

«Қызыл жиде»

17

Сам

02

Атырау облысы

В

Павлодар облысы

К

Атырау

01

Максим Горький

01

Индер

02

Павлодар

02

Құрманғазы

03

Үрлітөбе

03

Шығыс Қазақстан облысы

Г

Солтүстік Қазақстан облысы

Қ

Асубұлақ

01

«Ақан сері»

01

Үлкен нарым

02

Аққайың

02

Верх-Уба

03

Булаев

03

Зайсан

04

Бұрлық

04

Зырян

05

Есіл

05

Күршім

06

Жамбыл

06

Кіші оба

07

Қызылжар

07

Марқакөл

08

Мамлют

08

Пихта

09

Орлиногор

09

Риддер

10

Преснов

10

Самара

11

Сергеев

11

Өскемен

12

Соколов

12

Черемшан

13

Оңтүстік Қазақстан облысы

Л

Жамбыл облысы

Ғ

Арыс

01

Ақкөл

01

Бадам

02

Ақыртөбе

02

Боралдай

03

Байзақ

03

Отырар

04

Бурылбайтал

04

Созақ

05

Жамбыл

05

Түркістан

06

Жуалы

06

Шардара

07

Қарақоңыз

07

«Жасыл желек»

08

Көктерек

08



Қордай

09



Қосқұдық

10



Луговое

11



Мерке

12



Мойынқұм

13



Сарысу

14



      Орман пайдалану түріне байланысты шарт нөмірі мынадай цифрларды қамтиды:
      1) сүрек дайындау - 01;
      2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау - 02;
      3) жанама орман пайдалану (шөп шабу – 03/1, мал жаю – 03/2, марал өсіру – 03/3, аң өсіру – 03/4, омарталар мен ара ұяларын орналастыру – 03/5, көкөніс өсіру – 03/6, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру – 03/7, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен техникалық шикізат – 03/8, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер – 03/9, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс – 03/10 дайындау және жинау);
      4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану – 04;
      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану - 05;
      6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану - 06;
      7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану - 07.
      Журналда мынадай жазба жазылады:
      А-01-01/001,
      1) мұнда алғашқы А әрпі – облысты білдіреді;
      2) 01 цифрлары – орман иеленушінің атауын білдіреді;
      3) 01 цифрлары – орман пайдалану түрін білдіреді;
      4) 001 цифрлары – журнал бойынша реттік тіркеу нөмірін білдіреді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады