Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 700 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

«Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 700 қаулысына
Баспасөз Релизі

      Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкіміне сәйкес әзірленді.
      Осы қаулының мақсаты жануарларды интродукциялау - жануарлар түрлері дарақтарын олардың таралу аймағынан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы және жануарларды реинтродукциялау - жануарлар түрлері дарақтарын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру болып табылады.
      Қаулыны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарларға душар етпейді.
      Қаулыны іске асыру бойынша қаржылык, шығындар қажет емес.

      Әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз