2012 жылғы 31 мамырдағы № 722 «Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш
жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау,
Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына баспасөз-релизі
Осы Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалар «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін айқындайды.
Қағидаларды қабылдаудың мақсаты Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртіпті нормативтік-құқықтық акті дәрежесінде регламенттеу болып табылады.
Жобаның қабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.
Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі