Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 729 Қаулысы

      «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы малдарын аса қауiптi инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 1 мамырдағы 
№ 729 қаулысымен   
бекiтiлген     

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 090 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрi – ағымдағы нысаналы трансферттер) республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнiң ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру және жүргiзуге республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбiн анықтайды.

2. Ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi ұйымдастыру
және жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану тәртiбi

      2. Ағымдағы нысаналы трансферттер ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға бағытталған және мыналарды:
      1) ауыл шаруашылығы малдарына (мүйізді ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа) арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау жөніндегі қызметтерді;
      2) ауыл шаруашылығы малдарын (мүйізді ұсақ мал, түйе, шошқа) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын);
      3) ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіруді жүргізуге арналған (таңбалауға және жапсырмалауға арналған) аппарат;
      4) малдардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді және өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер сатып алуды жүзеге асыруды көздейді.
      3. Қандай да бiр облыс, Астана және Алматы қалалары бөлiнген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен игерiлмеген қаражатты 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде одан әрi пайдалану мәселесiн қарайды.
      4. Министрлiк республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы Келiсiм шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударады.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарының бөлiмшелерi ауыл шаруашылығы малдарына арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау қызметтерiн (бұдан әрi – қызметтер), ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын), ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған аппаратты, малдардың жеке нөмiрлерiн салыстырып оқуға арналған сканердi, өзi желiмделетiн штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтердi (бұдан әрi – тауар) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады.
      6. Сатып алынатын құлақ жапсырмалары, жануардың жеке нөмiрi, сондай-ақ жануарларға арналған ветеринариялық паспорт Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнде (бұдан әрi – Бiрдейлендiру ережесi) көрсетiлген талаптарға, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес болуы тиiс.
      Жапсырмалардың бiрдейлендiру нөмiрлерiнiң реттiк нөмiрленуiн анықтауды ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган тауарларды жеткiзушiлермен шарттар жасалғанға дейiн жүзеге асырады.
      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша тауарларды, қызметтерді жеткізушілермен шарттар жасасады, олар өзге де талаптармен қоса:
      1) жеткiзiлетiн тауардың сапасына бақылау жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн;
      2) жеткiзiлетiн тауарлар мен қызметтердiң сапасына жеткiзiп берушiлердiң жауапкершiлiгiн;
      3) жеткiзушiлердiң сапасыз тауарларды ауыстыру мерзiмдерiн көздеуге тиiс.
      8. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарында кемiнде 3 (үш) адамнан тұратын Сатып алынатын тауарлардың және көрсетiлген қызметтердiң сандық-сапалық жай-күйін бағалау жөнiндегi комиссиялар құрылады, оның құрамына Министрлiктiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң облыстағы (Астана, Алматы қаласындағы) аумақтық инспекциясының өкiлi енгiзiледі.
      9. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарының бөлiмшелерi Комиссияның жұмыс органдары болып табылады.
      Комиссия жеткiзiлген тауарларды және көрсетiлген қызметтердi бағалауды олардың көрсетiлуi мен жеткiзiлуiне қарай жүзеге асырып, кейiннен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау актiсiн жасайды.
      10. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтетiн Ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiрудi жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес сатып алынған тауарларды бөлудi жүзеге асырады.
      Ауыл шаруашылығы малдарын бiрдейлендiруді жүргiзу Бiрдейлендiру  ережесiнесәйкес жүзеге асырылады.
      11. Тауарларды жеткiзушiлер 2012 жылғы 15 желтоқсаннан кешiктiрмей облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына ақы төлеудiң алдындағы мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткiзiлген тауарларды және көрсетiлген қызметтердi бағалау актiлерiн;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткiзiлген тауарлардың, көрсетiлген қызметтердiң актiлерiн ұсынады.
      12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде, бiрақ 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей осы Қағидаларының 11-тармағында көрсетiлген ұсынылған құжаттарды тексередi, олар осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда ақы төлеуге жiбередi.
      13. Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары үш жұмыс күнi iшiнде сәйкес келмеу себептерiн сипаттай отырып, оларды тауарларды жеткiзушiлерге пысықтауға қайтарады.
      14. Тауарларды жеткiзiгені үшiн тиiстi тауарларды жеткiзушiлердiң банктiк шоттарына қаржылай қаражат аударуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарының тiзiлiмiн және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      15. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскеннен кейін Министрлiкке ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2012 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, ал қаражат толығымен игерiлмеген жағдайда себебi көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы есептердi ұсынады.
      16. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Министрлiкке жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 30 шiлдеден кешiктiрмей аралық есептi, ал жылдың қорытындылары бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы қорытынды есептi ұсынады.

Облыстық бюджеттерге,  
Астана және Алматы қалаларының 
бюджеттерiне ауыл шаруашылығы 
малдарын бірдейлендіруді ұйымдастыру
және жүргiзуге 2012 жылға арналған
республикалық бюджеттен берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
1-қосымша     

Сатып алынатын тауарларға сипаттама

Р/с №

Тауардың атауы

Тауардың сипаттамасы (сипаты)

1

2

3

1.

Түйелерге арналған құлақ жапсырмалары

Құлақ жапсырмалары және олардағы жануардың жеке нөмiрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнде көрсетiлген iрi жануарларға (iрi қара мал, түйе) арналған талаптарға сәйкес болуы тиiс.

2.

Ұсақ малға, шошқаға арналған құлақ жапсырмалары

Құлақ жапсырмалары және олардағы жануардың жеке нөмiрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнде көрсетiлген ұсақ жануарларға (ұсақ мал, шошқа) арналған талаптарға сәйкес болуы тиiс.

3.

Ветеринариялық паспорттар

1. Ветеринариялық паспорт Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң талаптарына сәйкес болуы тиiс.
2. Ветеринариялық паспорттың мөлшерлерi мынадай болуы тиiс: ұзындығы 20±1 см, биiктiгi 15±1 см. Мұқабасы: тығыздығы – 280, жылтыр, түстiлiгi 4+0. Iшкi парақтары: ксерокс қағазы, түстiлiгi 1+1, офсеттiк баспа. Бiрiншi бетi, яғни беткi жағының ортасында мемлекеттiк тiлде «Ветеринариялық паспорт» және орыс тiлiнде «Ветеринарный паспорт» деген атауы, төменгi сол жағында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «_______ аудан/район (қала/город) және ___________ облыс/область» көрсетiлуi тиiс.
Екiншi бет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң 4-қосымшасында көрсетілген мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi жалпы мәлiметтерден тұрады.
Үшiншi және келесi беттер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде кесте түрiнде бағандарға бөлiнген.
Барлығы 20-беттен кем болмауы тиiс.

4.

Жануарларға бiрдейлендiру жүргiзуге арналған аппарат (таңба)

Жануарларды бiрдейлендiруге арналған аппарат (таңба) жылқыларды ыстық және суық таңбалауға арналған жиынтықтардан тұрады:
1. Жылқыларды суықтай таңбалауға арналған жиынтық мыналардан тұрады: цифрлар мен әрiптерге арналған матрица; кемiнде 70 см жылу өткiзбейтiн тұтқасы бар матрицаға бекiтiлетiн тұтқа; цифрлық символдар жиынтығы 0, 1, 2, 3,4, 5, 6, 7, 8, 9; әрiптiк символдар жиынтығы К, С, В, D, Е, F, Н, L, Р, М, N, R, S, Т, X, A, Z. Цифрлар мен әрiптердiң мөлшерлерi стандартты. Жасаушы зауыттың таңбасына конкурстық құжаттаманың техникалық бөлiгi, техникалық сипаты қоса берілсін.
2. Жылқыларды ыстықтай таңбалауға арналған жиынтық мынадай цифрлық символдардан тұрады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және әрiптiк символдар К, С, В, D, E, F, H, L, P, M, N, R, S, Т, X, A, Z. Ересек жануарларға арналған таңбаның көлемi: биiктiгi 8 см, енi 5 см; төлдер үшiн: биiктiгi 5 см, енi 3 см. Ыстық таңбалауға арналған таңба енi 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм бетi тегiс жалпақ темiрден дайындалады. Тұтқаның ұзындығы кемiнде 70 см, жылу өткiзбейтiн тұтқасы бар.

Облыстық бюджеттерге,  
Астана және Алматы қалаларының 
бюджеттерiне ауыл шаруашылығы 
малдарын бірдейлендіруді ұйымдастыру
және жүргiзуге 2012 жылға арналған
республикалық бюджеттен берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
2-қосымша     

Жеткізілген тауаларды, көрсетiлген қызметтердi бағалау актiсi

__________________________                    20 ж. «__» ___________
      (облыс, қала)
__________________________________________________ құрылған комиссия,
(Комиссия кiмнiң шешiмiмен құрылды, шешiмнiң күнi және нөмiрi
көрсетiлсiн)
құрамында: Комиссия төрағасы,_______________________________________
                                (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
Комиссия мүшелерi, _________________________________________________
                                (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
сондай-ақ 20 ж. «__» _______ № ____________________ сенiмхатқа сәйкес
______________________________________ мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi
(қызметтер көрсетушiнiң толық атауы)
__________________________________________ мынадай қорытынды жасады:
            (Т.А.Ә.)

Тауардың/ қызметтердің толық атауы

Тауардың/ қызметтің қысқаша сипаттамасы

Өлшем бiрлiгi

Жеткізілген тауардың/ көрсетілген қызметтердің көлемі

Бір бірлігінің бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)













      Жеткізілген тауардың/көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
___________________________________________________________________
                        (атап шығыңыз)
      Жеткізілген тауарларға наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз).__________________________________________________________

      Комиссия төрағасы                   _________________________
                                             (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия мүшелерi                   _________________________
                                             (Т.А.Ә., қолы)
      Қызметтер көрсетушiден              _________________________
                                             (Т.А.Ә., қолы)

Облыстық бюджеттерге,  
Астана және Алматы қалаларының 
бюджеттерiне ауыл шаруашылығы 
малдарын бірдейлендіруді ұйымдастыру
және жүргiзуге 2012 жылға арналған
республикалық бюджеттен берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
3-қосымша     

Жеткізілген тауарлардың/көрсетілген қызметтердің актісі

__________________________                    20 ж. «__» ____________
      (облыс, қала)
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ____________________________
                                              (мекеме атауы)
атынан 20____ ж. «______» ___________ бұйрығы негізінде әрекет ететін
_______________________________________ және бұдан әрі «Тауарлар
      (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
жеткізуші» деп аталатын атынан ______________________________________
                   (тауарларды, қызметтер көрсетушінің толық атауы)
20 ж. «__» ______ № _______ Жарғы (сенiмхат) негiзiнде әрекет ететiн _________________________ 20 ж.«____» ______ көрсетiлген қызметтердi
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
бағалау актiсiне сәйкес төмендегi туралы осы Актiнi жасады. Тауарларды/ қызметтерді жеткізуші өзі және Тапсырыс берушінің арасында жасалған 20 ж.«____» _________ № _________________ Шартқа сәйкес мынадай сипаттамадағы қызметтердi көрсеттi:

Тауардың/ қызметтердің толық атауы

Тауардың/ қызметтің қысқаша сипаттамасы

Өлшем бiрлiгi

Жеткізілген тауардың/ көрсетілген қызметтердің көлемі

Бір бірлігінің бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)













      Жеткізілген тауардың/көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы: ____________________________________________________
                              (атап шығыңыз)
      Жеткізілген тауарларға/көрсетілген қызметтерге наразылык жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз) ________________________
      1. Алынған тауарлардың/көрсетілген қызметтердің жалпы құны
__________
      2. Аванс сомасы ________________________
      3. Бұрын актiленген сомасы ______________
      4. Төленуі тиіс _________________________

      Тапсырыс берушi үшiн      Өнім беруші/қызметтер көрсетушi үшiн
      _______________________       ___________________________
      (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)    (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
      ____________________________ ___________________________
            (қолы, мөртаңбасы)        (қолы, мөртаңбасы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады