«Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 маусымдағы № 736 қаулысына
Баспасөз Релизі
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкіміне сәйкес әзірленді.
Осы қаулының мақсаты жануарларды еріксіз жағдайларда ұстау - жануарларды торларда, аквариумдарда, террариумдарда, бассеиндерде және басқа да арнаулы үй-жайларда ұстау және жануарларды жартылай ерікті жағдайларда ұстау - жануарларды шарбақтарда және табиғи мекендеу ортасына жақын басқа да жағдайларда ұстау болып табылады.
Қаулыны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарларға душар етпейді.
Қаулыны іске асыру бойынша қаржылық шығындар қажет емес.
Әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.