"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 807 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.01.2014 № 25 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 20 маусымдағы
№ 807 қаулысымен 
бекітілген    

«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – монополияға қарсы орган) (бұдан әрі - стандарт) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекен жайлар бойынша көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 49 57-баптары негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат монополияға қарсы органның www.azk.gov.kz интернет-ресурсында, монополияға қарсы органның кеңсесінде орналастырылған стендтерде болады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері:
      1) экономикалық шоғырлануға келісім беру;
      2) дәлелді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері өтінішхат қарауға қабылданған сәттен бастап күнтізбелік 50 күн.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Заңның 54-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады және қайта басталады.
      2) құжаттарды тапсыру (алу) кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, монополияға қарсы органның жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-дан 14.30-ға дейінғі түскі үзілісімен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
      Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет «Министрліктер үйі» ғимаратында көрсетіледі, үй-жай режимі: ғимаратқа кіру есігі бөлек рұқсаттама бюросы арқылы және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық бөлімшелердің ғимараттарында жүзеге асырылады. Құқық тәртібін сақтау үшін ғимаратта тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары көзделген. Ғимарат мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен және ақпараттық стенділермен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты беру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
      нарық субъектісін бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша:
      1) тұлғаның немесе уәкілетті органның нарық субъектісін қайта ұйымдастыру туралы шешімінің жобасы;
      2) қызмет түрлеріндегі немесе олардың іскерлік операцияларының географиясындағы жоспарланып отырған өзгерістерді қоса алғанда, нарық субъектісін қайта ұйымдастыру мақсатының негіздемесі;
      3) құрылатын нарық субъектісінің бекітілген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;
      4) құрылатын нарық субъектісіне берілетін мүліктерді беру мәліметтері мен шарттарының тізбесі;
      5) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектілерінің әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектілерімен бір тұлғалар тобына кіретін әрбір нарық субъектісі бойынша:
      атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды және іс жүзіндегі мекенжайы, қатысу нысаны;
      жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесі;
      акциялардың түрлері;
      жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі;
      6) басқа да нарық субъектілерінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері болып табылатын атқарушы органның, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) лауазымы көрсетілген мүшелерінің тізімі;
      7) тауарларды өндіру мен өткізудің, қайта ұйымдастырылатын нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;
      8) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектілерімен бір тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілері өндіретін немесе өткізетін сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндіру мен өткізудің, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;
      9) сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмілені жасау нәтижесінде өндірілу және өткізілу болжамы.
      Тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларды (қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуы бойынша, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейін осы нарық субъектісінің акцияларына (қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес немесе одан да аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес пайыздан астамына билік етуге құқық алады және нарық субъектісінің кәсіпкерлік қызметті басқа нарық субъектісі жүргізген кезде олардың орындауына міндетті нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін (оның ішінде сенімгерлік басқару туралы шарт, бірлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негізінде) құқықтар алуы бойынша:
      1) шарт немесе шарттың жобасы не мәміленің жасалғанын растайтын өзге құжат;
      2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бір тұлғалар тобына кіретін әрбір нарық субъектісі бойынша:
      атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды және іс жүзіндегі мекенжайы, қатысу нысаны;
      жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесі;
      акциялардың түрлері;
      жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы;
      өзіне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2)4) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісі өндіретін немесе өткізетін тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндіру мен өткізудің, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі көрсетіледі;
      3) басқа да нарық субъектілерінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері болып табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) лауазымы көрсетілген мүшелерінің тізімі;
      4) өзіне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2)4) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тауарларды өндіру мен өткізу, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;
      5) өзіне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2)4) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндіретін немесе өткізетін сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндіру мен өткізу, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;
      6) мәміле жасалғаннан кейін өзіне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2)4) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісіне қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәліметтер, оның ішінде:
      сатып алушы мәміле жасалғаннан кейін билік ететін нарық субъектісі акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) жалпы санынан пайыздық үлесі және олардың нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы пайыздық үлесі;
      сатып алушының нарық субъектісіне және оның тұлғалар тобына қатысты алатын құқықтарының тізбесі;
      7) сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмілені жасау нәтижесіндегі өндірілу және өткізілу болжамы.
      Егер мәміленің (өзара байланысты мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің теңгерімдік құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе басқаға беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдары мен материалдық емес активтері теңгерімдік құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алу, иелену және пайдалану бойынша:
      1) шарт немесе шарттың жобасы;
      2) сатып алушы және сатып алушымен бір тұлғалар тобына кіретін әрбір нарық субъектісі бойынша:
      атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды және іс жүзіндегі мекенжайы, қатысу нысаны;
      жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесі;
      акциялардың түрлері;
      жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы;
      сатып алынатын мүлікті пайдалану арқылы өндірілетін сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндіру мен өткізудің, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі көрсетіледі;
      3) мәміле нысанасын құрайтын мүліктің теңгерімдік құны көрсетілген тізбесі;
      4) тауарлардың түрлері көрсетіле отырып, алынатын мүліктің қандай тауарларды шығару үшін пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәліметтер;
      5) тауарлардың түрлері көрсетіле отырып, алынатын мүлікті пайдалану арқылы тауарлар өндіру мен өткізудің болжамы;
      6) сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмілені жасау нәтижесіндегі өндірілу және өткізілу болжамы.
      Белгілі бір жеке тұлғалардың екі және одан да көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңесіне, байқау кеңестеріне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектілердің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайларын айқындау шартымен қатысуы үшін:
      1) екі және одан да көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңесіне, байқау кеңестеріне және басқа да басқару органдарына қатысуы болжанатын жеке тұлға туралы мәлімет:
      жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, азаматтығы, жұмыс орны туралы мәліметтер, осы субъектілерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін өкілеттіктерін көрсете отырып, атқаратын лауазымы;
      өкілеттіктерін көрсете отырып, өтінішхат беруші тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі;
      2) өтінішхат беруші тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
      3) атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, байқау кеңестеріне және басқа да басқару органдарына өтінішхат беруші тұлғаның кіруі жоспарланатын нарық субъектілеріндегі лауазымның атауы;
      4) атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, байқау кеңестеріне және басқа да басқару органдарына өтінішхат беруші тұлғаның кіруі жоспарланатын нарық субъектілеріндегі осы тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін құқықтардың тізбесі;
      5) өтінішхат беруші тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындайтын әрбір нарық субъектісі бойынша және тұлғалар тобында:
      нарық субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды және іс жүзіндегі мекенжайлары;
      тауарлар өндірудің, өткізудің, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі көрсетіледі;
      6) өтінішхат беруші тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектісі бойынша, сондай-ақ осы тұлға кіретін тұлғалар тобы бойынша:
      нарық субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды жүзіндегі және іс жүзіндегі мекенжайлары;
      өздерінде өтінішхат беруші тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындайтын нарық субъектісі мен тұлғалар тобы өндіретін немесе өткізетін сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндірудің, өткізудің, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі.
      12. Шетелдік заңды тұлғалар осы стандарттың 11-тармағына сәйкес берілетін ақпараттан басқа қосымша:
      1) өзі тұрған елдің заңнамасына сәйкес шыққан елдің сауда тізілімінен немесе өзінің заңды мәртебесін растайтын балама құжаттан нотариаттық расталған үзінді көшірмені;
      2) егер шетелдік заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркелген филиалы немесе өкілдігі болса, филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы мәліметтерді және филиал немесе өкілдік туралы ереженің көшірмесін табыс етеді;
      3) егер сатып алушы - шетелдік заңды тұлғаның немесе шетел қатысатын нарық субъектісінің Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкілдігі болса, филиалдың немесе өкілдіктің Қазақстан Республикасында өндіретін немесе өткізетін тауарларының түрлері тізіп көрсетіледі.
      13. Егер қосымша мәліметтердің немесе құжаттардың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтіретін болса, монополияға қарсы орган алушыдан немесе басқа тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан оларды сұратуға құқылы.
      14. Осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген өтінішхаттың нысаны монополияға қарсы органның www.azk.gov.kz интернет-ресурсында, монополияға қарсы органның кеңсесінде орналастырылған стенділерде орналастырылады.
      15. Монополияға қарсы органда құжаттарды қабылдау осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес монополияға қарсы органның кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      16. Құжаттардың көшірмесіндегі монополияға қарсы орган кеңсесі қызметкерінің тіркеу күні және қолы көрсетілген тіркеу туралы белгісі құжаттардың қабылданғандығын растау болып табылады.
      Тіркеу күні мен нөмірі көрсетілген өтінішхатты қарауға қабылдау туралы хат немесе өтінішхатты алушыға қайтарып беру туралы хат түріндегі дәлелді жауап құжаттардың қарауға қабылданғандығын немесе толық болмауына байланысты қарауға қабылдаудан бас тартылғандығын растау болып табылады.
      Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарауға қабылдағаны туралы хатты немесе өтінішхатты алушыға қайтарып беру туралы хат түріндегі жауапты белгіленген мерзімде (күнтізбелік 10 күн өткен соң) алушыға бермеген жағдайда, онда өтінішхат қарауға қабылданды деп саналады.Тіркеу күні мен нөмірі көрсетілген монополияға қарсы орган басқармасының қаулысы экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы растама болып табылады.
      Бұдан басқа, бастапқы есепке алу құжаттарын - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-01/02-233 және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 362 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау әдістемесінің № 16 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету карточкасын толтыру құжаттың қабылданғандығын растау болып табылады.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мұндай шешім қабылданған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтінішхатта көрсетілген мекенжайға почта арқылы жіберіледі не мұндай шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алушыға (сенімхат бойынша өтінішхат берушінің өкіліне) беріледі.
      18. Өтінішхаттарды қарауды тоқтату және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
      1) алушының дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат беруі;
      2) алушының осы стандарттың 11-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;
      3) алушылардан өтінішхатты кері қайтарып алу туралы хабарламаның түсуі;
      4) егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтіретін болса алушының ақпаратты монополияға қарсы орган белгілеген мерзімде бермеу;
      5) алушының өтінішхатты объективті түрде қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат беруі негіз болып табылады.
      Монополияға қарсы органның өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде почтамен өтінішхатта көрсетілген мекенжайға жіберіледі не алушыға беріледі.
      Алушы өтінішхатты қарау тоқтатылғаннан кейін монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішпен жүгінуге құқылы.
      Монополияға қарсы орган белгіленген мерзімде (күнтізбелік 50 күн өткен соң) экономикалық шоғырлануға келісім беруден бас тарту немесе келісім беру туралы шешімді алушыға ұсынбаған жағдайда, онда өтінішхат экономикалық шоғырлануға келісім беріле отырып, қаралды деп саналады.

3. Жұмыс қағидаттары

      19. Монополияға қарсы органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      20. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      21. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      22. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауға жәрдемдесуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша монополияға қарсы органның қызметкері жүзеге асырады.
      23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Агенттіктің аумақтық органдарының шешімдеріне шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген байланыстар бойынша монополияға қарсы орган басшысының атына беріледі.
      24. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша хат түрінде почта арқылы не монополияға қарсы органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      25. Монополияға қарсы орган басқармасының шешімімен келіспеген жағдайда алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      26. Шағым еркін нысанда жасалады. Қажет болған жағдайда шағымға алушы сілтеме жасайтын жағдайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Сондай-ақ алушылар көрсетілген мемлекеттік қызметтерге өз бағасын көрсеткен карточкадағы бағандарға назар аударылады.
      27. Шағымды қабылдау кезінде алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Берілген шағымға жауапты не шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
      28. Қосымша ақпаратты монополияға қарсы органның www.azk.gov.kz интернет-ресурстарынан алуға болады.

«Экономикалық шоғырлануға  
келісім беру туралы     
өтінішхаттарды қарау»    
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша          

Монополияға қарсы орган кеңселерінің тізімі

Р/с

Атауы

Орналасқан мекенжайы, кабинеттің нөмірі

Жұмыс кестесі

Телефон нөмірі, электрондық мекенжайы

1.

2.

3.

4.

5.

1.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

Астана қ., «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты (4-кіреберіс), 010 А-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7172) 74-96-92 kence@ azkrk.kz

2.

Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Көкшетау қ.,
Әуезов көш., 230,
5-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7162) 25-71-67azk_kokshetau@mail.ru

3.

Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Қарағанды қ.,
Костенко көш., 6,
45-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7212) 42-35-51 azk_karaganda@mail.ru

4.

Астана қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция

Астана қ., Бейбітшілік көш., 4 408-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7172) 75-20-34 azk_astana@ inbox.ru

5.

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғ., 1, 418-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7132) 55-77-70 azk_aktobe@ mail.ru

6.

Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Орал қ., Достық көш., 215, 302-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7112) 51-17-29 azk_uralsk@ mail.ru

7.

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Талдықорған қ. Жансүгіров көш., 111, 423-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7282) 27-25-45 azk_taldykorgan@ mail.ru

8.

Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция

Алматы қ., Мақатаев көш., 117 а үй

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге
дейін

8 (727) 393-25-20 azk_almaty@ mail.ru

9.

Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Атырау қ., Авангард, 4-шағын ауданы., 3 в үй

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8(7122) 21-46-87 azk_atyrau@ mail.ru

10.

Маңғыстау облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Ақтау қ., 23-шағын аудан, 100-үй, 302-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7292) 52-66-61 azk_mangistau@mail.ru

11.

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Тараз қ., Желтоқсан көш., 78, 8-қабат, 30-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7262) 43-82-96 azk_taraz@ mail.ru

12.

Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Қызылорда қ., Ғ.Мұратбаев көш.,13-үй, 302-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7242) 23-49-04 azk_kyzylorda@mail.ru

13.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Шымкент қ., Тәуке хан даңғ. 49-үй, 4-қабат

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7252) 53-44-92 azk_shymkent@mail.ru

14.

Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 115, 2-корпус, 417-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7142) 54-52-71 azk_kostanai@ mail.ru

15.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Петропавл қ., Кәрім Сүтішев көш., 58, 34-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7152) 31-21-37 azk_petropavlovsk@mail.ru

16.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Өскемен қ., Мыза көш., 13-үй, 210-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7232) 57-84-10 azk_oskemen@ mail.ru

17.

Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы инспекция

Павлодар қ., Ленин көш., 153-үй, 1-каб.

Жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

8 (7218) 61-82-36 azk_pavlodar@
mail.ru

«Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы    
өтінішхаттарды қарау»   
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша           

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электронды түрде қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі)




«Экономикалық шоғырлануға  
келісім беру туралы    
өтінішхаттарды қарау»    
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша          

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттың нысаны

Қазақстан Республикасы           
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік)      
бірінші басшысы                  
__________________________________
__________________________________
(алушының толық атауы) 

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
өтінішхат

      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының  2-тармағына сәйкес__________________________________________________
             (мәміленің, іс-әрекеттің нысанасы мен тараптарын көрсете отырып мәміленің, іс-әрекеттің сипаттамасы)
      қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.
      Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты _________________________________________________________ негізінде
(«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)
_________________________________________________________ беріледі.
                   (алушының атауы көрсетіледі)
_______________________________________________ сәйкес құжаттама
(«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының тармағы көрсетіледі)
      қоса беріледі.
      Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген және тігілген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).

      Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.

      Уәкілетті тұлғаның қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады