Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 820 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1266 қаулысымен

«Қазақстан Республикасы Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 820 қаулысына
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

      Аталған қаулы жобасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені бойынша Кіші комиссиясының 2011 жылғы 1 қарашадағы он төртінші отырысы хаттамасының 1.10-тармағын орындау мақсатында әзірленді.
      Жобамен Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге Қазақстан Республикасының басқа елді мекендеріне тұрақты тұруға кеткен Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік беретін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
      Жобаны іске асыру «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 002 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасында көзделген қаражат шегінде және соның есебінен жүзеге асырылатын болады.
      Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау Министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз