Газбен өзара алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәмілелердің бағасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 900 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге және 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Өзбекстан Республикасы Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін өзбек газының және Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін ресей газының тең көлемін қарсы жеткізу жолымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығын 2012 жылы газбен қамтамасыз ету үшін «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Газпром» ашық акционерлік қоғамы уәкілеттік берген «GAZPROMSchweizAG» ұйымымен жасасатын мәмілелер бойынша газдың бағасы Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы шекарасы, «Александров Гай» газ өлшеу станциясы DAP шартымен 3 951,5 миллион текше метрге дейін көлемдегі Қарашығанақ кен орнының өңделген газына – 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары;
      2) Түркіменстан Республикасы Өзбекстан Республикасы шекарасына, «Багтыярлык» газ өлшеу станциясы, жеткізілетін түркімен газының тең көлемін қарсы жеткізу жолымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығын 2012 жылы газбен қамтамасыз ету үшін «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Газпром» ашық акционерлік қоғамымен және/немесе оның уәкілетті ұйымымен жасасатын мәмілелер бойынша газдың бағасы Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы шекарасы, «Александров Гай» газ өлшеу станциясы DAP шартымен 500 миллион текше метрге дейін көлемдегі Қарашығанақ кен орнының өңделген газына – 1000 текше метрі үшін 105 АҚШ доллары болып белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады