Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әулие-ата халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының 100% акциясын иеленуші Санияр Еркінұлы Әйтекеновке «Әулие-ата халқаралық әуежайы» акционерлік қоғамының 100% акциясын «SСAT авиакомпаниясы» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов