Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 шілдедегі № 946 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік  және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Алматы қаласы, Махатма Ганди көшесі, 10-үй мекен жайында орналасқан «Стратегиялық зерттеулер институты, кеңсе мен қор» ғимаратын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорын толықтыру есебіне беруді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасынан туындайтын шараларды қабылдасын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады