"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2012 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмай, тоннасына 35 805 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |