Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 қаулысымен

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      2012 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Мәсімов «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
      Осы қаулыны қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2),3) тармақшаларына29-бабына сәйкес, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметкерлердің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 273 қаулысына сәйкес келтіру болып табылады.
      Қаулымен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, ойын бизнес! саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарының 12 түрін бекітуі көзделген.
      Жоғарыда көрсетілген қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды, оны іске асыру бюджет қаражатын жұмсауды талап етпейді.

      Қазақстан Республикасы Спорт
      және дене шынықтыру істері агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз