Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
2012 жылғы 31 шілдеде «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1009 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) қабылданды.
Қаулы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленіп, келесі мемлекеттік қызметтер стандарттарының бекітілуін қарастырады:
1) «Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Теңіз құрылыстарын салу және орналастыру бойынша теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Теңізде мұнай-газ құбырларын салуға және пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Теңізде іздестіру, барлау, қолдану кезіндегі ұңғыманы немесе басқа да ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Қойнау-қатішілік қысымды қолдау үшін ілеспе және табиғи газды бастырмалатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты.
Осы қаулыны қабылдау мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бірыңғай талаптарды қамтамасыздандырып ықпал етеді және теріс әлеуметтік-экономикалық салдар мен республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды туғызбайды.
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрлігі