Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1055 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына қауiп төндiретiн жағдайды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 2012 жылғы егiннiң астығын қабылдау үшін Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының астық қабылдау кәсiпорындарынан көрсетілген облыстардағы элеваторлық қуаттарды босату мақсатында, неғұрлым бос астық қабылдау кәсiпорындарына «Азық-түлiк келiсiм шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, бюджет, меншiктi және тартылған кредит қаражаты есебiнен сатып алған мөлшері 457012,176 (төрт жүз елу жеті мың он екі тонна бір жүз жетпіс алты килограмм) азық-түлiктiк астығының орнын ауыстыру (оның ішінде 2012 жылғы қаңтардан басталған) бойынша шығындарды төлеуге 2012 жылға республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 1745426100 (бір миллиард жеті жүз қырық бес миллион төрт жүз жиырма алты мың бір жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлiнсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1622 Қаулысымен.
      2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлiк қоғамы заңнамада белгiленген тәртiппен азық-түлiк астығының орны ауыстырылған көлемiн кейiннен iшкi нарықта және (немесе) экспортқа сату арқылы «Азық-түлiк келiсiм шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамымен Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының астық қабылдау кәсiпорындарынан басқа өңiрлердегi барынша бос астық қабылдау кәсiпорындарына азық-түлiк астығын орнын ауыстыруға байланысты шарттар жасасуды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады