Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 22 тамыздағы
№ 1066 қаулысымен
бекітілген    

Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық
жобалар тізбесіне енгізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізудің тәртібін айқындайды.
      2. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартуға құқылы.
      3. Қосылған құны жоғары (неғұрлым жоғары өңделген және қайта өңделген) өнім өндіруге бағытталған, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген инвестициялық преференциялар берiлетiн экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышы сыныптарының деңгейінде қызметтiң басым түрлерiне сәйкес келетін, сондай-ақ мынадай өлшемдердің біріне сай келетін инвестициялық жоба инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізіледі:
      1) инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жоғары технологиялық өнімдер өндірісі бойынша қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген өнімдердің өндірісіне бағытталуы тиіс;
      2) инвестициялық жоба бойынша инвестициялардың көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бес миллион еселенген мөлшерін құрауы тиіс.
      4. Өтінім беруші ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.10.2013 № 1123 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық
жобалар тізбесіне енгізу тәртібі

      5. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу мақсатында заңды тұлға (бұдан әрі – өтінім беруші) инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
      6. Өтінім инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жылдың бірінші және үшінші тоқсаны ішінде, бірақ тиісті тоқсанның соңғы айының 30-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
      7. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізуге арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      2) заңды тұлға жарғысының басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
      3) инвестициялық стратегиялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
      4) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негіздейтін, тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
      5) инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздері мен кепілдіктерін белгілейтін құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері. Инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражаты есебінен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендігі туралы жазбаша растама қоса беріледі;
      6) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екені туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 10.07.2013 № 706 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген және/немесе инвестициялық жоба осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтінім беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейінгі бір ай ішінде ол туралы өтінім берушіге жазбаша нысанда хабарлауы тиіс.
      9. Уәкілетті орган жылдың екінші және төртінші тоқсанында инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу мәніне осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес келетін, келіп түскен өтінімдерді қарастырады.
      10. Өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган отыз жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен енгізеді.

Инвестициялық жобаларды     
инвестициялық стратегиялық    
жобалар тізбесіне енгізу қағидаларына
қосымша            

201__ жылғы «___» ____________
№ _____

Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық
жобалар тізбесіне енгізуге арналған
ӨТІНІМ

_____________________________________________________________________
                         (ұйым атауы)
инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне ________________________
_____________________________________________________________________
                     (инвестициялық жоба атауы)
инвестициялық жобасын енгізу үшін қажетті құжаттар пакеті бар осы өтінімді жіберіп отыр.
      Жоба мазмұны, мерзімдердің негіздемесі және жоба құны қоса берілген құжаттарда келтірілген. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «___» ____________ № _____ қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) таныстық.
      Қағидаларға сәйкес талап етілген құжаттар ___ парақта қоса берілген.

___________________________        __________________________
  (Т.А.Ә. және лауазымы)                     (қолы)

                                             (мөр)

      Өтінім 20 ___ жылғы «___» ____________ № ______ тіркелді.

      Тіркеушінің Т.А.Ә. және лауазымы: ________________________

                                  Қолы: ________________________

      Ескертпе: ұйым бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы қол қояды.

Об утверждении Правил включения инвестиционных проектов в перечень инвестиционных стратегических проектов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 августа 2012 года № 1066. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 1154

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.10.2014 № 1154 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 18-1 Закона Республики Казахстан от 8 января 2003 года «Об инвестициях» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила включения инвестиционных проектов в перечень инвестиционных стратегических проектов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 22 августа 2012 года № 1066

Правила включения инвестиционных проектов
в перечень инвестиционных стратегических проектов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила включения инвестиционных проектов в перечень инвестиционных стратегических проектов (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 18-1 Закона Республики Казахстан от 8 января 2003 года «Об инвестициях» и определяют порядок включения инвестиционных проектов в перечень инвестиционных стратегических проектов.
      2. По вопросам включения инвестиционного проекта в перечень инвестиционных стратегических проектов уполномоченный орган имеет право в порядке, утвержденном постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2003 года № 436 «О некоторых вопросах реализации Закона Республики Казахстан «Об инвестициях», привлекать специалистов соответствующих государственных органов, консультантов и экспертов из числа физических и юридических лиц Республики Казахстан.
      3. В перечень инвестиционных стратегических проектов включается инвестиционный проект, который направлен на производство продукции с высокой добавленной стоимостью (более высоких переделов и переработки), соответствует приоритетным видам деятельности на уровне классов общего классификатора видов экономической деятельности, по которым предоставляются инвестиционные преференции, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2003 года № 436 «О некоторых вопросах реализации Закона Республики Казахстан "Об инвестициях», а также отвечает одному из следующих критериев:
      1) инвестиционный проект должен быть направлен на производство продукции, входящей в перечень видов деятельности по производству высокотехнологичной продукции, утверждаемый Правительством Республики Казахстан;
      2) объем инвестиций по инвестиционному проекту должен составлять не менее пятимиллионнократного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 21.10.2013 № 1123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).
      4. Заявитель обеспечивает полноту и достоверность представленных документов.

2. Порядок включения инвестиционных проектов в перечень
инвестиционных стратегических проектов

      5. В целях включения инвестиционного проекта в перечень инвестиционных стратегических проектов юридическое лицо (далее – заявитель) направляет заявку на включение инвестиционного проекта в перечень инвестиционных стратегических проектов (далее – заявка) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      6. Заявка подается в уполномоченный орган по инвестициям в течение первого и третьего квартала года, но не позднее 30 числа последнего месяца соответствующего квартала.
      7. К заявке на включение инвестиционного проекта в перечень инвестиционных стратегических проектов прилагаются следующие документы:
      1) копия свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица.
      Примечание: *Свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица;
      2) копия устава юридического лица, заверенная подписью руководителя и печатью юридического лица;
      3) бизнес-план инвестиционного стратегического проекта, составленного в соответствии с требованиями, устанавливаемыми уполномоченным органом;
      4) копии документов, перечень которых устанавливается законодательством Республики Казахстан, обосновывающих сметную стоимость строительно-монтажных работ и затраты на приобретение фиксированных активов, сырья и (или) материалов, используемых при реализации инвестиционного стратегического проекта, заверенных подписью руководителя и печатью юридического лица;
      5) копии документов, устанавливающих источники и гарантии финансирования инвестиционного стратегического проекта, заверенные подписью руководителя и печатью юридического лица. В случае
финансирования инвестиционного стратегического проекта из собственных средств прилагается письменное подтверждение об их наличии;
      6) справки налогового органа по месту регистрации об отсутствии (наличии) налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям.
      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 29.11.2012 № 1501 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 10.07.2013 № 706 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования); от 20.12.2013 № 1363 (вводится в действие с 01.01.2014).
      8. В случае несоответствия представленных документов требованиям пункта 7 настоящих Правил, и/или несоответствия инвестиционного проекта требованиям, установленным пунктом 3 настоящих Правил, уполномоченный орган по инвестициям в письменной форме информирует об этом заявителя в течение одного месяца после представления заявителем документов, предусмотренных пунктом 7 настоящих Правил.
      9. Уполномоченный орган во втором и четвертом квартале года рассматривает поступившие заявки, соответствующие пункту 7 настоящих Правил, на предмет включения инвестиционных проектов в перечень инвестиционных стратегических проектов.
      10. По итогам рассмотрения заявок уполномоченный орган в течение тридцати рабочих дней разрабатывает и вносит в установленном законодательством порядке в Правительство Республики Казахстан проект постановления Правительства Республики Казахстан о включении инвестиционных проектов в перечень инвестиционных стратегических проектов.

Приложение     
к Правилам включения 
инвестиционных проектов
в перечень инвестиционных
стратегических проектов

№ ______


от «___» ___________ 201__ г.


ЗАЯВКА
на включение инвестиционного проекта в перечень
инвестиционных стратегических проектов

      _______________________________________________________________
                        (наименование организации)
направляет настоящую заявку с пакетом необходимых документов для включения инвестиционного проекта ___________________________________
_____________________________________________________________________
               (наименование инвестиционного проекта)
в перечень инвестиционных стратегических проектов.
      Содержание, обоснование сроков и стоимости проекта приведены в прилагаемых документах. Достоверность представленной информации гарантируем.
      С Правилами включения инвестиционных проектов в перечень инвестиционных стратегических проектов, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от «___» __________ 2012 года № _______ (далее – Правила), ознакомлены.
      Требуемые в соответствии с Правилами документы прилагаются на ___ листах.

__________________________________
       (Ф.И.О. и должность)

__________________________
(подпись)     

(печать)     

      Заявка зарегистрирована за № ______ от «___» _______ 20__ года.
      Ф.И.О. и должность регистрирующего:________________________
                                Подпись: ________________________
Примечание: составляется на бланке организации. Заявка подписывается первым руководителем.