"Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1123 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 948-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларында:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) инвестициялық жоба бойынша инвестициялардың көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бес миллион еселенген мөлшерін құрауы тиіс.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады