Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1154 қаулысымен

«Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына пресс-релиз

      «Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысы ҚР ИЖТМ-мен Қазақстан Республикасы «Инвестициялар туралы» Заңының 18-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
      Қаулы қабылдаудың мақсаты инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізудің қағидаларын бекіту болып табылады.
      Қаулының қабылдау Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 қантардағы «Инвестициялар туралы» Заңның шеңберінде инвестициялық преференциялар беру мақсатында инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекітуге мүмкіндік береді.
      Осы қаулы республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығынын қажет етпейді және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар тартпайды.

      Қазақстан Республикасы
      Экономикалық даму және сауда
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз