«2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан
зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының
құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы
келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден
босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын
бекіту туралы» 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1089 Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысына
баспасөз релизі
Осы 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну Қағидалары 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісімінің 9-бабына сәйкес әзірленді.
Қағидаларын қабылдау мақсаты Қазақстан тарапының уәкілетті органы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (бұдан әрі – Қазғарыш) Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) Келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босату мақсатында Кеден одағына мүше-мемлекеттер болып табылмайтын елдерден Кеден одағының кедендік аумағының бөлігіне (Қазақстан Республикасының аумағына) әкелуі немесе Кеден одағының кеден аумағының бөлігінен (Қазақстан Республикасының аумағынан) Кеден одағына мүше-мемлекеттер болып табылмайтын елдерге әкету жоспарланған тауалар (бұдан әрі – Тауарлар) туралы қажетті мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындау болып табылады.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі