Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1102 Қаулысы.

      Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы

     

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы заңының 81-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстар сексен есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады