Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсынуы жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсынуы жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 45-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 71-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы ол қаулы шығарады. Қаулы орындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі және тәулiк ішiнде орындауға жатады.»;
2) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«72-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу
1. Қорғаушыны күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсырмасы бойынша немесе келiсiмiмен басқа да адамдар шақырады. Күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғану үшiн бiрнеше қорғаушыларды шақыруға құқылы.
2. Күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның сұрауы бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.
3. Таңдалып алынған немесе тағайындалған қорғаушының ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) iшiнде қатысуы мүмкiн болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган күдiктiге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға міндетті. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс жасауға құқығы жоқ.
4. Ұстау немесе күзетпен ұстау жағдайында, егер күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушының келуi жиырма төрт сағаттың iшiнде мүмкiн болмаса, қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы орган күдiктiге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда қорғаушыны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы тағайындауға шаралар қолданады.
5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу қолданыстағы заңдарға сәйкес жүргiзiледi. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган оған негiздер болған кезде күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды мемлекет кепілдік берген заң көмегін ақы төлеуден босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
6. Адвокат анықтау, алдын ала тергеу жүргiзуде немесе сотта осы Кодекстiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда тағайындау бойынша қатысқанда адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.
7. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге бiрнеше қорғаушы қатысқан жағдайда қорғаушының қатысуы қажеттi iс жүргiзу әрекетi тиiстi күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз деп таныла алмайды.
8. Адвокат қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсетуі бойынша қылмыстық іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 70-бабының екінші бөлігінде аталған адамдар қылмыстық іске қатысуға олардың құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.»;
3) 80-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.
Мұндай жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокатқа рұқсат беріледі. Егер жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі адвокат шақырмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган қаулы шығару жолымен адвокаттың қатысуын қамтамасыз етеді. Қаулы орындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі және тәулiк ішiнде орындауға жатады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган нақты адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға ұсыным беруге құқылы емес.
Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде азаматтарға заң көмегін көрсететін адвокаттардың еңбегіне ақы төлеудің және олардың қорғауға, өкілдік етуге және өзге де заң көмегін көрсетуге байланысты шығыстарын өтеудің мөлшерін, тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
4) 172-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық процестi жүргiзетiн орган, оған негiздер болған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне сезiктiнi, айыпталушыны, жәбірленушіні мемлекет кепілдік берген заң көмегiне ақы төлеуден босату туралы және қорғаушы тағайындау туралы қаулыны жіберуге міндетті. Бұл ретте адвокаттың еңбегiне ақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.».
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 3, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«114-бап. Тегін мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету
1. Істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде сот адамды мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға заңда көзделген мынадай жағдайларда міндетті:
1) асыраушының өлімімен, мертігуімен немесе жұмыспен байланысты бүлінген денсаулықтан келтірілген өзге де зиянның орнын толтыру туралы дауларды қарау кезінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлер үшін кәсіпкерлік қызметке байланысты емес дауларды қарау кезінде.
2. Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
3. Адамның мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы өтінішіне мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алу құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.
4. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша адамды мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы не өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы судья немесе сот дәлелденген ұйғарым шығарады.
5. Адамды мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы соттың немесе судьяның ұйғарымы сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне дереу жіберіледі.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 28 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 28, 31 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 28 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;):
1) 589-баптың 2 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылатын адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар қорғаушы шақырмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы олар қаулы шығарады. Қаулы орындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде орындалуға жатады.»;
2) 590-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) оған негiздер болған жағдайда оған қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлетін адамды мемлекет кепілдік берген заң көмегiне ақы төлеуден босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
6. Адвокат клиентпен іс бойынша iс жүргiзуге келiсiм жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда, осы Кодекстiң 589-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда да адвокат еңбегiне ақы төлеу шығыстары бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.».
4. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат):
1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Тегін мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету
1. Адвокаттар мыналарға:
1) асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді соттардың қарауы кезінде талап қоюшыларға;
2) егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге;
3) алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін көрсетеді, қажет жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
2. Заңнамада белгіленген жағдайларда, адвокаттар көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Бюджет қаражаты есебінен адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегінің негіздемесі «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында белгіленеді.
4. Өтініш беруші тікелей жүгінгеннен кейін құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұсыну мүмкін болмаған кезде, ол жүгінген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау уақыты туралы хабардар етілуге тиіс. Осындай жағдайларда мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұсыну ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың алқа президиумының төрағасы ұзарта алады. Адам бір мәселе бойынша құқықтық көмекті бір рет қана алады.
5. Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегінің есебін осындай көмекті ұсынатын адвокат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жүргізеді.
Адвокат құқықтық консультация беру түріндегі көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу адвокаттың орындаған жұмысы туралы акті және тиісті адвокаттар алқасының өтінімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін, сондай-ақ адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегінің есебін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
2) 20-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегiн ұйымдастыру (осы Заңның 6-бабы) болып табылады.»;
3) 21-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегiн адвокаттар арасында бөлу тәртібін;»;
4) 25-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі туралы жиынтық есепті аумақтық әділет органына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті