«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін
мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
31 тамыздағы № 1126 қаулысына
Баспасөз парағы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін екі мемлекеттік қызмет стандарты бекітілді.
«Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру», «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды тіркеу» мемлекеттік қызметтерін тікелей Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі көрсетеді.
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру бойынша мемлекеттік қызмет алушыда электрондық сандық қолтаңба болған жағдайда «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі бойынша ұсынылады.
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды тіркеу» мемлекеттік қызметі қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нақты мерзiмдерi анықталды. Мысалы, электронды порталға немесе уәкiлеттi органға қажеттi құжаттарды тапсырған кезден бастап лицензияны немесе оған қосымшаны 15 жұмыс күнi iшiнде, ал лицензияны 10 күнде қайта ресiмдеуге, лицензияның телнұсқаларын 2 жұмыс күнi iшiнде алуға болады.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі