"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1146 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже;»;
      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі;
      7) Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесі бекiтiлсiн.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Ереженiң әрекеті:
      1) жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiрумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, өткiзумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғаларға;
      2) жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегі функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға (бұдан әрi – мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар);
      3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қолданылады.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерiнде тиiстi аумақтағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқамасы және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекiткен Жануарлар ауруларының тізбесiне сәйкес жүргізіледi.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеудi олардың иесi ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердiң талаптарына сәйкес жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдарда жүзеге асырады.»;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.»;
      2-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствосы (бұдан әрi – уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның комитеті;
      2) ветеринариялық бақылау бекетi – уәкiлеттi орган ведомствосының шекара және кеден пункттерi (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттері) аумағында орналасқан, өткiзiлетiн (тасымалданатын) объектiлердi ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қажеттi жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлiмшесi;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер (бұдан әрi – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер) – жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар ауруларын қоздырғыштардың штаммдары, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсiмдiктердiң сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшiн пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлерi және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдайтын көлiк құралдары;»;
      3456 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Ереже Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қолданылады.
      4. Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган шекара және кеден пункттерiнде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiн (бұдан әрi – ВББ) ұйымдастырады.
      ВББ-де мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
      6. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi органдардың бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде бақылаушы органдардың өзара әрекет етуi және олардың iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      7. ВББ-де мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін орындау кезінде ветеринариялық символикасы бар нысанды киім (погонсыз) киеді.»;
      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде өткізу пунктінде құжаттамалық бақылауды, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тексеріп қарауды (тексеруді) және зертханалық зерттеу үшін сынама алуды (қажет болса) жүзеге асырады.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. ВББ-нің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi негiзiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң орнын ауыстырған кезде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) елге кiруге рұқсат;
      2) әкелуге тыйым салу;
      3) әкелудi уақытша тоқтата тұру.»;
      1819 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. ВББ-нiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортын, импортын, транзитiн есепке алу журналына тиiстi жазбаларды енгiзедi.
      19. ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары қызмет көрсету аймағында тұрған уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілгені туралы, оның ішінде импорт кезіндегі соңғы межелі пункті туралы, экспорт кезіндегі жөнелту пункті, жүру бағыты, аялдамалары, қайта тиеу, жануарларды азықтандыру (суару) орындары, транзит кезінде тасымалдау (айдап өту) шарттары туралы хабарлайды.
      20. Қадағаланбайтын жануарлар Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткізілетін болса, ВББ-нің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары көрсетілген жануарларды одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданғанға дейін оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен карантинге қою үшін уәкілетті орган ведомствосының тиісті шекара маңындағы аумағында орналасқан бөлімшелеріне береді.»;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген Шекара мен кеден пункттерiнде (Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастыру ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесі»;
      12 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiн ұйымдастырады (бұдан әрi – бекеттер).
      3. Бекеттер, мiндеттi түрде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер өткізiлетiн шекара және кеден пункттерiнде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердiң аумағында жануарлардың ерекше қауiптi аурулары шыққан кезде өткiзу пункттерiнде ветеринария саласындағы заңнамамен белгiленген кезеңде және тәртiппен көлiк құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бекеттер Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзудiң осы пунктi үшін белгiленген режимде жұмыс істейдi және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың қажеттi санымен жинақталады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1146 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2003 жылғы 28 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен   
бекітілген      

Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.
      2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствосы (бұдан әрi – ведомство) – ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын комитеті;
      2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер (облыс, аудан, облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана).
      3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:
      1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган:
      1) аумақтық бөлiмшелерi, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерi бар ведомство;
      2) мемлекеттiк органдардың жануарларды ұстайтын және пайдаланатын ветеринариялық бөлiмшелерi болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар

      5. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары;
      2) ведомствоның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      3) ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
      4) ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерiнiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      5) iшкi сауда объектiлерiнiң және жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      6) жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң басшылары және олардың тиiстi мемлекеттiк органдарға тиесiлi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын орынбасарлары жүзеге асырады.
      6. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген арнайы атау беруге құқылы.
      Ведомствоның басшысы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының орынбасары» деген арнайы атаулар беруге, ал аумақтық ведомство бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң тиiстi лауазымдарына «бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор» және «бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары» деген арнайы атаулар беруге құқылы.
      Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тiкелей жүзеге асыратын ведомствоның өзге лауазымды адамдары мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар болып табылады.
      7. Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың және олардың орынбасарларының өзiнiң мемлекеттiк тiлдегi атауы бар мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.

3. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi

      8. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының орындалуын тексеру мақсатында:
      1) iшкi сауда объектiлерiнде;
      2) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда;
      3) ветеринария саласындағы, оның iшiнде лицензияланатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда;
      4) мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
      ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жасауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорында;
      5) мынадай функцияларды:
      жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
      Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін;
      сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
      ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорында;
      6) мынадай функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
      ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
      аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қоюды және жоюды;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттiк ветеринариялық мекемелерде;
      7) мынадай функцияларды:
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауды;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарда;
      8) шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде;
      9) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өткiзу (тасымалдау), тиеу, түсiру кезiнде;
      10) жануарлар аурулары қоздырғыштарының берiлу факторлары болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде ыдыстардың, буып-түю материалдарының барлық түрлерiнде;
      11) тасымалдау (өткiзу) бағыттары өтетiн мал айдау трассаларында, бағыттарында, жайылым және жануарларды суару аумақтарында;
      12) аумақтарда, өндiрiстiк үй-жайларда және мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, қайта өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;
      13) мал көметін жерлерді (биотермиялық шұңқырларды), ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға енгiзу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауда және қадағалауда болатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
      14) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерiнде жүзеге асырылады.
      9. Осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген объектiлерде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиiстi аумақтардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тексеру нысанында және ветеринариялық iлеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда, өзге нысандарда жүзеге асырады.
      10. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге нысандары «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына iссапарға жiберiлген мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
      Iшкi сауда объектiлерiнде, жануарларды өсiру, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауiптi аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау күн сайын жүзеге асырылады.
      11. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтау бойынша ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін тексерулерін жүргізу малдарды ұстайтын және пайдаланатын ведомствоның және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің шешімімен іске асырылады.
      12. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актiсiн жасайды.
      13. Ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелерi бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиiстi мемлекеттiк органдардың объектiлерiне мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртiбiн мiндеттi түрде түсiндiре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
      14. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
      15. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актiсiнде тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен тиiстi белгi жасалады.
      16. Тексеру актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса берiледi.
      17. Тексеру актiсi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жасалады.
      Тексеру актiсi үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды.
      Актiнiң бiрiншi данасын тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екiншi данасы тексерiлетiн адамға қолын қойғызып берiледi, үшiншi данасы тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, ал төртiншiсi сотқа талап-арыз беру үшiн тиiстi аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына берiледi. Тексерiлетiн адам актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда актiнiң тиiстi данасы оған поштамен жiберiледi.
      18. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау актiсi арнайы тексеру актiлерiн тiркеу журналында тiркеледi, ол нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс.
      19. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлердi беру және жасау тәртiбiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      20. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен берiледi және ресiмделедi.

4. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары

      21. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен (қызметтiк куәлiгiн көрсете отырып) кедергiсiз кiруге;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң диагностикасы немесе ветеринариялық-санитарлық сараптама үшiн оларға зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тұлғаларға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
      3) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргiзуге;
      4) ветеринариялық құжаттар беруге;
      5) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңында берiлген өкiлеттiлiктер шегiнде актiлер шығаруға;
      6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеудi ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетiлген фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға;
      7) жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының пайда болу және таралу әрi ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауiптi жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың шығу себептерiн, жағдайларын белгiлеуге;
      8) өзiне жүктелген құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      9) жануарлар мен адамдарға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың ерекше қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатерi төнген жағдайларда Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сот шешiмiнсiз жеке немесе заңды тұлғаның шаруашылық қызметiн тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға;
      10) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға;
      11) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда сотқа талап-арыздар беруге құқығы бар.

5. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы

      22. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға;
      2) ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының ветеринария, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзудың дер кезiнде алдын алу, анықтау, жолын кесу және жою жөнiнде өзiне берiлген өкiлеттiлiктердi осы Ережеге сәйкес пайдалануға;
      4) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде қызметтiк және өзге де сипаттағы мәлiметтердi жария етпеуге;
      5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есепке алу мен есеп берудi жүргiзуге және оларды белгiленген тәртiппен уақтылы табыс етуге тиiс;
      6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адам денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе қайта өңдеудi ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетiлген фактiлер туралы ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады