Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына
мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің
қызметі мәселелері бойынша кеден істеріндегі
ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімді
ратификациялау туралы
2011 жылғы 22 маусымда Мәскеу қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден
одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері
өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша кеден
істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттер:
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шартты;
2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралышартты;
ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) шешімдерін негізге ала отырып,
кеден ісі саласындағы ынтымақтастық арқылы достық қатынастарды дамытуға ниет білдіре отырып,
ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының (бұдан әрі - Кеден одағы) кедендік аумағында кеден қызметтерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып,
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің өкілдіктері қызметкерлерінің болуы мен өзара әрекеттесуінің құқықтық негіздерін құруға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаты үшін қолданылатын терминдер мынаны білдіреді:
«Тараптардың кеден қызметтері» - Тараптардың кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары;
«Кеден қызметінің өкілдігі» - басқа Тараптың аумағында әрекет ететін Тараптың кеден қызметінің уәкілетті ұйымдық бөлімшесі;
«Өкілдік қызметкерлері» - Кеден қызметінің өкілдігіне жұмыс істеуі үшін жіберілген және осы Келісімнің 3-бабына сәйкес Кеден қызметінің өкілдігіне жүктелген функцияларды орындауға кіріскен адамдар;
«Өкілдік қызметкерлерінің отбасы мүшелері» - жұбайлары (зайыптары), балалары, сондай-ақ Өкілдік қызметкерлерімен тұрақты бірге тұратын, олардың асырауындағы туыстары.
2-бап
Тараптар басқа Тараптардың аумағында Кеден қызметтерінің өкілдіктерін құрады.
Кеден қызметінің өкілдігі заңды тұлғаның құқықтары берілген оқшауланған бөлімше түрінде не Тараптың дипломатиялық өкілдігінің құрамында құрылуы мүмкін.
Кеден қызметінің өкілдігі осы Кеден қызметінің өкілдігін құрған Тарап заңнамасының негізінде әрекет етеді.
Кеден қызметінің өкілдігі өзі болатын елдің заңнамасын сақтайды.
Кеден қызметтің өкілдігін Кеден қызметі өкілдігінің Басшысы басқарады.
Кеден қызметі өкілдігінің Басшысы өзі болатын елдің кеден қызметі алқасының мүшесі болып табылады.
Тараптың Кеден қызметі өкілдігінің өз мөрі және банк шоты болуы мүмкін.
Кеден қызметі өкілдігінің қызметі Тараптың кеден қызметінің басшысы бекітетін Ереженің негізінде жүзеге асырылады.
3-бап
Кеден қызметі өкілдігінің қызметкерлері Тараптардың кеден қызметтерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету мақсатында мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
Кеден одағының кеден заңнамасын орындау мониторингі;
өз құзыретін шегінде Кеден одағының заңнамасын іске асырудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Кеден одағының кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге түрлерін болатын елде жүзеге асыруды талдау, оларды біріздендіру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауар ағындары (транзиттік тауарлар мен жеке тұлғалардың тауарларын қоса алғанда) туралы деректерді талдау;
болатын елінің кеден қызметі қолданатын кедендік технологияларды зерделеу және оң тәжірибе туралы Тараптардың кеден қызметтерін хабардар ету;
Тараптардың кеден қызметтері арасында ақпарат алмасуға қатысу.
4-бап
Кеден қызметі өкілдігінің қызметкерлері өздеріне жүктелген функцияларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында өз құзыреті шеңберінде:
Тараптардың кеден қызметтерінде, Кеден одағының Комиссиясында, кеден ісі саласындағы халықаралық ұйымдарда, ЕурАзЭҚ және ТМД кеңістігінде ықпалдасуды басқару органдарында кеден қызметінің мүдделерін білдіруге;
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру және кедендік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде болатын елдің кеден қызметімен өзара әрекеттесуге;
болатын елдегі кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен проблемалық жағдайларды анықтау мен оларды жою бойынша өзара әрекеттесуге;
болатын елдің Кеден одағының кедендік шекарасында шекаралық, кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге түрлерін жүзеге асыратын атқарушылық биліктің мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттесуге;
Тараптардың өзге де мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекеттесуге қатысуға;
бірлескен ақпараттық кедендік технологиялардың іске асырылуына;
құқық қорғау қызметінің мәселелері бойынша халықаралық ақпарат алмасудың жүзеге асырылуына қатысуға және Тараптардың кеден қызметтерінің құқық қорғау бөлімшелерімен өзара әрекеттесуге құқылы.
5-бап
Кеден қызметінің өкілдіктерін оқшауланған бөлімшелер түрінде құру кезінде осы Өкілдіктердің басшылары мен басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне болатын елде шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелеріне берілетін басымдықтар мен иммунитеттер беріледі.
Тараптардың Кеден қызметтерінің өкілдіктері басшысының және басшысы орынбасарының тиісті штат бірліктері Тараптың дипломатиялық өкілдігінің (сыртқы істер министрліктерінің) құрамына енеді (беріледі, тіркеледі).
Кеден қызметі өкілдігінің қызметтік үй-жайларына, ресми хат-хабарларына, мұрағаттары мен құжаттарына қол сұғылмайды. Кеден олар кеден қызметтерінің өкілдіктерін қаржыландыруды қызметінің атынан өкілдік ететін Тарап жүзеге асырады.
Тараптар Кеден қызметінің өкілдігін өтеусіз, тепе-тең негізде қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер қабылдайды.
6-бап
Кеден қызметінің өкілдігі өзі болатын елдің кеден қызметі тұрған жерде орналасады.
Тараптардың кеден қызметтерінің келісуі бойынша Кеден қызметі өкілдігінің қызметкерлері өздері болатын елдің өзге орындарында орналасуы мүмкін.
Кеден қызметі өкілдігінің құрамын, санын және құрылымын болатын елдің кеден қызметімен келісу бойынша оны құрған Тараптың кеден қызметі айқындайды.
Кеден қызметінің өкілдігі қызметкерлерінің кеден органдарына, сондай-ақ болатын елдің Кеден одағының кедендік шекарасындағы өткізу пункттеріне келіп кету тәртібі болатын елдің кеден қызметтері қызметкерлерінің көрсетілген объектілерге келіп кету тәртібіне ұқсас.
Тараптардың Кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге байланысты жекелеген мәселелер Кеден қызметінің өкілдігін құрған Тараппен және болатын елмен келісу бойынша шешілуі мүмкін.
7-бап
Кеден қызметінің өкілдігі қызмет көрсетудің нақты түрлері үшін төлемді білдіретін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді қоспағанда, салықтың барлық түрлерінен және болатын елдің барлық деңгейдегі бюджеттеріне енгізуге жататын басқа да міндетті төлемдерден босатылады.
8-бап
Әрбір Тарап Кеден қызметтері өкілдіктері қызметкерлерінің жеке басын, көлік құралдарын басқару құқығын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ қызметтік құжаттарын күші бар деп таниды.
Болатын елдің кеден қызметі Кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметкерлерін олардың мәртебесін растайтын қызметтік құжаттармен қамтамасыз етеді.
9-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
10-бап
Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
Егер Тараптар дауды Тараптардың бірінің консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы басқа Тараптарға жіберген ресми жазбаша өтініші келіп түскен күнінен бастап алты айдың ішінде реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға береді.
11-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және ратификациялауға жатады.
Осы Келісім Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарийдің алған күнінен бастап күшіне енеді.
2011 жылғы 22 маусымда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің түпнұсқа данасы әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жолдайтын Кеден одағының Комиссиясында сақталады.
Беларусь Қазақстан Ресей Федерациясы
Республикасы Республикасы үшін
үшін үшін
2011 жылғы 22 маусымда Мәскеу қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімнің қазақ тіліне аудармасы дұрыс екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
тілді дамыту және редакциялау
Басқармасының бастығы Б. Ахметжанова