Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1167 қаулысымен
мақұлданды
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік
Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы
келісім
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі,
1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода жасалған және Вашингтонда қол қою үшін ашық Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның мүшелері бола отырып,
Халықаралық әуе тасымалдарында ұшу қауіпсіздігінің және авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып,
Сауданы, туризм мен инвестицияларды дамытуда халықаралық әуе тасымалдарының маңыздылығын мойындай отырып,
Тараптар аумақтары арасында, сондай-ақ олардан тыс жерлерде әуе қатынасын белгілеу мақсатында осы Келісімді жасасуға тілек білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
Егер түпмәтінде өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің мақсаттарында мынадай термин:
а) «Конвенция» 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода жасалған және Вашингтонда қол қою үшін ашық Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны білдіреді және Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған кез келген қосымшаны және Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес қабылданған Конвенцияға Қосымшаларға осы Қосымшалар мен түзетулер екі Тарап мемлекеттері үшін күшіне енген дәрежедегі кез келген түзетулерді қамтиды;
b) «авиациялық билік орындары» Қазақстан Республикасына қатысты - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін және көрсетілген Министрлік орындайтын кез келген функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген тұлғаны немесе органды білдіреді; және Вьетнам Социалистік Республикасына қатысты – Вьетнам Социалистік Республикасының Азаматтық авиация билік орындары және көрсетілген Министрлік орындайтын кез келген функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген тұлғаны немесе органды білдіреді;
с) «тағайындалған авиакәсіпорын» осы Келісімнің 3-бабына сәйкес тағайындалған және уәкілеттік берілген авиакәсіпорынды білдіреді;
d) «аумақ» Конвенцияның 2-бабына сәйкес әрбір Тарап мемлекетінің аумағын білдіреді;
е) «әуе қатынасы», «халықаралық әуе қатынасы» және «авиакәсіпорын» және «коммерциялық емес мақсаттармен аялдау» Конвенцияның 96-бабында көрсетілген мағынаға ие;
f) «уағдаластық желілер» және «белгіленген маршруттар» мынадай мағыналарға ие: осы Келісімде көрсетілген тиісінше тұрақты халықаралық әуе қатынасы және маршруттар;
g) «сыйымдылық»:
әуе кемесіне қатысты – маршрутта немесе маршруттың бір бөлігінде әуе кемесінің рұқсат етілетін коммерциялық жүктемесін;
белгілі бір уағдаластық желіге қатысты – осындай уағдаластық желіде пайдаланылатын әуе кемесінің, осындай әуе кемесі, осы кезең ішінде белгіленген маршрут немесе белгіленген маршруттың бір бөлігі бойынша орындайтын ұшу жиілігіне көбейтілген сыйымдылықты білдіреді;
h) «көлік ағыны» жолаушылар, багаж, жүк және пошта тасымалын білдіреді;
i) «тариф» әуе тасымалдауы кезінде поштаны қоса алғанда, авиакәсіпорындар белгілеген тасымалдаудың кез келген түрлерін қоса алғанда, олардың агенттерін қоса алғанда, жолаушыларды, багажды және/немесе жүкті тасымалдауға төленетін кез келген бағаны және осындай бағаларды негіздейтін шарттарды білдіреді;
j) «алымдар ставкасы» әуежайларды, аэронавигация құралдарын және бір Тарап басқа Тарапқа ұсынатын басқа да ілеспе қызметтерді пайдаланылғаны үшін алынатын алымдарды білдіреді.
2-бап
Құқықтар беру
1. Әрбір Тарап басқа Тарапқа осы Келісімге Қосымшаға сәйкес белгіленген маршруттар бойынша тұрақты халықаралық әуе қатынасын белгілеу мақсатында осы Келісімде көрсетілген құқықтарды береді.
Әрбір Тарап белгілеген авиакәсіпорын белгіленген маршруттар бойынша уағдаластық желілерді пайдаланған кезде:
а) басқа Тарап аумағы арқылы қонбастан ұшып өту;
b) басқа Тарап аумағына коммерциялық емес мақсаттармен қонуды жүргізу; және
с) халықаралық көлік ағынын багажды, жүк пен поштаны түсіру және тиеу мақсатында осы Келісімге Қосымшада осындай белгіленген маршрут үшін айқындалған пункттерде басқа Тарап аумағында аялдау жүргізу құқықтарын пайдаланады.
2. Осы баптың 1-тармағында ештеңе де бір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорынына басқа Тарап аумағындағы пункттер арасында сыйақыға немесе жалдау бойынша тасымалдау үшін басқа Тарап аумағында көлік ағынын бортқа қабылдау артықшылығын беру ретінде қаралмайды.
3-бап
Авиакәсіпорындарды тағайындау
1. Әрбір Тараптың белгіленген маршруттар бойынша уағдаластық желілерді пайдалану мақсатында дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапты жазбаша хабардар ете отырып, бір немесе екі кәсіпорынды тағайындау құқығы бар.
2. Өздерінің арасында белгіленген авиажелілердегі пункттер арасындағы маршрутты пайдалану үшін Тараптар бір-бір авиакомпания тағайындайды.
3. Осындай белгілеуді алғаннан кейін басқа Тараптың авиациялық билік орындары осы баптың 4 және 5-тармақтарының ережелеріне сәйкес дереу тағайындалған авиакәсіпорындарына ұшуды орындауға тиісті рұқсатты береді.
4. Бір Тараптың авиациялық билік орындары басқа Тараптың тағайындалған авиакәсіпорынынан оның осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес халықаралық әуе қатынасына қатысты қолданылатын өз мемлекетінің заңдарымен және ережелерімен ұйғарылған шарттарды орындауға қабілетті екенін дәлелдеулерді талап етуі мүмкін.
5. Әрбір Тараптың осы баптың 2-тармағында көрсетілген ұшуға рұқсаттар ұсынудан бас тартуға немесе аталған Тараптың осы тағайындалған авиакәсіпорынға басымдықпен иелік ету және пәрменді бақылау осы авиакәсіпорынды белгілеген Тарапқа немесе оның мемлекетінің азаматтарына тиістілігіне дәлелдері болмаған кез келген жағдайда осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген құқықтарды тағайындалған авиакәсіпорын пайдаланған кезде ол қажет деп тапқан осындай шарттарды талап етуге құқығы бар.
6. Осылайша тағайындалған және ұшуды орындауға арналған рұқсатты алған авиакәсіпорын кез келген уақытта сыйымдылық Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындары арасында келісілген және осы Келісімнің 12-бабының ережелеріне сәйкес белгіленген белгілі бір желіге қатысты тариф күшіне енген жағдайда уағдаластық желілерді пайдалануды бастауы мүмкін.
4-бап
Берілген құқықтарды жою және қолданысын тоқтата тұру
1. Әрбір Тараптың пайдалануға арналған рұқсатты жоюға немесе басқа Тараптың тағайындалған кәсіпорнына берілген, осы Келісімнің 2-бабында көзделген құқықтарды пайдалануды уақытша тоқтата тұруға немесе осы құқықтарды пайдаланған кезде ол қажет деп тапқан мынадай шарттарды орындауды талап етуге құқығы бар:
а) осы тағайындалған авиакәсіпорынға басымдықпен иелік ету және тиімді бақылау осы авиакәсіпорынды белгілеген Тарапқа немесе оның азаматтарына тиістілігіне дәлелдері болмаған кез келген жағдайда; немесе
b) егер осы тағайындалған кәсіпорын осы құқықтарды беретін Тарап мемлекетінің заңдары мен ережелерін сақтамаса; немесе
с) егер осы тағайындалған авиакәсіпорын қандай да бір өзгеше түрде осы Келісімде көзделген шарттарды сақтамаса.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарды дереу тоқтата тұру, жою немесе орындауды талап ету бір Тарап мемлекетінің заңдары мен ережелерін одан әрі бұзудың алдын алу үшін қажет болып табылмаса мұндай құқық басқа Тараппен консультациялардан кейін ғана қолданылады.
5-бап
Заңдар мен ережелердің қолданылуы
1. Бір Тарап мемлекетінің оның аумағында келуін, оның шегінде болуы және сол мемлекеттің аумағынан жолаушыларды, экипажды, багажды/жүкті немесе поштаны жөнелтуді реттейтін заңдары мен ережелері, кіру, шығу, эмиграция және иммиграция, сондай-ақ кедендік бақылау, медициналық және карантиндік шаралар, валюталық ережелер басқа Тараптың аталған аумақта болуы уақытында мемлекет авиакәсіпорны тағайындаған әуе көлігімен тасымалданатын жолаушыларға, экипажға, багажға, жүкке немесе поштаға қолданылатын болады.
2. Бір Тарап мемлекетінің халықаралық аэронавигацияда немесе көрсетілген аумақтың үстінен осындай әуе кемесінің ұшуына жұмылдырылған әуе кемесінің оның аумағына келуін немесе кетуін реттейтін заңдары мен ережелері басқа Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының әуе кемесіне қолданылады және осы тағайындалған авиакәсіпорын өзінің әуе кемесінің бірінші Тараптың аумағына келуі, болуы немесе жөнелтілуі сақтайды.
6-бап
Айғақтар мен куәліктерді тану
1. Бір Тарап мемлекеті берген немесе жарамды деп таныған және қолданылу мерзімі өтпеген ұшу жарамдылық туралы куәліктерді, біліктілік туралы айғақтар мен куәліктерді шарт желілерін пайдалану мақсатында басқа Тарап мемлекеті осындай куәліктер немесе айғақтар берілген немесе жарамды деп танылған талаптар Конвенцияға сәйкес қолданылатын немесе белгіленуі мүмкін минималды стандарттарға сәйкес келетін немесе жоғары жағдайда басқа Тарап мемлекеті жарамдылық деп таниды. Алайда әрбір Тарап өз аумағы үстінен ұшқан кезде өз азаматтарына берген немесе басқа Тарап немесе кез келген үшінші Тарап жарамды деп таныған біліктілік және айғақ туралы куәліктерді жарамды деп тануын жою құқығын өзіне қалдырады.
2. Егер әрбір тұлғаға немесе тағайындалған авиакәсіпорынға немесе әуе кемесіне қатысты бір Тараптың авиациялық билік орындары берген осы баптың 1-тармағында айтылған айғақтар мен куәліктерде ұсынылған артықшылықтар мен шарттар Конвенцияға сәйкес белгіленген стандарттардан айрықша шарт желілерін пайдалануда қолданылады және егер мұндай айырмашылықты Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы тіркеген жағдайда, басқа Тарап Тараптардың авиациялық билік орындары арасында осы мәселе бойынша талаптар олар үшін тиімді болуы мақсатында консультациялар жүргізуді сұратуы мүмкін.
7-бап
Ұшу қауіпсіздігі
1. Әрбір Тарап кез келген уақытта экипажбен, әуе кемелерімен немесе оны пайдалануымен байланысты кез келген салада басқа Тарап қабылдаған қауіпсіздік стандартына қатысты консультация жүргізуді сұратуы мүмкін. Мұндай консультациялар басқа Тараптың осындай сұрату күнінен бастап 30 күннен кешіктірмей жүргізіледі.
2. Егер осындай консультациялар барысында бір Тарап Конвенцияға сәйкес осы сәтте белгіленген стандарттарға сай келетін осы баптың 1-тармағында айтылған саладағы қауіпсіздік стандартын екінші Тарап тиімсіз пайдаланатынын және сақтайтынын атап өтсе, онда басқа Тарап осындай пікірі туралы және осы стандарттарды тиімді пайдалану және сақтауға арналған шаралар туралы жазбаша хабардар етіледі. Басқа Тарап келісілген кезең ішінде жағдайды түзету бойынша тиісті іс-әрекеттерді қабылдайды.
3. Конвенцияның 33-бабында айтылған міндеттемелерге қарамастан, басқа Тараптың аумағы шеңберінде басқа Тараптың желілерінде немесе аумағынан бір Тараптың авиакәсіпорындары немесе авиакәсіпорын пайдаланатын кез келген әуе кемелерін осы басқа Тарап мемлекетінің уәкілетті өкілдерінің борт және әуе кемелерінің сыртқы тексерісіне, әуе кемелеріне құжаттардың жарамдылық мерзіміне және экипажға, сондай-ақ әуе кемесінің және оның жабдығының техникалық жағдайына, егер ол негізсіз кідіріске алып келмесе (осы бапта бұл тексеріс «перрондағы тексеріс» деп аталады) тексеруіне тартылатын болады,
4. Егер перрондағы мұндай тексеріс немесе перрондағы тексеріс сериялары:
а) әуе кемесі немесе әуе кемесін пайдалану осы сәтте Конвенцияға сәйкес белгіленген ең төменгі стандарттарға сәйкес келмегендіктен маңызды қауіптерге, немесе
в) Конвенцияға сәйкес тексеріс сәтінде белгіленген қауіпсіздік стандарттарын жеткіліксіз тиімді пайдалану және басқару бойынша маңызды қауіптенуге әкеп соғады. Конвенцияның 33-бабының мақсатында инспекция жүргізген Тарап осы әуе кемесінің экипажына қатысты куәліктер мен айғақтар берілген немесе жарамды деп танылған немесе осы әуе кемесі ұшуды орындайтын талаптар Конвенцияға сәйкес белгіленген ең төменгі стандарттарға сәйкес келмейді және оларды арттырмайтын талаптар туралы қорытындыларды даярлау бойынша өз іс әрекеттерімен шектелмейді.
5. Егер осы баптың 3-тармағына сәйкес бір Тарап мемлекетінің авиакәсіпорны пайдаланатын әуе кемесін перронда тексеруге қол жетімділіктен сол авиакәсіпорнының өкілі бас тартқан жағдайда басқа Тарап осы баптың 4-тармағында айтылған күрделі мәселелер туындайтыны туралы қорытынды даярлау бойынша өзінің іс-қимылында шектеусіз болады.
6. Егер бірінші Тарап перронда тексеру нәтижесінде перронда тексеруден бас тарту жағдайында консультациялар немесе өзге жағдайда авиакәсіпорынның ұшуды қауіпсіз орындауы үшін дереу іс-қимыл қажет деп шешім қабылдаған жағдайда басқа Тараптың тағайындалған кәсіпорынның ұшуды орындауға рұқсатын дереу тоқтату немесе өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
7. Осы баптың 2 және 6-тармақтарына сәйкес Тарап қабылдайтын кез келген шара осы шараны қабылдау негізі тоқтағаннан кейін тоқтатылатын болады.
8-бап
Авиациялық қауіпсіздік
1. Тараптар халықаралық құқықтардан туындайтын өздерінің құқықтары мен міндеттемелеріне сәйкес бір біріне қатысты алған азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне заңсыз араласу актілерінен қорғау міндеттерін растайды. Халықаралық құқықтан туындайтын өздерінің құқықтар мен міндеттемелерінің жалпы қолданысымен шектеліп қоймай, Тараптар атап айтқанда, 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбір басқа актілер туралы конвенцияның, 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияның, және 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреальда қол қойылған Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы жасалатын заңсыз бағытталған актілерге қарсы күрес туралы конвенцияның, 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреальда қабылданған Азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілерге қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын, 1988 жылғы 24 ақпанда Монреальда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайлардағы заңсыз күш қолдану актілеріне қарсы күрес хаттамасының ережелеріне сәйкес немесе Тараптар мүшелері болып табылатын авиациялық қауіпсіздік жөніндегі кез келген басқа халықаралық шарттардың мүмкіндігі болып әрекет етеді.
2. Тараптар сұрау салу бойынша әуе кемелерін заңсыз басып алу актілерін және осындай әуе кемелерінің, олардың жолаушыларымен экипажын, әуежайлары мен аэронавигациялық құралдардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ азаматтық авиация қауіпсіздігіне кез келген басқа қауіпке қарсы бағытталған басқа да заңсыз актілерді болдырмау бойынша бір-біріне барлық қажет көмек көрсетеді.
3. Тараптар өздерінің екі жақты қатынастарында Халықаралық азаматтық авиация ұйымдары белгілеген және осындай қауіпсіздік жөніндегі ережелер Тараптарға қолданылатын дәрежеде Конвенцияға қосымшалар деп аталатын авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелерге сәйкес іс-әрекет жасайды: олар олардың тіркелген жері бойынша әуе кемесін пайдаланушылар немесе негізгі қызмет орны немесе тұрақты тұрғылықты жері олардың аумағындағы әуе кемелерін пайдаланушылар және олардың аумағындағы әуежайлардың қызмет көрсететін персоналы авиациялық қауіпсіздік жөніндегі осындай ережелерге сәйкес іс-әрекет етуін талап ететін болады.
4. Әрбір Тарап әуе кемелерінің осындай пайдаланушыларынан осы баптың 3-тармағында айтылған, басқа Тарап осы басқа Тарап аумағы шегінде келу, кету және болу үшін басқа Тараптан талап ететін авиациялық қауіпсіздік ережелерін сақталуын талап ете алуымен келіседі. Әрбір Тарап өздерінің аумағы шегінде бортқа тиеу немесе түсіру уақытына дейін және түсіру уақытында әуе кемелерін қорғау және жолаушыларды, экипажды, қол жүгін, багажды, жүкті және борттық қорларды қорғау үшін ұқсас шараларды тиімді қолдануды талап етеді. Әрбір Тарап нақты қауіпті болдырмау мақсатында қауіпсіздіктің қонымды арнайы шараларды қабылдау туралы басқа Тараптың кез келген өтінішін оң ниетте қарайды.
5. Әуе кемесін заңсыз басып алуға немесе осындай әуе кемелерінің, олардың жолаушыларының экипажын әуежайлардың немесе аэронавигациялық кемелеріне қарсы бағытталған басқа да заңсыз актілеріне байланысты қатер немесе қақтығыс қауіпі жағдайында Тараптар осындай қақтығыстың тез және қауіпсіз жолын кесу немесе оның қауіпін болдырмау мақсатында байланыс құралдарын ықпал ету және басқа да тиісті шаралар қабылдау жолымен біріне бірі көмек көрсетеді.
6. Егер Тараптардың бірі осы баптың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелерден ауытқыған болса басқа Тараптың авиациялық билік орындары осы Тараптың авиациялық билік орындарынан дереу консультациялар сұратуы мүмкін.
9-бап
Алымдар
1. Әуежайлар, әуе трассалары, әуе қозғалысын бақылау және аэронавигациялық қызмет көрсету авиациялық қауіпсіздік қызмет көрсету бір Тарап аумағында ұсынылатын басқа да ілеспе құралдар мен қызметтер басқа Тарап мемлекетінің авиакәсіпорыны ұқсас халықаралық тасымалдармен айналысатын кез келген авиакәсіпорындармен ұсынылатын кем емес қолайлы шарттарды пайдалану үшін қолжетімді болады.
2. Бір Тарап аумағында басқа Тарап мемлекетінің авиакомпаниясынан немесе тағайындалған кәсіпорындардан әуежайды, әуе трассаларына пайдаланғаны әуе қозғалысын және аэронавигациялық қызмет, авиациялық қауіпсіздік және басқа да ілеспе құралдар мен қызметтерді бақылау үшін алымдар мөлшерін және алу тәртібін белгілеу әділ және тең болады.
3. Тараптар олардың құзыретті органдарының немесе осы баптың 2-тармағында көрсетілген алымдарды анықтау үшін жауапты, ұйымдардың және құрылыстар мен қызметтерді пайдаланатын авиакәсіпорындардың арасындағы консультациялар жүргізуді көтермелейді. Жаңа алымдар енгізу туралы ұсыныстар жағдайында тиісті хабарлама қызметтерді пайдаланушыларға оларды қолданысқа енгізуге дейін өздерінің пікірін білдіру үшін оларға мүмкіндік беретіндей ұсынылуы тиіс.
10-бап
Тасымалдаудың сыйымдылығын реттеу
1. Әрбір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары осы Келісімге сәйкес келісілген желілерді пайдалануға әділ және тең мүмкіндіктері болады.
2. Келісілген әр Тараптардың әр қайсысы басқа Тараптың тағайындалған кәсіпорындардың осы белгіленген маршрут немесе оның бөлігі бойынша авиа желілерді пайдаланатын осы тағайындалған кәсіпорындардың тасымалдаушыларына зиян келтірмеу үшін мүдделерін назарға алуға тиіс.
3. Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары қызмет көрсететін келісілген желілер белгіленген маршруттарда тасымалдауларға қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес болу тиіс және әрбір тағайындалған кәсіпорынының қонымды тиеудің қолайлы коэффициенті кезінде екі Тараптар аумақтары арасында жолаушыларды, багаж,жүк, поштаны тасымалдаудағы қазіргі және қонымды болжанатын қажеттіліктерге жауап беретін осындай сыйымдылықты ұсыну бірінші кезектегі міндеті болуы тиіс.
4. Белгіленген жерлерді пайдалану кезінде сыйымдылық Тараптардың тағайындалған авиакәсіпорындар арасында келісілген және екі Тараптың авиациялық билік органдарын бекіту үшін ұсынылған болу тиіс.
5. Ұсынылатын сыйымдылық пен орындалатын ұшу жиілігі Тараптардың негізгі тағайындалған авиакәсіпорындары арасында келісілген, одан әрі ұшу басталғанға дейін екі Тараптың авиациялық билік органдары бекіткен болуы тиіс. Осындай сыйымдылық және бастапқыда белгіленген ұшу жиілігін Тараптардың билік органдары қайта қарауы мүмкін және Тараптардың авиациялық билік органдар арасында жеке уағдаластық нысанасы болып табылады.
11-бап
Кестелерді бекіту
1. Әрбір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындары ұшу жиілігін әуе кемесі типін қолдану кезеңін көрсете отырып, сондай-ақ осы Келісімнің 10 және 12-баптардың талаптарына сәйкес келісілген желілерді пайдалануды бастаудың болжамды күніне дейін күнтізбелік қырық бес (45) күннен кешіктірмей жоспарланған ұшу кестесін басқа Тараптың авиациялық билік органына қарауға ұсынады. Бұл өтінім ол өзгерген жағдайда авиациялық билік органдарына қайталап ұсынылатын болады.
2. Егер тағайындалған авиакәсіпорын бекітілген кестеде көрсетілген рейстерге қосымша арнайы рейстер орындауға ниет білдірсе авиакәсіпорын осындай өтінішті қарайтын мүдделі Тараптың авиациялық билік орындарына осындай өтінішпен алдын ала жүгінеді.
3. Белгіленген маршрутта біржақты тәртіппен ұшуды орындаған жағдайда бір Тараптың тағайындаған кәсіпорыны маршрутқа өтінім берілгенге дейін басқа кәсіпорынының тағайындалған авиакәсіпорнымен келісім жасасады.
12-бап
Тарифтер
1. Екі Тараптың аумағы арқылы/ аумағына/нан орындалатын халықаралық қатынастар қатысты тарифтерді тағайындалған кәсіпорындар қонымды деңгейлерде, басқа кәсіпорындардың ұшу құнын қонымды пайданы және тарифтерді қоса алғанда барлық ілеспе факторлар үшін жасалған төлемдерге байланысты белгілейді.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленген тарифтер, сондай-ақ осы тарифтерден алынатын агент және комиссиялық алымдар мөлшері бүкіл белгіленген маршрутты немесе оның бөлігін пайдаланатын Тараптардың тағайындалған кәсіпорындар арасындағы келісілген болуы тиіс. Осылайша келісілген тарифтер Тараптардың авиациялық билік орындарының бекітуіне жатады. Бұған қарамастан, әрбір Тараптың:
а) негізделмеген кемсітушілік бағаны немесе практиканы болдырмау;
б) тұтынушыларды негізсіз жоғары немесе басымды ұстанымын асыра пайдаланумен байланысты шектейтін болып табылатын бағалардан қорғау, және;
с) авиакәсіпорынды жасанды төмендетілген бағалардан қорғау үшін араласу құқығы болады.
3. Бір Тараптың тағайындалған кәсіпорыны басқа Тараптың авиациялық билік органдардың сұрау салулары бойынша аталған билік орындары айқындаған түрде және форматта белгіленген тарифтерге қатысты ақпарат ұсынады.
4. Осы баптың ережелеріне сәйкес белгіленген тарифтер жаңа тарифтер белгіленгенге дейін күшінде қалуы тиіс.
13-бап
Адал бәсекелестік
1. Екі Тараптың тағайындалған авиакәсіпорындарына екі Тарап аумақтары арасындағы белгіленген маршруттарда келісілген желілерін пайдалану кезінде тең және әділ мүмкіндіктер ұсынылады.
2. Бір де бір Тарап тағайындалған авиакәсіпорынға кез келген басқа авиакәсіпорынмен одаққа, қолда бар не оның мүмкіндігі бар, не бәсекелесті елеулі әлсірету немесе бәсекелесті маршрутты алып тастау мақсатында әсер етуге арналған тәсілімен рыноктағы жағдайды бөлек асыра пайдалануға мүмкіндік бермейді.
3. Тағайындалған авиакәсіпорнының іс-қимылдары жосықсыз бәсекелестік ретінде қаралуы және қосымша зерделеу нысанасында болуы мүмкін, егер:
а) белгіленген маршруттарға қызмет көрсету үшін алынатын тарифтер мен алымдар жиынтығында оларға жататын тасымалдардың бағаларын жабу үшін жеткіліксіз;
в) бұл ретте мұндай практика уақытша емес, тұрақты болып табылады;
с) бұл ретте мұндай практика басқа авиакәсіпорынға экономикалық әсерін тигізеді немесе оны ерекше шығынға ұшыратады; және
д) іс-қимылдар мемлекеттен жанама субсидиялар алу нәтижесінде маршрутта басымды жағдайды асыра пайдалану туралы куәландырады.
14-бап
Кеден салықтары мен алымдардан босатылу
1. Бiр Тараптың тағайындаған авиакәсiпорнының басқа Тарап аумағында келiсiлген желілерді пайдаланудан алған кірістерін осы басқа Тарап заңнамасына сәйкес қолданылуы тиiс немесе қолданылуы мүмкiн болатын салық салудан босатылады.
Егер Тараптар арасында осындай босатуды көздейтiн халықаралық шарт қолданылатын болса, бұл ереже қолданылмайды.
2. Әрбір Тараптың тағайындаған авиакәсіпорны халықаралық әуе қатынасында пайдаланатын әуе кемесі, сондай-ақ осындай әуе кеменің бортында оның табельдік жабдықтары, қосалқы бөлешектері және жанар-жағармай материалдары, борт қорлары (азық-түлік өнімдері, сусындар және темекі заттарын қоса алғанда) екінші Тараптың аумағына әкелінгеннен кейін барлық кедендiк баждардан, тексеру алымдарынан босатылады, әйтсе де осындай жабдықтар мен бөлшектер осындай әуе кеменің бортында қалғанға дейін олар кері алып шығарылмайды немесе осы аумақтың үстінен орындалатын ұшу бөлігінде әуе кемесінің бортында қолданылады.
3. Көрсетілген қызметтер үшін алымдарды қоспағанда, ондай салықтардан, баждар мен алымдардан мыналар да босатылады:
а) кез келген Тарап мемлекетінің аумағында осы Тараптың құзыретті органдарымен белгіленген шектеулердің шегінде бортқа алынып, екінші Тарап мемлекетінің әуе кемесінің бортында халықаралық қатынастарда пайдалану үшін қолданылатын борттық қорлар;
б) кез келген Тарап мемлекетінің аумағына екінші Тараптың тағайындаған авиакәсіпорнымен тағайындалған халықаралық қатынаста пайдаланылатын әуе кемесін техникалық қызметтен өткізу немесе жөндеу үшін әкелінетін қосалқы бөлшектер және борттық жабдықтар;
с) Тараптың аумағында екінші Тараптың тағайындаған авиация кәсіпорнымен халықаралық қатынаста пайдаланылатын әуе кемесінің тұтынуы үшін берілетін жанар және жағармай материалдары, тіпті жанар және жағармай материалдары Тарап аумағының шегінде жатқан маршрут бөлігінде шығындалады, сонда олар бортқа алынып, қолданылатын болса да;
д) осы тармақтың а), б) және с) тармақшаларында көрсетілген материалдар кедендік қадағалау мен бақылауда ұстау үшін талап етілетін болады.
4. Табельдік борттық жабдық, сондай-ақ кез-келген Тарап мемлекеттің әуе кемесінің бортында сақталатын материалдар мен қорлар басқа Тарап мемлекетінің аумағына тек осы Тараптың кеден органдарының рұқсатымен ғана түсірілуі мүмкін. Осы жағдайда, олар әкетілгенге дейін немесе Тарап мемлекетінің кедендік заңнамаларына сәйкес тасымалданған басқа жағдайға дейін, айтылған билік орындарының қадағалауында болу тиіс.
5. Кез келген Тарап мемлекетінің аумағы арқылы тікелей транзитпен өтетін және осы мақсатқа бөлінген әуежай аймағынан шықпайтын жолаушылар, багаж бен жүктер азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласуды және мемлекеттің ұлттық транзит заңнамасымен көзделген азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласатын және тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселерді тасымалдау бойынша қауіпсіздік шараларына зиян келтірмей бақылаудың тек жеңіл түрлері жүргізіледі.
Кез-келген Тараптың аумағы арқылы тікелей транзитпен өтетін багаждар мен жүктерге салықтар, кедендік баждар мен алымдар салынбайды.
15-бап
Авиакәсіпорындар өкілдіктерінің мекемесі
1. Бір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорны өзара негізде екінші Тараптың аумағында шарттық желілерді пайдаланумен байланысты қажеттіліктеріне қарай өзінің өкілдерін және әкімшілік, коммерциялық, пайдаланымдық және техникалық персоналдарды орналастыру және ұстау құқығына ие.
2. Бір Тараптың тағайындалған авиакәсіпорнының таңдауы бойынша персоналға қажеттілік екінші Тараптың аумағында қызметті жүзеге асыратын және басқа авиакәсіпорындар үшін осындай қызметтерді уәкілетті органдар орындай алатын кез келген басқа ұйымдардың, компаниялардың немесе авиакәсіпорындардың қызметтері тартылуы немесе дербес жеке құрамымен қанағаттандырылуы мүмкін.
3. Өкілдер мен персонал басқа Тарап мемлекетіндегі қолданыстағы заңдар мен ережелердің қолданылу аясына түседі, әрбір Тарап мынадай заңдар мен ережелерді сақтай отырып, өзара негізде және азғантай кідіріспен осы баптың 1-тармағында айтылған өкілдер мен персоналдарға қажетті жұмыс лицензияны, кіруге арналған визаларды және басқа да ұқсас құжаттарды ұсынады.
16-бап
Қаржы нормалары
1. Тағайындалған әрбiр авиакәсiпорын басқа Тараптың аумағында өзінің сату кеңселері арқылы және өз қалауы бойынша, агенттер арқылы жеке тасымалдау құжаттамаларын сатуға және шығаруға құқығы бар. Осындай авиакәсiпорын осындай тасымалдауды сатуға құқығы бар және кез-келген адам ерікті түрде осы көлік қызметтерін кез-келген еркін айырбасталатын валютада және/немесе жергілікті валютада төлей алады.
2. Тағайындалған әрбiр авиакәсiпорын қажеттілігіне қарай көлік ағынының тасымалдары нәтижесінде алынған кірістердің артық табыстарын ресми айырбастау курсы бойынша айырбастауға және аударуға құқығы бар. Тараптардың арасында тиісті халықаралық шарт болмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген аудару айырбасталатын валютада және валютаны реттеу саласында келген мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осындай кірістерді айырбастауға және аударуға ұсынған уақытта күшіне енген ағымдағы транзакциялар кезінде қолданылатын валюталық курс бойынша шектеусіз рұқсат беріледі және осындай айырбастау мен аударуды орындау кезінде әдетте банктер өтетіп алатын алымдардан басқа, ешқандай алымдарға әкеп соқтырмайды.
17-бап
Статистикалық ақпараттарды ұсыну
Әрбір Тараптың авиациялық билік орындары басқа Тараптың авиациялық билік орындарына олардың сұранысы бойынша, осындай мерзімді немесе басқа да статистикалық ақпаратты ұсынады, ол бірінші Тарап мемлекетінің тағайындалған авиакәсіпорнының шарттық желілерінде ұсынылатын сыйымдылықты қайта қарау мақсатында талап етуге негізделетін болады. Осындай ақпарат осындай шарттық желілерде тағайындалған авиакәсіпорындармен орындалатын тасымалдардың көлемін анықтау үшін, сондай-ақ осы тасымалдарды тиеу және түсіру пункттерін анықтау үшін өзіне барлық қажетті деректерді қамтиды.
18-бап
Консультациялар және түзетулер
1. Тараптардың авиациялық билік орындары осы Келісімнің ережелерін және осы Келісімге қосымшаларын орындауды қамтамасыз ету мақсатында бір-бірімен мерзімді кеңесіп отырады.
2. Егер Тараптардың кез келгені кез келген осы Келісімнің ережелерін немесе осы Келісімге қосымшаларын өзгертуге ниет білдірсе, ол екінші Тараптан кеңес сұрата алады. Осындай кеңестер авиациялық билік орындары арасында талқылау немесе хат алмасу арқылы жүргізілетін болады, Тараптармен сұратылатын сұранысты алған күннен бастап алпыс (60) күннен кешіктірмей басталады. Осы Келісімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, осы тәсілмен осы Келісімнің 21-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
19-бап
Дауларды реттеу
1. Осы Келісімнің ережелерін немесе осы Келісімге қосымшаларын талқылауға немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген даулар туындаған жағдайда Тараптар бірінші кезекте келіссөздер арқылы оны реттеу үшін барлық күшті жұмсайды.
2. Егер Тараптар дауларды келіссөздер арқылы реттей алмаса, олар туындаған мәселеге байланысты қолданылатын құқықты анықтауға және дауды БҰҰ тиісті органның қарауына беруге келісуі мүмкін; егер Тараптар осылайша келісе алмаса, сонымен қатар, онда дау кез келген Тараптың өтініші бойынша төрелік соттың қарауына жібереді, ол үшін Тараптардың әрбірі бір-бір төрешіден тағайындайды. Тағайындалған төрешілер Төрелік сот Төрағасының міндеттері жүктелетін үшінші төрешіні анықтайды. Әрбір Тараптардың дипломатиялық арналар бойынша басқа Тараптан даулар бойынша төрелік сотты жүргізу туралы хабарлама алған күннен бастап алпыс (60) күннен кешіктірмей өз төрешісін тағайындайды, ал үшінші төреші кейінгі алпыс (60) күннен кешіктірілмей тағайындалады. Егер Тараптардың біреуі төрешісін тағайындай алмаса немесе төрелік соттың үшінші төрешісі тағайындалмаса, егер нақты жағдайда талап етілетін болса, онда кез келген Тараптардың өтініші бойынша төрешіні немесе төрешілерді Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Кеңесінің Президенті тағайындай алады.
3. Тараптар осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған кез келген шешімдерді, осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған кез келген ұсыныстарды қоса алғанда, орындауға міндеттенеді.
4. Егер Тараптардың кез келгені осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған кез келген шешімді орындамаса, онда басқа Тарап міндеттерді орындамайтын Тараптың осы Келісімнің шарттарына сәйкес берілген кез келген құқықтары мен жеңілдіктерін орындамағаны үшін шектете, уақытша тоқтата немесе жоя алады.
5. Әрбір Тарап қажетті шығындарды көтереді, тең жағдайда өз төрешілеріне сыйақы төлейді. Үшінші төреші бойынша сыйақы және қажетті шығындар, сондай-ақ төрелік соттың қызметі бойынша шығындар Тараптар арасында тең бөлінеді.
20-бап
Тіркеу
Осы Келісім және оның кез келген кейін болатын өзгерістері Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымында тіркелетін болады.
21-бап
Келісімнің күшіне енуі, қолданылу мерзімі және қолданысын
тоқтату
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа өзінің осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы хабарлар еткенге дейін күшінде қалады.
Мұндай хабарлама бiр мезгiлде Халықаралық азаматтық авиация ұйымына жiберiледi. Осы Келісімнің қолданысы басқа Тараптан хабарлама алған күннен бастап, егер осындай хабарлама көрсетілген кезең өткенге дейін Тараптардың өзара келісімі бойынша керi шақыртылып алынбаса, он екі (12) айдан кейін тоқтатылады. Басқа Тараптың осындай хабарламаны алғаны туралы растау болмаған кезде соңғысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының хабарламасын алғаннан кейін он төрт (14) күннен соң алынған болып есептеледі.
________________ жылғы «___»_________ ____________ қаласында әрқайсысы қазақ, вьетнам, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды, әрі барлық мәтiндер тең түпнұсқалы. Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік
Үкіметі үшін Республикасының Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Вьетнам Социалистік
Республикасы Үкіметінің арасындағы Әуе қатынасы туралы
келісімге қосымша
1. Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакәсіпорынның мынадай белгіленген маршруттар бойынша келісілген желілерді пайдалануға құқығы бар:
Ұшу пункттері |
Аралық пункттер |
Вьетнам Социалистік Республикасындағы пункттер |
Тыс жердегі пункттер |
Қазақстан Республикасындағы кез келген пункттер |
Кез келген пункттер |
Вьетнам Социалистік Республикасындағы пункттер |
Үшінші елдердегі кез келген пункттер |
2. Вьетнам Социалистік Республикасының тағайындалған авиакәсіпорынының мынадай белгіленген маршруттар бойынша келісілген желілерді пайдалануға құқығы бар:
Ұшу пункттері |
Аралық пункттер |
Қазақстан Республикасындағы пункттер |
Тыс жердегі пункттер |
Вьетнам Социалистік Республикасындағы пункттер |
Кез келген пункттер |
Қазақстан Республикасындағы кез келген пункттер |
Үшінші елдердегі кез келген пункттер |
Тараптардың аумағындағы тағайындалған авиакәсіпорындар үшін пункттер Тараптардың авиациялық билік орындар арасындағы келісім бойынша анықталады.
3. Тараптардың екі тағайындалған авиакәсіпорны жеке немесе барлық ұшуды орындау кезінде белгіленген маршруттарға келісілген желілер осы аумақтың ұшу пункттерінен басталу шарты кезінде кез келген жоғарыда көрсеткен пункттерді жіберуі мүмкін.
4. Келісімде ешнәрсе Тараптардың кез келгенін тағайындалған авиакәсіпорындарына әуе еркінділігін бесінші дәреже құқығын ұсыну ретінде қаралмайды.
5. Қазақстан Республикасының аумағындағы бірде-бір пункт аралық пункт немесе тысқары пункт ретінде Тараптардың авиациялық биліктер арасындағы келісімсіз пайдаланылмайды.
6. Вьетнам Социалистік Республикасының аумағындағы бірде-бір пункт аралық пункт немесе Тараптардың авиациялық билік орындары арасындағы келісімсіз пайдаланылмайды.