Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Venus Airport Investments B.V» компаниясына «Халықаралық Алматы әуежайы» акционерлік қоғамының 100% акциялар пакетін «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамы қор биржасында бір сатып алушыға сатылатын акциялар саны бойынша қандай да бір шектеулерсіз өткізуге рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов