"Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою" және "Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1183 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 қаулысымен

«Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1183 қаулысына баспасөз - релизі

      Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік және отандық теле-, радиоарналарды есепке қою мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілді және мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері және тәртібі көрсетілген.
      Стандарт халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
      «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттiк қызметiн Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi көрсетедi.
      Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою 10 жұмыс күні iшiнде жүзеге асырылады. 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін отандық теле-, радиоарналарды есепке қою кезінде салық алымы алынбайды.
      Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою кезінде куәлік қағаз тасығышта беріледі.
      Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтiзбелiк 15 күн iшiнде жүзеге асырылады. 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою кезінде салық алымы алынбайды
      Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою кезінде куәлік қағаз тасығышта беріледі.
      Осы қаулымен Министрліктің интернет-ресурсында танысуға болады: www.mki.gov.kz («Мемлекеттiк қызмет» бөлiмiнiң «Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою», қайта есепке қою кіші бөлімінде).

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және ақпарат
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз