Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 33-1 және 33-2-жолдармен толықтырылсын:
«
33-1. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қаржымині |
Тамыз |
Қазан |
Желтоқсан |
Р.Е. Дәленов |
33-2. |
Оңалту және банкроттық туралы |
Қаржымині |
Тамыз |
Қазан |
Желтоқсан |
Р.Е. Дәленов |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов