"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1204 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының мемелекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін
бекіту туралы

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса берліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары 2012 жылдың соңына дейін өз ережелерін қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес келтірсін.
      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2012 жылғы « » 
№ Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН   

Мемлекеттік органның үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. (Мемлекеттік органның атауы)* (бұдан әрі – мемлекеттік орган)_______ саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ______________________ органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік органның мынадай ведомстволары бар:
      1) ______________________________________;
      2) ______________________________________;
      3) ______________________________________.
      3. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады**.
      5. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Егер мемлекеттік органға заңнамаға сәйкес өкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Мемлекеттік органның штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Мемлекеттік орган» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Мемлекеттік органның қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      13. Мемлекеттік органның кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттемелері

      14. Міндеттері:
      ____________________________________;
      ____________________________________;
      ____________________________________
      15. Функциялары (олар белгіленген нормативтік құқықтық актілерге сілтеме көрсете отырып):
      ____________________________________;
      ____________________________________;
      ____________________________________;
      16. Құқықтары мен міндеттемелері (олар белгіленген нормативтік құқықтық актілерге сілтеме көрсете отырып).

3. Мемлекеттік орган қызметiн ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік органға басшылықты мемлекеттік органға жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мемлекеттік органның бірінші басшысын __________________ лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі (олар белгіленген нормативтік құқықтық актілерге сілтеме көрсете отырып):
      ____________________________________;
      ____________________________________;
      ____________________________________.
      21. Мемлекеттік органның бірінші басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн белгiлейдi.
      22. Мемлекеттік органның аппаратын мемлекеттік органның басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын аппарат басшысы басқарады.
      Жауапты хатшы*** лауазымы енгізілген мемлекеттік органның аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жауапты хатшы (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға) жүзеге асырады.
      23. Жауапты хатшы *** (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға) өз құзыретін «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығына сәйкес іске асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      24. Мемлекеттік органның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Мемлекеттік органның мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Мемлекеттік органға бекiтiлген мүлiк республикалық/коммуналдық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік органның өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органның және оның ведомстволарының қарамағындағы
ұйымдардың тiзбесi

      1. Ұйымның атауы.
      2. Ұйымның атауы.
      3. Ұйымның атауы.

Мемлекеттік органның және оның ведомстволарының қарамағындағы
аумақтық органдардың тiзбесi

      1. Аумақтық органның атауы.
      2. Аумақтық органның атауы.
      3. Аумақтық органның атауы.

Мемлекеттік органның және оның ведомстволарының қарамағындағы
мемлекеттік мекемелердің тiзбесi

      1. Мемлекеттік мекеменің атауы.
      2. Мемлекеттік мекеменің атауы.
      3. Мемлекеттік мекеменің атауы.
      Ескертпелер:* Орталық немесе жергілікті атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган, Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне бағынбайтын және есеп бермейтін, атқарушы органдарының жүйесіне кірмейтін алқалы мемлекеттік орган.
      ** Заңнамада белгіленген тәртіппен өзге мемлекеттік органдардың қолданыстағы және шартты атауы, өз рәміздері, айырым белгілері, туы, эмблемасы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, оның ішінде валюталық шоттары болуы мүмкін.
      *** 22, 23-тармақтарды мемлекеттік органның аппарат басшысы немесе жауапты хатшы лауазымы бар органдар толтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады