Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының мемлекеттiк шекараны кесiп өтуiнiң оңайлатылған тәртiбi туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегi № 1046 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы хаттамаға қол қою туралы»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi Владимир Карпович Божкоға қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының мемлекеттiк шекараны кесiп өтуiнiң оңайлатылған тәртiбi туралы хаттама жобасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы хаттама».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов