«Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1004 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1219 Қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1004 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
       «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлім мынадай мазмұндағы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі шаралар» деген 5.8-кіші бөліммен толықтырылсын:
      «5.8. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі шаралар.

       Кіріспе

       «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын және Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру құрылыс материалдарының қолда бар өндiрiсін одан әрі дамытуға және жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан кепілді тапсырыс беру жүйелерін құра және дамыта отырып, жыл сайын 1,5 млн. шаршы метр көлемінде пайдалануға беру жоспарланып отырған тұрғын үй көлемі, мемлекеттің тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жөніндегі шығыстарды бірге қаржыландыруға қатысуы, көліктік инфрақұрылымға мемлекеттік инвестициялар 2020 жылға дейінгі орнықты сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өндірістердің қолданыстағыларын жаңғырту және жаңаларын құру үшін өте жақсы ынталандырушы фактор болып табылады.
      Бизнесті қолдаудың қолданыстағы «Бизнестің жол картасы - 2020» және «Өнімділік 2020» бағдарламалары құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындарына ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көздеріне қолжетімділік береді.
      Құрылыс материалдарының өнеркәсібін дамытудың негізгі мақсаты осы бағдарламалар шеңберінде отандық құрылыс материалдарын тұтынуды 80 %-ға дейін жеткізу болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2012 жылғы қаңтар - сәуір кезеңдерінде 2 044,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,6 % - ды құрайды. Осы кезең ішінде пайдалануға 7 570 тұрғын үй ғимараты берілген, олардың 199 – і көппәтерлі, 7 362 жеке және 99 жатақханалар. Пайдалануға 16 472 пәтер тапсырылған. 2012 жылғы қаңтардан бастап сәуірге дейін 17 230 млн. тг., оның ішінде мемлекеттік меншікті - 72,9 млн. теңге және жеке меншікті - 16 799 млн. теңге сомаға күрделі жөндеу жұмыстары орындалды.

      Құрылысты индустрияландыру, жоспарланатын үлгілік жобаларды талдау және негізгі құрылыс материалдарының тізбесін белгілеу

       Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыру индустриялық құрылыс технологияларына көшуді көздейді. Бұл технологиялар стационарлық жағдайларда өнеркәсіптік тәсілмен негізгі конструктивті құрылыс элементтерін дайындауға, оларды кейіннен құрылыс алаңына жеткiзуге және кейіннен монтаждауға негізделген. Құрылысты индустрияландырудың негізгі артықшылығы конструкциялардың сапасын арттыру, ағынды және жыл бойына созылған өндірісті енгізу мүмкіндігі, еңбек шығындары мен материалдық ысыраптарды төмендету болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - ҚТКШІА) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен (бұдан әрі - ИЖТМ) бірлесіп, индустриялық үй құрылысының барлық ықтимал технологияларын зерттеу жұмыстарын жүргізген. Өткізілген жұмыстар нәтижесінде биік және жеке үй құрылысы үшін қазіргі заманғы технологиялық база ретінде ірі панельді үй құрылысының (бұдан әрі - ІПҮҚ) технологиясын қолдану ұсынылды. Қазіргі заманғы үй құрылысы комбинаттарын салу және ірі панельді үй құрылысы (ҮҚК ІПҮҚ) бойынша қолда бар темір бетон бұйымдарының зауыттарын жаңғырту ұсынылып отыр. Бұл толығымен құрастырмалы 5 - 9 қабатты тұрғын үй өндірісінің дәстүрлі технологиялық схемасын өзгертуге мүмкіндік береді. Классикалық кассеталық өндірісі бар бұйымдар қатары бойынша қиыстырылған конвейерлік-ағынды әдіс ретінде жаңа технологиялық схеманың негізі ұсынылады. Өндірісті енгізгелі отырған кәсіпорындарда алмалы борт жабдығы бар паллеттерде сыртқы қабырғалардың үш қабатты панельдердің икемді өндiрiсі қажет, бұл шығарылатын бұйымдардың номенклатурасын жедел ауыстыруға және жылу оқшаулау қабаты мен толтырғыш түрін ауыстыру мүмкіндігімен бұйымдардың әрбір маркасына металл пішіндерінің паркінен бас тартуға мүмкiндiк бередi. ҮҚК ІПҮҚ-да сәулет бетонынан жасалған бөлшектері мен суреті бар, қасбеті ұсақ бөлшекті элементтерден жасалған суреті әртүрлі, беті бедерлі панельдерді жасау үшiн полимерлі полиуретандық матрицаларды, мәрмәр және шыны түйірлері пайдаланылған ғимараттарды дайындау мүмкіндігі көзделген. Бұл технологияның басымдықтары:
      1) құрылыстың жоғары қарқыны және үйлерді салу мерзімдерінің қысқаруы;
      2) модульдік жоспарлау мүмкіндігі;
      3) құрылыстың төмен өзіндік құны (30-40%-ға) және шаршы метрдің өзіндік құнының төмендеуі;
      4) маусымдылық факторының болмауы;
      5) жоғары өнімділік және іс жүзінде өндірісті толығымен автоматтандыру;
      6) инновациялық технологияларды қолдану;
      7) өнімді көпқабатты, аз қабатты тұрғын үйлерді салу және жеке құрылыс кезінде пайдалану;
      8) түрлі географиялық және климаттық жағдайларда сынаулардан өтуі болып табылады.
      Технологияның ерекшеліктері
      Қазіргі заманғы ірі панельді үйлер ішкі бөлмелері кең, кеңістікті ыңғайлы аймаққа бөлінген пәтерлердің жақсартылған жоспарларымен сипатталады. Қазіргі заманғы технологиялармен салынған панельді үйлер сыртқы көрінісі мен пайдалану сапасы бойынша кірпіш және монолитті үйлерден кем емес.
      Қасбеті әрленген сыртқы қабырға панелі ішкі жылу оқшауланғышы бар үш қабатты бетондық панель болып табылады. Ауыр панель құрастырмалы конструкциялар зауытында толығымен дайындалған, бетоннан жасалған қабырға элементі болады. Ол климаттық жағдай талаптарына сүйене отырып, кез келген қалыңдықта дайындалуы мүмкін. Бұл ретте монтаждық қаттылық пен түпкiлікті жағдайды қамтамасыз ету үшін талап етілетін арматура зауытта орнатылады. Ауыр панельдердің бір жағы мен периметрі тегіс болып дайындалады.
      Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберінде индустриялық құрылыс комбинаттарын (бұдан әрі - ИҚК) ұйымдастыру арқылы қаңқалы-монолиттік үй құрылысының технологияларын пайдалану болжанып отыр. Жалпы, тек құрылыс және жол саласын ғана емес, энергетика және мұнай-газ секторын да өнiмдермен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретін комбинаттар желісін құру жоспарлануда.
      Технологияның ерекшеліктері:
      1) бұйымдардың шектелмеген номенклатурасы және бір бұйымнан екінші бұйымға ауысудың қарапайымдылығы;
      2) бұйымдардың кепілдік берілген сапасы, оның iшiнде тамаша геометрия және арматураның сырғып кетуінің болмауы;
      3) жабдықтың нақты пайдалану жағдайларына: инерттік материалдардың нақты сапасына; персоналдың біліктілігіне және с.с. бейімділігі;
      4) жабдықтың сенiмдiлiгi және қызмет көрсетудегі қарапайымдылығы әрі нәтижесі ретінде пайдалану процесіндегі жоғары технологиясы;
      5) сервистің дұрыс жолға қойылған жүйесі;
      6) ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудің және технологиялық жобалаудың жоғарғы деңгейi;
      7) жабдықты түрлендіруді және бұйымдар номенклатурасын кеңейтуді қамтамасыз ететін үздіксіз инновациялық процесс;
      8) жеткізілімдердің жинақтылығы және ұсынылып отырған шегендеусіз қалыптау нұсқасының басқа технологиялармен бiрлiгi.
      Үй құрылысының қаңқалы құрастырмалы-монолитті индустриялық әдiсін көп қабатты ғимараттар құрылысында және 2 - 3 қабатты тұрғын үй құрылысында газ-бетон, көп қуысты қыш тастар мен блоктар сияқты жаңа қабырға материалдарын пайдаланумен қиюластыра қолдану ерекше тиiмдi.
      Сондай-ақ бұл комбинаттар энергетика, жол құрылысы (кең форматты жол тақтасы) үшін темір бетон бұйымдарын, сондай-ақ мұнай саласы үшін темір бетон бұйымдарының көптеген түрлерін шығаратын болады.
      Барлық өңірлерде ҮҚК ІПҮҚ ұйымдастыру жоспарланып отыр. Технологияларды бейімдеу, тәсілді сынау және тәжiрибе алу үшiн ҮҰК құру жобалары пысықталып, әзірленген жоғары дәрежеде ірі құрылыс салушылардан тұратын пилоттық топ бөлінген. Пилоттық топ Астана және Алматы қалалары, Қарағанды және Оңтүстiк Қазақстан облыстары сияқты құрылыстың белсендi өңірлерін қамтиды. Осы топ 2012 жылдың үшінші тоқсанында ҮҚК ІПҮҚ жасау бойынша жобаларды бастауы тиіс. Бұдан басқа облыстардың әкімдіктері өңірлерде ҮҚК ІПҮҚ құру жобаларын іске асыра алатын кәсіпорындарды айқындады. Пилоттық топтың іс-қимылы шеңберiнде Қазақстанның түрлi өңірлерiнiң географиялық және климаттық жағдайларын есепке ала отырып, ІПҮҚ бойынша үлгiлік жобаларды бейiмдеу жүргiзiлуде. Кейіннен Қазақстанда ІПҮҚ технологиясын пайдаланып және ғимараттарды жобалауға құзыреттілігі бар жобалау институтын құрған жөн.
      Құрылыс индустриясы мен тұрғын үй қоры субъектілерін кешенді ғылыми-техникалық және жобалау-технологиялық қолдауды ұйымдастыру мақсатында Бағдарлама шеңберінде Беларусь Республикасының тәжірбиесі бойынша «Тұрғын үй салу мен жаңғыртудың қазақстандық ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық институты» АҚ (Тұрғын үй институты)
құрылады. Тұрғын үй институты қызметінің негізгі бағыттары: тұрғын үй құрылысы саласындағы проблемалы жобаларға мониторинг және талдау жүргізу, индустриялық үй салу саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер, құрылыстар мен ғимараттардың үлгі жобаларын әзірлеу және сертификаттау, жобалаушылар мен технологиялар инженерлерінің біліктілігін арттыру. Тұрғын үй институты құрамында референттік зертхана құрылатын болады, ол мынадай міндеттерді шешу үшін қажет:
      тұрғын үй құрылысы саласында материалдарды, технологиялар мен техникалық шешімдерді бағалау жөніндегі референттік (төрелік) функциялар;
      тұрғын үй құрылысы саласында материалдарды, технологиялар мен техникалық шешімдердің ұлттық депозитарийін жүргізу.
      ІПҮҚ технологиялары мен құрастырмалы қаңқа ерекшеліктерін ескере отырып, үй салу кезінде шығындардың қомақты бөлігін құрайтын негiзгi құрылыс материалдарының тiзбесі айқындалды (1-кесте).

      1-кесте. Экономикалық қызмет жіктеуішісіне сәйкес негiзгi құрылыс материалдарының тiзбесі (ҚР АК 04-2008)

Р/с

Атауы

ЭҚТӨК

1

2

3

1

Цемент

1)

Цемент

2351

2)

Портландцемент, сазбалшықты цемент, күл-қож цементі және гидравликалық ұқсас цементтер

235112

2

Қабырғалық материалдар

1)

Тақташалар, тақталар, кірпіштер және цементтен, бетоннан және жасанды тастан жасалған ұқсас бұйымдар

236111

2)

Кірпіштер, блоктар, тақташалар және диатомит топырақтан немесе тасты кремнезем ұнынан жасалған басқа да керамикалық бұйымдар (тақталарды, панельдерді, қуысты брикеттерді, цилиндрлерді, құбырларды қоса алғанда)

232011

3)

Керамикалық құрылыс кірпіштері, еденге арналған блоктар, салмақ түсетін блоктар немесе толтыру блоктары және отқа төзімді емес ұқсас керамикалық бұйымдар

233211

3

Құрама темірбетон конструкциялар және бұйымдар

1)

Құрылыс үшiн цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған оның iшiнде азаматтық, құрама конструкциялар элементтерi

236112

2)

Бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары

23612

4

Құрылыс ерітінділері

1)

Отқа төзімді цемент, құрылыс ерітінділері, ұқсас бетондар және құрамдар, басқа топтарға қосылмағандар

232013

5

Табақты шыны


1)

Табақты шыны

2311

6

Кенді емес құрылыс материалдары


1)

Табиғи құмдар

081211

2)

Түйіршік, тасты ұнтақ және тасты қоқым, жұмыр тас, қиыршық тас, жарықшақталған тас немесе ұсақталған тас

081212

7

Құрылыс битум


1)

Табиғи битум және асфальт; құрамында асфальттік битумы бар қатты битум және тау жыныстары

089910

2)

Табиғи асфальтта немесе олармен байланысты түп негіздерінде, мұнайлы битумында, жасанды немесе табиғи тасты материалдарында негізделген битумдік қоспалар

239913

8

Құбырлар


1)

Құбырлар, түтіктер, пластмассадан жасалған шлангілер және фитингтер

222129

2)

Құбырлар, құбыр жолдары, құбырларға арналған керамикалық су бұрғыштар және фитингтер

233213

3)

Болатты басқа да домалақ қималы құбырлар және түтіктер

242013

9

Линолеумдер, паркеттер (еденге арналған жабындар)


1)

Құрама қалқан паркет

1622

2)

Линолеум және винил, линолеум түріндегі эластикалық еден жабындары

222315

10

Лифтілер


1)

Лифтілер, скиптік көтергіштер, эскалаторлар және қозғалатын жаяу жолдар

282216

11

Жылу оқшаулайтын материалдар


1)

Басқа топтарға қосылмаған, металлдан жасалмаған минералды өнімдер

23.99.19

2)

Басқа топтарға қосылмаған, дубляждалған немесе қапталған, сіңірілген текстильді материалдар

13.96.14

      Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн негізгі құрылыс материалдарына деген қажеттiлік және құрылыс материалдары өнеркәсібінің проблемалары.

       Құрылыс саласы тарапынан сұраныс әлеуетін бағалау үшін таңдалған технологияларды қолдануды, iшкi өндiрiстiң болуы және құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарының жүктелуін ескере отырып, негізгі құрылыс материалдарына деген бағалау қажеттілігі есептелді.

      2-кесте. Құрылыс индустриясының өндірістік қуаттары.

Р/с

Негізгі материалдар

Өлшем бiрлiгi

Қажеттілік

Өндірістік қуаты

Қамтамасыз етілуі %

1

2

3

4

5

6

1

Есiктер, терезелер және терезе жақтаулары

мың тонна

26

55,7

214

2

Раковиналар, металдан жасалған жуғыштар және ванналар

мың дана

98,4

200

203,2

3

Гипсокартон

млн. м2

20

33,7

168,5

4

Бояу және лактар

мың тонна

63,5

84,8

133,5

5

Арматура

мың тонна

278

307

110,4

6

Қиыршық тас

млн. м3

56,5

59,2

104,7

7

Бетоннан жасалған бұйымдар

млн. тонна

13,5

14,1

104,4

8

Цемент

млн. тонна

8,4

8,2

97,6

9

Битум

млн. тонна

1,2

1,1

96

10

Кiрпiштер

млн. дана

93,4

86,4

92,5

11

Күйiндi мақта және минералды мақта

мың тонна

40

36,8

92

12

Жеңiлдетілген бетон блоктары

мың м3

150,6

126,5

84

13

Құбырлар

мың тонна

600

400

66,7

14

Радиаторлар

мың дана

822

280

34,1

15

Сым және шыбықтар

мың тонна

636

202,6

31,9

16

Шатыр материалдары

млн. м2

27

7,3

27,0

17

Керамикалық тақталар

мың м2

14 500

6000

41,3

18

Лифтілер

дана

3 125

220

7

19

Сүрек өңдеу

млн. м3

277

18,9

6,8

20

Линолеум

мың м2

3 250

16,6

0,5

21

Табақ шыны және басқалары

млн. м2

12

0

0,0

22

Арматура

мың тонна

436,8

509

116,5

      Статистика деректеріне сәйкес құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететін сала ішкі өнеркәсіптік әлеуеттің жоғары болуымен, бірақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жүктелу коэффициентiнің төмен болуымен сипатталады.
      Келтiрiлген деректер отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуына байланысты салада маңызды проблемалардың бар екенін көрсетеді. Қалыптасқан жағдайдың туындау себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
      1) отандық тауарларды тұтынуды ынталандыру бойынша көтермелеуші және шектеуші мемлекеттiк шаралардың болмауы. Iшкi өндiрiстi ынталандыруды мемлекеттiк қолдаудың жұмыс iстеп тұрған жалғыз құралы кеден баждары болып табылады;
      2) құрылыс секторының тұтынуының күрт төмендеуіне байланысты құрылыс материалдарын өндiрушiлердің әлсiз инвестициялық қызметі;
      3) экспортты белсенді мемлекеттiк қолдау, жұмыс күшінiң төмен құны және өндiрiстің өзге де факторлары сияқты бәсекелестiк басымдықтардың болуынан қытай тауарларының экспорттық экспансиясы;
      4) халықтың тығыз орналасуы және елді мекендердің алшақтығы, өндiрушiлердің әлеуетті өткізу нарығын шектеуі.
      Тұтастай алғанда, Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында қолданылатын тауарлар өндiрiсiн ұлғайтуға мүмкіндік жеткiлiктi.
      Сондай-ақ, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша құрылыс материалдарына деген қажеттiлікті ақшалай мәнде бағалау жүргізілді.

      3-кесте. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша құрылыс материалдарына деген қажеттілік.

Р/с


2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Бағдарлама бойынша шығын (млрд. тг)

90,2

86,8

95,9

95,9

95,9

95,9

95,9

95,9

95,9

2

Ақшалай мәнде құрылыс материалдарына жұмсалған шығыс (млрд. тг)

40,6

39,1

43,1

43,1

43,1

43,1

43,1

43,1

43,1

      Жергiлiктi атқарушы органдардың деректері бойынша су құбырлары желiлерiнiң жалпы ұзындығы 77 255 км құрайды, оның iшiнде магистральды су құбырларының ұзындығы 21 237 км құрады.
      Құбыржолдардың ең ұзыны Шығыс Қазақстан облысында - 30 394 км, Оңтүстiк Қазақстан облысында - 9 013 км, Қарағанды облысында - 5 594 км тіркелген. Құбыржолдардың ең қысқасы Астана қаласында - 773, 4 км және Маңғыстау облысында - 1141, 6 км белгіленген.
      Талдау көрсетіп отырғандай, тұтастай республика бойынша су құбырлары желiлерiнiң жалпы ұзындығының 14 763 км ауыстыруды қажет етеді, бұл жалпы ұзындықтың 19,1 %-ын құрайды.
      Авариялы су құбырлары желілерінің ең үлкен ұзындығы Алматы қаласында (жалпы ұзындығы 2 964, 2 км, оның 1 999,4 км немесе 67, 4% күрделі жөндеуге немесе ауыстыруға жатады) және Астана қаласында (тиісінше 773,4 км-нің 463,8-і немесе 59,9 %-ы жөндеуге немесе ауыстыруға жатады) тіркелген.
      Жол құрылысына және жолдарды қалпына келтiруге байланысты құрылыс материалдарына деген қажеттiлік қосымша бағаланған.

      4-кесте. Жолдарды салу және қалпына келтiру кезінде негізгі жол-құрылыс материалдарына деген қажеттiлік

Р/с

Материалдың атауы

Өлшем бірлігі

Орташа жылына 1 000 км

5 312 км қажеттілік (2010-2014 ж. жоспары)

10 233 км қажеттілік (2015-2019 ж. жоспары.)

5 901,9 км қажеттілік (2020-2029 ж. жоспары)

Барлығы 21 449,9 км

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Фракциалық қиыршық тас

млн. м3

35,04

175,2

337,6

194,7

707,5

2

Құм

млн. м3

14,76

73,8

142,3

82

298,1

3

Бетон

млн. тонна

7,42

37,1

71,5

41,5

150,1

4

Цемент

млн. тонна

2,94

14,7

33,6

19,3

67,6

5

ҚҚҚ

млн. м3

1,22

6,1

121,6

70,1

197,8

6

Битум

млн. тонна

1,28

6,4

12,4

7,1

25,9

      Қазақстанда жолдарды салу және қайта жаңарту белсенді жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстандағы ең ірі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автокөлік дәлізін ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды, ол Батыс Еуропа елдеріне шыға отырып, Қазақстан мен Ресей аумағы арқылы өтеді. Жоба құрамында Орталық Азия елдерiнен, оның iшiнде Өзбекстан мен Қырғызстаннан дәлізге шығатын барлық жолдарды қайта жаңарту көзделеді. Маршруттың жалпы ұзақтығы 8 445 км құрайды, оның iшiнде: Ресей бойынша – 2 233 км, Қазақстан бойынша – 2 787 км (2 552 км қайта қалпына келтiруге жатады), Қытай бойынша – 3 425 км.
      Қазақстанда көлік дәлізі, Қазақстан халқының жартысынан сәл ғана аз 7,9 млн. адам тұратын бес облыс (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы) аумағы арқылы өтеді. 2 452 км жол қайта жаңартуға жатады (Ақтөбе облысында - 358 км, Қызылорда облысында - 817 км, Оңтүстік Қазақстан облысында - 458 км, Жамбыл облысында - 480 км, Алматы облысында - 339 км).
      Қазіргі балама дәліздермен салыстырғанда бұл жобаның негізгі артықшылығы (Транссіб автожолы, Суэц арнасы арқылы теңіз жолы) оның ұзақтығы мен жолда болу уақытында болып табылады.
      2012 жылы автожолдарды жөндеуге және ұстауға 27 млрд. теңге бөлінеді. Бұл шамамен 1 245 км жол желісін ретке келтіру мүмкіндігін береді.
      Халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәліз учаскелерін, сондай-ақ Алматы - Астана - Петропавл, Самара - Шымкент, Омбы - Майқапшағай, Бейнеу - Ақтау, Астана – Қостанай - Челябі және Таскескен – Бақты автомобиль жолдары учаскелерін қалпына келтiру жұмыстары жалғасуда.
      «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бюджеттен қомақты үлес алады, оны іске асыруға 179 млрд. теңге бөлінген. 2012 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша Жамбыл және Қызылорда облыстарының 750 км жол-көлiк желiсінде қозғалыс ашылатын болады. Бұдан басқа, республикалық бюджеттен ұзақтығы 1 228 км болатын 35 объектідегі жұмыстар қаржыландырылады, олардың - 18-і жаңа (662 км) және 17-і – ауыспалы (566 км).
      Қазақстанның климаты күрт континентальды, бұл асфальт жолдардың қызмет ету мерзімін ұлғайту жөніндегі іс-шараларды қиындатады. Тәжірибе жолдарды асфальтпен жабудың шектеулі ресурстарын көрсетіп отыр. Мысалы, Германияда 30 градус аязда асфальттық жол төсемдері көптеген жарықтарды және шұңқырларды жабады. Ал, Қазақстанда Цельсий бойынша аяз 50 градусқа жеткенде, қолда бар материалдардан сапалық сипаттамасы жағынан асып түсетін материалдарды енгізу қажет.
      Негiзгi құрылыс материалдарын тұтынуды және импортты талдау.
      Құрылыс материалдары бойынша импорттың өткiзiлген талдауы әлеуетті мүмкiндiктердiң бар екенін көрсетедi. 2020 жылға қарай импорт алмастыру болжамы жасалған.
      Құрылыс материалдарын тұтынуды талдау бағалық болсын, сондай-ақ сапалық болсын сипаттамалары сияқты бірқатар позициялар бойынша отандық өндiрушiлердiң бәсекеге қабілетінің төмендігін көрсетеді. Импортты талдау отандық өндiрушiлердің қайта өңдеу деңгейі өте жоғары құрылыс материалдарының өндiрiсі саласындағы позициялары әлсiз екенін көрсетеді.

      5-кесте. Құрылыс материалдарының импортын талдау

Р/с №

Атауы

2011

2020

Импорт

Өндіріс

Импорт

Өндіріс

1

2

3

4

5

6

1

Табақты шыны

100

0

15

85

2

Керамикалық тақталар

100

0

40

60

3

Радиаторлар

92,7

7,3

20

80

4

Арматура (сым және шыбықтар)

17

83

1

99

5

Ағаш конструкциялар

78,9

21,1

40

60

6

Полиэтиленнен және пластмассадан жасалған құбырлар

61

39

10

90

7

Күйінді және минералды мақта

60

40

1

99

8

Металл құбырлар

42,5

57,5

1

99

9

Раковиналар, жуғыштар, ванналар

61,2

38,8

20

80

10

Цемент

12

88

10

90

11

Кірпіштер

11,2

88,8

1

99

      Негiзгi құрылыс материалдарының өндiрiсi

       Ішкі сұранысқа негізделетін сала ретінде отандық құрылыс материалдарының тапшылығын жою және құрылыс кешенін дамыту үшін сұраныстың болуы, өндірістік-инфрақұрылымдық және технологиялық базалар, өнімдерді, жинақтаушыларды және жабдықтарды жеткізуге жұмсалатын көліктік шығындар басым факторларға айналады.

      6-кесте. Қазақстанның өңірлері бойынша қуаттардың орташа жүктелуi

Р/с

Облыстар

Қуаттардың жүктелуі

1

2

3


Қазақстан Республикасы

46,0

1

Ақмола

40,0

2

Ақтөбе

40,0

3

Алматы

50,0

4

Атырау

60,0

5

Батыс Қазақстан

60,0

6

Жамбыл

40,0

7

Қарағанды

40,0

8

Қостанай

40,0

9

Қызылорда

55,0

10

Маңғыстау

50,0

11

Павлодар

40,0

12

Оңтүстік Қазақстан

40,0

13

Солтүстік Қазақстан

60,0

14

Шығыс Қазақстан

35,0

15

Астана қаласы

50,0

16

Алматы қаласы

40,0

      Салалардың осы тобының жаңа өндiрiстерiн орналастыру дәстүрлi секторлар кәсiпорындарымен қатар, Алматы, Астана қалаларында жүргізілетін болады. Салалық мамандану орталықтары: Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Атырау қалалары болып табылады.
      Цемент зауыттарын салу және жаңғырту, сондай-ақ керамика, шыны, гипс блоктарды, жеңiл құрылыс панельдерiн, құрғақ құрылыс қоспаларын шығару жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру шикізат базасына және өткізу нарықтарына бағдарланады (Ақмола, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстары).

      7-кесте. Өңірлер бойынша жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар

Р/с

Атауы

Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар

Өндірістік қуаты, млн. теңге

Жоспарланатын жобалар, индустрияландыру карталары бірл.

1

2

3

4

5


Қазақстан Республикасы

1 254,0

185 307,7

59

1

Ақмола

44,0

4 968,8

3

2

Ақтөбе

62,0

16 257,5

2

3

Алматы

160,0

22 440,0

1

4

Атырау

33,0

3 371,8

1

5

Батыс Қазақстан

38,0

3 819,0

3

6

Жамбыл

64,0

13 071,3

5

7

Қарағанды

136,0

12 603,5

4

8

Костанай

40,0

4 911,5

2

9

Қызылорда

21,0

9 813,8

1

10

Маңғыстау

53,0

8 382,0

3

11

Оңтүстік Қазақстан

107,0

13 134,0

16

12

Павлодар

73,0

3 867,3

6

13

Солтүстік Қазақстан

14,0

520,8

1

14

Шығыс Қазақстан

64,0

24 813,0

3

15

Астана қ.

122,0

19 431,3

2

16

Алматы қ.

223,0

23 899,5

6

      2020 жылға дейiн ғимараттарды салу үшiн пайдаланылатын құрылыс материалдарына, яғни кiрпiш, цемент және т.б. деген сұраныстың артуы болжанып отыр. Құрылыс көлемінің ұлғаюы және құрылыс өнiмдерінің осы түрлеріндегі қазақстандық қамтудың өсуі олар дайындалатын бастапқы материалдарға тікелей байланысты болады.

      8-кесте. Қазақстанның қажеттiлігiн құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету ресурстарының теңгерімі

Р/с

Көрсеткiш

Өлшем бірлігі

Кәсіпорындардың саны 431 бірлік

Жүктелуі%

2011 ж өндіріс фактісі

Ішкі тұтыну

Қуаттығы өте жоғары болғандағы профицит

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Металдан жасалған раковиналар, жуғыштар және ванналар

млрд. тг.

1

15

1

2

+9

2

Цемент

млн. тонна

8

61

7

8,4

+4

3

Цементке арналған қоспалар

мың тонна

18

60

600

619,5

+380

4

Бұрыштар

мың тонн

4

40

109,5

116

+249

5

Бетон бұйымдар

млн. тонна

68

35

4,9

4

+10

6

Саз және каолин

млн. тонна

20

60

2,6

2,2

+3

7

Бор және доломит

мың тонна

18

60

785

793

+515

8

Кірпіштер

млн. тонна

110

50

2,6

2,9

+2,3

9

Құрылыс ерітінділері

млн. тонна

35

39

0,5

0,5

+0,8

10

Табиғи құм

млн.

тонна

26

50

8

8

+8

11

Асбест

мың тонна

3

53

222

57

+363

12

Есіктер, терезелер, терезе жақтаулары

мың тонна

34

40

22

24

+31

13

Гипсокартон

млн. шаршы метр

21

15

33

34

+191

14

Төсемтас, жиек тастар

мың тонна

15

29

15

19

+34

15

Күйiндi мақта және минералды мақта

мың тонна
 

10

5

16

39

+284

16

Этиленнiң полимерлерi-нен жасалған құбырлар

мың тонна

44

32

63

183

+15

      Ресурстармен қамтамасыз етілу теңгерімі қазақстандық нарықтың құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілуін және құрылыс салу көлемін ұлғайту, жаңа бағдарламаларды қамтамасыз ету қажеттілігі туындаған жағдайдағы нарық икемділігін анықтайды.
      Цемент
      Цемент өндiру Қазақстанның бес облысында жүргізiледі: Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды. Қазақстан Республикасындағы барлық құрылыс материалдарының өндiрісіндегі цементтiң үлес салмағы 2011 жылы 11,5 % құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 1,5 % артық. Бұл көрсеткiш осы тауарға сұраныстың артуын және өндiрiс көлемiнің өсуiн индекстейді. Таза цемент өндiрудің жалпы көлемi 2010 жылы 3 676,3 мың тоннаны, ал 2011 жылы 4 339,5 мың тоннаны құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 28 % артық. Қазақстан бойынша жалпы динамика тұрақты болып қалады.
      Қазірігі кезде «Қолжетімді тұрғын үй 2020», «ТКШ жаңғырту», «Ақбұлақ» бағдарламаларын және мұнай саласы мен инфрақұрылым объектілерін салу қажеттiлігі есебінсіз жолдарды салу және қайта қалпына келтiруді iске асыру салдарынан цементке деген сұраныс 8,4 миллион тоннаны құрайды. Сегіз зауытты қосқанда, өндірістік қуаты 8,2 миллион тоннаны, яғни 97,6 % құрайды. Қазақстанның құрылыс секторының жұмыс тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн өңірлер бойынша цементті тұтыну және өндіру картасын есепке ала отырып, 2013 жылға дейiн Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарында цемент өндiрісінің тағы бес объектісін енгiзу жоспарлануда. Сондай-ақ жылына қайта өңдеудің жалпы қуаты 2 100 мың тонна болатын клинкерлі цемент терминалдарын (бұдан әрі - КЦТ) енгiзу жоспарлануда, оның құрылысы жуырдағы екі жылға белгіленген.
       Қабырғалық материалдар
      Қазіргі уақытта құрылыс секторында мынадай қабырғалық материалдар қолданылады: кеуекті бетондар сыныбына жататын силикат кiрпiштер, керамика кiрпiштерi, қож блоктар, көбiктi блоктар және газ блоктар. Кiрпiш, черепица және күйген саздан жасалған басқа құрылыс бұйымдарын өндiрудің нақты көлемi 2008 жылы 254,4 мың тоннаны, ал 2011 жылы тек 9 айында 534,4 мың тоннаны құрады. Отқа төзімсіз керамикалық кiрпiштер Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлiк өндiрiледі. Осы саладағы көшбасшы Алматы облысы болып табылады, 2011 жылдың 9 айында жалпы 157,7 мың текше метр өндірілді. «Құрылыс материалдары» ЖШС (Алматы), «Керамика» АҚ (Ақтөбе обл., Хромтау қ.), «Талап» ЖШС кірпіш зауыты (Атырау), «ENKI» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы), «Кереге – Астана» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы) сияқты кәсiпорындар және т.б. жұмыс iстейдi.
       Темірбетон бұйымдары
      Қазақстанда бетон бұйымдарын өндiру құрылымындағы қомақты үлес бетоннан жасалған құрылыстық құрастырмалы конструкцияларға тиесілі – 41 %. Есептеулер бойынша бетоннан жасалған бұйымдарды тұтыну көлемі 2010 жылы 6 %-ға қысқартылды, ол өндіріске әсер еткен жоқ. 2008 – 2011 жылдар аралығында ішкі тұтыну меншікті өндіріс есебінен іс жүзінде толығымен жабылды. Тұтынудың орташа жылдық өсу қарқыны 2002 - 2007 жылдары 59 % құрады. Қазақстан Респубикасы Статистика агентігі ұсынған деректерге сәйкес қазіргі кезде Қазақстанда 411 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 199 кәсіпорын қабырға блоктарын, 198 кәсіпорын құрастырмалы темiрбетонды және бетон конструкцияларын, 75 кәсіпорын асфальтты бетон шығарады. Қазіргі кезде "Стройдеталь" ЖШС (Ақтөбе облысы), «УПТК» ЖШС (Атырау облысы), «Құрастырмалы темір бетон өндірістік бірлестігі» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), «Жамбылхимстрой» ЖШС (Жамбыл облысы), «Бином Строй-Деталь» ЖШС (Жамбыл облысы) және т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.
       Болат илек
      Бүгiнгi күні Қазақстан Республикасының аумағында 5 кәсiпорын жұмыс iстейдi. Орналасу географиясы мынадай: республиканың орталық өңірінде бір кәсіпорын, біреуі солтүстік өңірде, біреуі шығыс өңірде, біреуі батыста және оңтүстікте. Кәсiпорындарды толықтай жүктеген кезде жылына арматураның жиынтық өндiрiс қуаты 805 мың тонна. Бүгінгі күні импорт 620 мың тоннаны құрайды. Статистика деректері бойынша 2011 жылдың желтоқсанына өндiрiс 130,5 мың тоннаны, ал жүктеме 17 %-дан астамды құрады. Барлық мемлекеттiк бағдарламалар бойынша жиынтық қажеттілік 718 мың тоннаны құрайды. Осылайша, Қазақстанның осы қажеттілікті өз күшімен жабуға жағдайы бар. «Қолжетімді тұрғын үй  -2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылға қарай осы саладағы отандық өндiрiс үлесі 99 % құратын болды. Қазіргі кезде «Каспиан Сталь» ЖШС (Маңғыстау облысы), «Кастинг» ЖШС (Павлодар облысы), «Жаңатас Металлургия Комбинаты» ЖШС (Жамбыл облысы), «АрселорМиталл Теміртау» АҚ (Қарағанды облысы) сияқты кәсіпорындар жұмыс істейді.
       Табақты шыны
      2011 жылы Қазақстандағы шынының жалпы нарығы 70 000 мың тоннаға бағаланды және соңғы бірнеше жылда 25%-ға өсті. Бұл материалға деген сұраныс күннен-күнге өсіп келе жатқанына қарамастан, республика аумағында табақты шыны өндіретін бірде-бір кәсіпорын жоқ. Қазақстанда табақты шыны өндірісі болмағандықтан, құрылыс индустриясындағы орта және шағын бизнес субъектілері елдің ішкі нарығында пайдаланылатын материалдың 100%-н импорттайды.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Ақтөбе облысының әкімдігі балама жобалар бойынша ТЭН-ді әзірлеп жатыр. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша зауыттың орналасу орны (Қызылорда және Ақтөбе облыстары) және жабдықтарды жеткізушілерді (Қытайлық немесе Еуропалық компаниялар) таңдау айқындалады.
      Сұранысты қанағаттандыру үшін бір зауыт салу жеткілікті, себебі көршілес мемлекеттерде нарықты толығымен шынымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар бар.

       Отандық өндірушілер үшін тауашалар

       «Тауаша» бағыттары бойынша жаңа өндірістерді құру құрылыс материалдарын тұтынуынға деген отандық өндірістің үлесін ұлғайту құралдарының бірі болып табылады. Оларға мыналар жатады:
      1) табақ шыны өндірісі бойынша зауыт салу. Зауытты орналастыру туралы шешім балама жобалар бойынша ТЭН аяқталғаннан кейін
қабылданатын болады. Жоспарланған өндірістік қуаты тәулігіне 500 тоннаны құрайды (жылдық қуаты 145 909 тонна);
      2) өңірлерде маусымдық сұранысты нивелирлеу үшін республиканың бірқатар облыстарында цемент терминалдарының жүйелерін ұйымдастыру;
      3) Ақтөбе облысының Хромтау қаласында қуаты жылына 200 мың тонна болатын саз өңдеу кәсіпорнын ұйымдастыру;
      4) санфаянстық және сантехникалық бұйымдардың өндірісін ұйымдастыру;
      5) Алматы қаласында қуаты 105 мың тонна болатын арматура зауытын салу;
      6) Қарағанды облысында лифтілік жабдық шығаратын өндіріс ұйымдастыру;
      7) едендік жабындардың өндірісін ұйымдастыру;
      8) гидроқшаулау материалдарының өндірісін ұйымдастыру.
      Барлық жүктемелер мен жаңа өндірістерді енгізуді ескере отырып, 2020 жылға қарай отандық өндірістің үлесін 65-тен 90%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл ретте құрылыс материалдарының жеке түрлері бойынша 2020 жылға қарай: шыны - 85; арматура, металл құбырлар, кірпіш, қож мақта мен минералды мақта - 99; цемент - 90; керамикалық тақталар-60; радиаторлар, полиэтилен құбырлар, раковиналар - 80; ағаш конструкциялар - 60% үлесті құрайды.

       Құрылыс материалдарын өндіруді ынталандыру жөніндегі шаралар

       «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасында көзделген белсенді құрылыс салу және қайта қалпына келтіру жұмыстары шеңберінде шешілуі қажетті негізгі проблемалардың бірі осының алдында аталып өткен құрылыс материалдарының қолда бар өндірістік қуаттарының төмен жүктелуі болып табылады.
      Өндірісті ынталандыру бойынша мемлекет тарапынан мынадай шаралар қарастырылуда:
      1) кәсіпорындарды жүктеу үшін ұзақ мерзімді шарттар жасасу және қажеттігіне қарай өндірісті кеңейту; - үйлердің үлгілік жобаларына отандық өнімнің техникалық сипаттамасын енгізу;
      2) сауда үйлерін ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      3) Кеден одағы шеңберінде шекара бойындағы ынтымақтастықты нығайту.
      Бұдан басқа, индустриялық-инновациялық қызметті және кәсіпкерлікті қолдайтын «Өнімділік 2020», «Экспорттаушы 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» сияқты қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде құрылыс материалдары өнеркәсібі кәсіпорындары қаржылық көздерге және экспортты жылжыту үшін мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алады. Бұл оларға мынадай проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:
      1) жаңғырту үшін қарыз қаражатына қолжетімділікті қамтамасыз ету, сыйақы мөлшерлемесін төмендету есебінен олардың тартымдылығын арттыру, жеңілдік кезеңінің неғұрлым ұзақ мерзімдері, кәсіпорындардың өнімін тұтыну маусымына төлемдерді байланыстыру;
      2) жаңғырту процесіне жобалық және инжинирингтік білікті ұйымдарды тарту және оларды жұмылдыру жөніндегі шығындарды мемлекеттің ішінара өтеуі;
      3) инновациялық, оның ішінде жабдықты шетелден сатып алуға және оны жергілікті жағдайларға бейімдеуге гранттар беру;
      4) өндірушілер үшін қолжетімділікті арттыру, шығындарды ішінара өтеу есебімен шетелдік мамандарды тарту;
      5) қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу;
      6) экспортты жылжытуды қолдау.
      Инновацияларды және трансферттер технологияларын енгізуді мемлекеттік қолдаудың ең тиімді құралы – мемлекеттік бағдарламалар
бойынша іске асырылатын үлгілік жобаларға және жобаларға техникалық шешімдерді міндетті енгізу болып табылады.
      Энергия үнемдеу саласында индикативті нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етпейтін не «лас» технологиялармен немесе ескірген технологиялармен өндірілетін құрылыс материалдарын тұтынуды немесе еңбек өнімділігін шектеуді ғимараттар мен құрылыстарды жобалау сатысында енгізу қажет.
      Сондай-ақ кепілді тапсырыс жергілікті технологияларға не ерекше жергілікті шикізат базасына бейімделген ішкі стандарттарды енгізу
арқылы отандық қамту көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді.
      Қазақстанда қаңқалы-панельді үй салудың ең озық технологияларын дамытуды қолдау мақсатында жобалардың өзін-өзі ақтауы кезеңінде осы зауыттарды мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз ету шаралары көзделген.
      Қазақстан Республикасында инновациялық саясатты практикалық тұрғыдан іске асыру мақсатында мемлекеттік даму институттарының жүйесі құрылды, бұл институттарды жоғары технологиялық жаңа өндірістерді ұйымдастырудың сенімді құралы ретінде отандық және шетелдік әріптестері мойындаған.
      Даму институттарының негізгі миссиясы – экономиканы жаңғырту және әртараптандыру, елімізді әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа деңгейіне шығару салаларында маңызды мемлекеттік мақсаттарды орындау үшін отандық бизнестің мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін арттыру және іске асыру болады.
      Даму институттары арқылы мемлекет қосылған құнның технологиялық және экономикалық тізбегін жүйелі дамыта отырып, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын өндірістердің біртұтас жүйесін құруға бағытталған жобаларға қатыса алады. Бұл бәсекеге қабілетті өнімнің барлық өлшемдеріне сай келетін түпкілікті өнімге жұмыс істейтін көп салалы кәсіпорындарды құруға мүмкіндік береді.
      Тұтастай алғанда, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу құрылыс материалдарын өндірушілерге бәсекеге қабілеттілікті импорттық тауарларға қатысты ғана емес, іргелес елдерге бірқатар тауар позициялары бойынша экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологияларды ендіруге мүмкіндік береді»;
      «Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      «Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау» деген 5-кіші бөлім мынадай мазмұндағы 33-1, 33-2, 33-3, 33-4, 33-5, 33-6 және 33-7-жолдармен толықтырылсын:

      «

33-1

«Өнімділік 2020» бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қолдау шеңберінде құрылыс индустриясының жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын жаңғырту және құрылыс материалдарын өндіру

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

2012-2014 жж.

-

Бағдарламаларда көзделген қаражат

33-2

Индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жобаларды іске асыру және оларды іске асыру барысының мониторингісі

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

2010-2014жж.

-

Жеке және қарызға алған қаражаты

33-3

Тұрғын үй объектілерінің құрылысы үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және әкімдіктер бөлетін қаражат есебінен индустрияландыру картасына кірген жобаларды және жұмыс істеп тұрған жобаларды жүктеу

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ, ҚЖТКШІА, ЖАО, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2012-2014 жж.

-

Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен

33-4

«Дағдарыстан кейін қалыпқа келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)» бағдарламасы бойынша құрылыс индустриясы кәсіпорындарына қолдау көрсету

Үкіметке ақпарат

Қаржымині, ИЖТМ, ЭДСМ, ЖАО

2012-2014 жж.

-

Бағдарламаларда көзделген қаражат

33-5

«Экспорт 2020» бағдарламасы шеңберінде тауарларды жылжыту

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

2012-2014 жж.

-

Бағдарламаларда көзделген қаражат

33-6

Құрылыс индустриясының кәсіпорындарына консультациялық қызметтер көрсету

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

2012-2014 жж.

-

Талап етілмейді

33-7

Үй құрылысы комбинаттарын ұйымдастыру

Үкіметке ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2014 жж.

-

Талап етілмейді

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады