«Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1221 қаулысына баспасөз релизі
«Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1221 қаулысы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 17-11) тармақшасының негізінде қабылданды.
Қаулы орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Қаулыға «Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен ҚР АШМ жанындағы Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестің ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың оң қорытындысы бар.
Қаулы ормандарды қорғау жөніндегі шараларды көздейді, бұл ретте оны іске асыру жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуға немесе ұлғайтуға ықпал етпейді.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі