Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1239 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1239 қаулысына пресс-релиз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Алматы қаласында қазақстан-ауғанстан үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі О. Бітімов қол қойды.
      Осы Келісім Ауғанстандағы қазақстандық инвесторлардың, Қазақстандағы ауғандық инвесторлардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді, сондай-ақ елдер арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.
      Келісімде Қазақстан Республикасының қолданыстағы инвестициялық заңнамасында көзделгендегіден өзге инвесторлар құқығын қорғауды қамтамасыз ету, экспроприация мен мемлекет меншігіне алу кезінде инвесторларға қосымша кепілдіктер беру бөлігіндегі басқа ережелерді бекітетін бірқатар ережелер қамтылған.

      Қазақстан Республикасы
      Экономикалық даму және сауда
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз