"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1263 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 қаулысымен

"Теле -, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1263 Қаулысына
Баспасөз-релизі

      Қаулымен «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері және тәртібі көрсетілген, мемлекеттік қызмет стандарты бекітілген.
      Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi көрсетедi.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, немесе уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен  куәландырылған электронды құжат нысанында не қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәкілетті органның дәлелді жауабын беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті уәкілетті органнан немесе «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы алуға болады.
      Мемлекеттік қызмет ақы негізінде көрсетіледі. Лицензиялық алымның төлемі 6 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Лицензия қайта ресімделгені үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10% құрайды, алайда ол 4 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
      Лицензиялық алым төлемнің көлемін және төленген күнін растайтын құжатты (түбіртек) беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді.
      Мемлекеттік қызметті алуға электронды сауал портал арқылы тапсырылған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны беру қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы немесе оның өкілі тапсырған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Лицензияны қайта ресімдеу қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы немесе оның өкілі тапсырған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Қаулы Министрліктің интернет-ресурсында орналасқан: www.mki.gov.kz («Нормашығармашылық қызметі» бөлімінің «Нормативтік-құқықтық актілер (Ақпарат басқармасы)» бөлімшесінде).

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз