Баспасөз релизі
2012 жылғы 08 қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Мәсімов «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
Осы қаулыны қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасы «Дене шынықтыру және спорт туралы», 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2012 жылғы 27 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2012 жылғы 28 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы», «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына, 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 ҚР «Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Үкіметі Қаулысына сәйкес келтіру болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды, оны іске асыру бюджет қаражатын жұмсауды талап етпейді.
Қазақстан Республикасы Спорт
және дене шынықтыру істері агенттігі