"Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1269 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 690-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына және «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ережеде:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Дiн iстері агенттігі (бұдан әрi – Агенттік) Үкiмет құрамына кiрмейтін, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.»;
      13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) діни қызмет және діни бірлестіктердің, миссионерлер мен діни (рухани) білім беру ұйымдарының қызметі саласында елде болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiкке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
      14. Агенттiк қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      2) дiни ахуалдың дамуын, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және діни (рухани) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеу мен талдауды жүргiзедi;
      3) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      5) өз құзыретiне жататын мәселелер жүргізуді бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады;
      6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
      7) дiнтану сараптамаларын және діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдерін тексеруді қамтамасыз етедi;
      8) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
      9) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгiзедi;
      10) заңнамада белгіленген жағдайда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;
      11) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
      12) шет мемлекеттердiң діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      13) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
      14) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауына келісім береді;
      15) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп бейінін өзгерту (функционалдық мақсатын өзгерту) мәселелерін келіседі;
      16) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді жүргізеді;
      17) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ діни қызмет саласындағы келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, соның ішінде халықаралық құжаттарды әзірлейді және жасайды;
      18) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ресми түсініктемелер береді;
      19) өз құзыретi шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      20) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      21) Агенттіктің өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуі кезінде тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады