Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысына баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1271 қаулысын әзірледі, ол мынадай:
1) «санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлерін беру»;
2) «жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
3) «мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсетулерді регламенттейді.
Аталған қызметтерді Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі департаменттері көрсетеді. Қызметтер 2013 жылы автоматтандырылады және тегін көрсетіледі.
Қазіргі уақытта Жоба мемлекеттік органдармен келісілді және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне бекіту үшін енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі