Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың кестесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1274 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысымен

«Магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың
кестесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1274 қаулысына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      Осы қаулымен «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау кестесін қалыптастыру тәртібі айқындалған.
      Қағидаларға сәйкес Магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау кестесі (бұдан әрі - кесте) магистральдық құбырдың меншік иесінің не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның немесе олардың атынан осындай қызметтер көрсетуге уәкілетті оператордың және мұнай жөнелтушінің арасындағы тиісті шарттар ескеріле отырып әзірленеді.
      Кестені әзірлеу кезінде уәкілетті орган белгілейтін көлемдерде Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері ескерілуге тиіс.
      Кестені жасау үшін жөнелтушілер уәкілетті органға есепті жыл басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын нысан бойынша мұнай тасымалдауға арналған өтiнiм ұсынады, кестеден үзіндіні қалыптастыру үшін жөнелтушілер ай сайын уәкілетті органға есепті айдың алдындағы айдың он күнінен кешіктірмей нысан бойынша өтiнiм ұсынады.
      Кесте есепті жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін бекітіледі және тиісті операторлардың назарына жеткізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз