"Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1275 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

«Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

      2012 жылғы 8 қазандағы «Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1275 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) қабылданды.
      Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 80-тармағына сәйкес әзірленді.
      Енгізілген өзгерістер газды алау етіп жағуға рұқсат беру процедурасын жүзеге асыруда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісуді алып тастауды көздейді.
      Осы қаулыны қабылдау рұқсат беру құжатын оңтайландыруға ықпал етеді және теріс әлеуметтік-экономикалық салдар мен республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды туғызбайды.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз